Семей қаласы

115

Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы

Мақсаты: Оқушыларға Семей қаласы туралы қысқаша әңгімелей білуді үйрету

Міндеті:

1.Тақырыпқа сай жаңа сөздерді үйрету.

2.Семей қаласы жайлы жалпы мағлұмат беріп, тақырыпқа сай сөздермен сөз тіркестерін құрап әңгімелей білуді  үйрету.

3.Өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, таратпа қағаздағы мәтіндер, «Артығын тап» ойнына арналған слайдтар, карточкалар, жаңа сөздер жазылған плакат

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, диалог,түсіндіру

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезі: амандасу, түгендеу, қызығушылығын арттыру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Қазақстанның қалалары» , буын түрлері.

Ойын: «Артығын тап». Шарты: 1 слайдта 4 қаланың аты берілген соның бірі біздің мемлекетте жоқ. Дұрыс жауапты тапқанда «қошемет» естіледі, дұрыс емес кезде «қоңырау» беріледі.

Жаңа сабақ:

1.Сөздікпен жұмыс: рухани-мәдени орталық – духовно культурный центр, ескерткіш – памятник, аспалы көпір – висячий мост, іргетасы қаланған – возложен фундамент

  1. Суретпен жұмыс: Семей қаласының көріністерімен таныстыру

2.1 сұрақ – жауап жүргізу

2.2 оқушыларға  сөз тіркестерін құрастырту ,

2.3 жаңа сөздермен сөйлем құрап дәптерге жазып , буын түрлеріне талдау.

2.4 Қала сөзін тәуелдеп дәптерге жазу.

Сергіту сәті «Туған қалам Семейім» әнін үнтаспадан тыңдап жаттығулар жасату

3.Мәтінмен жұмыс: оқу,аудару,сұрақ-жауап

Семей қаласы

Семей Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ірі қала. Семейде Ертіс өзені бар. Семей қаласы мемлекетіміздің рухани-мәдени орталығы. Семейде Абай , Шәкәрім , Мұхтар дүниеге келген. Қаламызда ірі орталықтар, саябақтар , кітапханалар бар. Қаламыздың іргетасы 1718 жылы қаланған.

  1. «Туған қалам — Семейім» тақырыбында суреттерді пайдаланып, сұрақ –жауап арқылы балаларға диалог жасату.

ІҮҚорытындылау : мақал жазғызу

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

Ү Бекіту: Ойын «Семейде осы бар ма?» тақтадағы суреттерді қолданып оқушыларға диалог жасату.

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырма

Реферат: «Семей қаласы»