«Жүзден жүйрік»

49

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

  1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
  2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.

Барысы: 1. Кіріспе сөз;

  1. Спорттық жарыс;
  2. Қорытынды сөз. Марапаттау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші:        Ал, құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.

Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Бүгін оқушылар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

  1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6. Арқан тартыс.

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Денсаулық – шексіз бақыт,

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.

1.« Допты ойын».

Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп  келеді де, допты келесі оқушыға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

  1. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.

Ойын шарты: Әр топтан бір бір оқушыдан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.

Жүргізуші:          Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.

4.Сайысымыздың келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: Әр топтан бір-бір оқушы шығып, нысананы көздеп ату..

5.«Секірмек».

Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.

6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.

Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің тыңдайық

Жүргізуші:  Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

 

Жүргізуші:  Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.