Кезектес салалас

33

Кезектес салалас

                 Сабақтың мақсаты: білімділік – кезектес салалас сөйлеммен танысады, салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді; дамытушылық – оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру; тәрбиелік – іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілі: топтық, ұжымдық, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқулықтар, бағалау парағы.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Дөңгелек стол», «Кубизм», «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Алгоритм», «Білесің бе?» ойындары.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар үй тапсырмасын өзара тексереді (жұппен, топпен).

  1. Қызығушылықты ояту

             Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға салалас құрмалас сөйлем туралы білетіндерін жазады, соңғы жзған оқушы оқиды.

  1. Мағынаны ажырату

             Оқулықтағы мәтінді оқып танысады. «Кубизм» стратегиясы бойынша:

  1. Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстыр.
  3. Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Оның қандай ерекшелігі бар?

Қолданыңыз. Кезектес салаласқа сөйлем ойла.

   Ой ашар. Өздері шығарған өлеңдері мен сүйікті ақын-жазушы шығармаларынан өлең оқыту.

«Алгоритм» ойынының сұрақтары

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?
  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

«Білесің бе?» ойынның шарты: мен сіздерге аяқталмаған сөйлем оқимын, ал сіздер алдарыңда жатқан парақтағы сөздерден дұрыс жауаптарын тауып, тез жауап айтуларыңыз керек.

   III. Ой толғаныс

Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша 116-жаттығуды тақтаға жазып талдату. Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік? (ауызша)

  1. Үйге тапсырма. Ереже. 118-жаттығу.
  2. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағын өткізеді.
  3. Қорытынды.

 

Бағалау парағы.

 

Топтағы оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы «Дөңгелек стол» «Кубизм» «Түртіп алу» Қорытынды