«Аяулы күз, алтын күз» мерекесі

472

Кумганбаева Жанар Муратовна

Семей қаласы, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп» 

«Аяулы күз, алтын күз» мерекесі

Мақсаты:

Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілік: слайд, сахна безендірулер.

1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Аяулы күз, алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазтара даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

2 — жүргізуші:

Көбейді құт — береке,

Құтты болсын мереке,

Астық толы қоймамыз.

«Алтын күзді» тойламыз!

 

1 — жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

 

2 — жүргізуші:

Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды — дей келе бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысын бастауға рұқсат етіңіз.

 

1 — жүргізуші:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы кең дала,

Дариядай шалқар күз! – дей келе бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысына қатысатын топтарды ортаға шақырайық. Қол соғып, хошеметпен қарсы алайық.

 

1- топ: ______________________

2- топ: ______________________

3- топ: ______________________

4- топ: ______________________

5- топ: ______________________

1 — жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні боп келіп қапты гүлдер ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңызға, -дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:

1 –

2 –

3 –

 

2 – жүргізуші: 

— Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. «Біз біргеміз» /топ таныстыруы, кеуде тағар, ұраны, әні/
2. «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/
3. «Білгенге-маржан» /сұрақ жауап/
4. «Күз көркі»  /сән үлгісі, әр топтан 1 оқушы/
5. «Көрме» /үйден жасап әкелінген салат/

 

1-2 жүріргізушілер: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.

 

Ән шашу:  4 «Г» сынып оқушысы Турусбекова Адия «Ән шашу»

 

1- жүргізуші:
І – бөлім: «Біз біргеміз» /топ таныстыруы, кеуде тағар, ұраны, әні/

Салқын тартып түз демі

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, — дей келе бірінші топты ортаға шаруға рұқсат етіңіздер!

________________________

 

2 – жүргізуші:

Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне

Ортада екінші топ.

________________________

 

1- жүргізуші:
Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен

Момақансып, сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.

Үшінші топты қошеметпен ортаға шақырайық.

________________________

 

2 – жүргізуші:

Құлақ түрсең аңдай қағып,

Күз кеткендей әнге айналып

Жел сынсытса, қобыз тартып

Қыр тыңдайды таңдай қағып

Төртінші топқа кезек берсек

________________________

 

 

1- жүргізуші:

Алма пісті бағымда

Пісті балдай қауын да

Жүзімдер тұр мөлдіреп, үзер шағың келді деп

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға

Күз еңкейе береді

Жер жемісін тереді – дей келе ортаға бесінші топты шақырайық.

________________________

 

Ән шашу: 4 «А» сынып

2 – жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден – деп, ІІ бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/

 

1- топ: ______________________

2- топ: ______________________

3- топ: ______________________

4- топ: ______________________

5- топ: ______________________

 

Ән шашу:  4 «В» сынып оқушысы Мухаметханова Перизат өзбек биі

 

1 — жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз! – ІІІ бөлім «Білгенге-маржан» /сұрақ жауап/

/Музыка қосып топтарды ортаға шығару/

1- топ: ______________________

2- топ: ______________________

3- топ: ______________________

4- топ: ______________________

5- топ: ______________________

 

Ән шашу: 4 «Б»

 

 

 

2 — жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр бала әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен – ІҮ бөлім «Күз көркі»  /сән үлгісі, әр топтан 1 оқушы/

 

1- топ: ______________________

2- топ: ______________________

3- топ: ______________________

4- топ: ______________________

5- топ: ______________________

 

1 — жүргізуші:

Күзгі жеміс — жидектен

Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең! — деп,  «Күзгі дастархан» көрмесі.

— Әділқазылар алқасы әр топ жасаған салаттарды бағалайды.

 

2 — жүргізуші:

— Міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Алтын күз» сайысын анықтайтын уақыт жетті. Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша қалалық «Алтын күз» сайысының бас жүлдесін жеңіп алған   4 «В» сынып оқушыларның орындауында «Көңілді күн» әнін тамашалайық.

 

1 — жүргізуші:

Әділ қазы алқасы,
Берсін әділ бағасын — деп сөзді әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

/Мадақтау/

2 — жүргізуші:

Білім — теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, — деп отырып бүгінгі «Алтын күз» атты сайысымызды аяқтаймыз.  Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!