«Қонақ бөлмесі» 3 сыныбында «Менің шешем» 4 сыныбында

96

 

Тақырыбы: «Қонақ бөлмесі» 3 сыныбында «Менің шешем»  4  сыныбында

Сабақтың мақсаты:

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту, оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен тақырыпты естеріне түсіріп, жаңа тақырыпты қорытындылау;

Дамытушылық- оқушылардың сөздік қорларын байыту, тіл байлығын кеңейту;

Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу;

 

Типі: Сұрақ – жауап

Эпиграф: «Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі- тіл, бірі- ділің жүректегі»

Ж..Баласағуни.

 

Көрнекілігі: слайд, суреттер, сөз жұмбақ, карточкалар.

 

Сабақ барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезені

  1. Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырындар. Сыныпта кім жоқ? Жақсы, рахмет, отырындар?

2.- Бүгін нешесі?

— Жыл мезгілі қандай?

— Күз айларың атаңдаршы?

— Аптаның қай күні?

 

  1. Үй жұмысын тексеру

3 сыныпта- 1 тапсырма, 62 бет

4 сыныпта- 5 тапсырма, 71 бет (мәтін аудару)

 

III. Өткенді қайталау

«Біздің отбасымыз» тақырыбына қайталау.

Балалар, біздің Казақстан Тәуелсіздігіне неше жыл болды?

(20 жыл толды)

-Дұрыс, балалар Тәуелсіздікке 20 жыл.

— Ендеше, бізге сабағымызға Тәуелсіздік білім поез келіп тұр.Ол бізге қайталауға әр түрлі тапсырма алып келді. (Атаға, Әжеге, Әкеге, Анаға, Ағаға, барлық отбасы мүшелеріне)

— Бәріміз белсенді болып, тапсырманы орындайық.

— Бірінші вагонға назар аударайық, Атаның тапсырмасың орындайық –

а) Сен нешедесің?

в) Отбасыңда неше адам бар?

«Отбасы мүшелері» өз тапсырмаларының сұрақтарына жауап береді.

 

  1. Жаңа тақырып.

Бесінші модульдің тақырыптары:

3 сыныпта «Менің қонақ бөлмесі»

4 сыныпта  «Менің шешем»

 

Балалар, өмірдегі ең қымбатты, ардақты жан- Ана. Ананы сыйлау, құрметтеу, қадірлеу- әрқайсымыздың парызымыз. Ананың  орны ерекше болады. Отбасы болған соң, отбасы мүшелері белгілі бір үйлерде тұрады.

Мысалы: Школьная көшесінде 30 үйде, 1 пәтерде Алина тұрады.

Данил, сен қай үйде тұрасын? Үйің қай көшеде? Үйде неше бөлме бар?

Менің үйім Байшагиров көшесінде. Үйде төрт бөлме бар.

Дұрыс, Данил.

Барлық оқушыларда үйлері бар, әр–түрлі бөлмелері бар.

Біз бүгін «Қонақ бөлмесімен» танысамыз.

Қонақ бөлмемізде не бар? (Тақтада сурет)

Қонақ бөлмеде диван бар, үй жиһаздар тұр,жерде еденде кілем жатыр, ортада үстел тұр, үстінде гүл тұр. Бөлме өте әдемі.

Ендеше осы бөлмеге біз қонақ болайық.

  1. Сергіту сәті.

 

  1. Кітаппен жұмыс

3 сыныпта жаңа сөздерді аудару

4 сыныпта – 5 тапсырма орындау, 70 бет. (Сөйлем жазу)

 

VII. Бекіту.

Көрініс. Отбасы мүшелерімен «Қонақ бөлмесіне» қонаққа бару.

(Балаларға қонақта сөз жұмбақ береледі)

Балалар, біздің Тәуелсіздік поезі қайтыу асығыс, бізге бекітуге тағы сұрақтар берді

(Мысалы: Шешенің тапсырманың орындайық)

— Сен қай ауылда тұрасын? Пәтерінде неше бөлме бар? Қонақ бөлмесі бар ма?

«Отбасы мүшелері» өз тапсырмаларының сұрақтарына жауап береді.

Балалар, біз Тәуелсіздік поезінан көп білім  алдық,  оған рахмет айтамыз.

 

    VIII. Бағалау. Қорытынды.

Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Не ұнады?

    IX.Үй тапсырмасы:

3 сыныпқа- 3 тапсырма, 72 бет (жұмбақ шешу)

4 сыныпқа- Мәтін аудару, 76 бет.