Қазақ тілін үйренейік

86

 

Тақырыбы:  Қазақ тілін үйренейік

Мақсаттары:

Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар арқылы пысықтау.

Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті оқыту, ойландыру, диалог құру.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Амандасу;
  3. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
  4. Оқушылардың іске тез арада қосылуы;
  5. Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы
  6. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық  және түсініп орындауын пысықтау.

— Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: — Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек?

— Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы жұмысқа орналасады.Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар,сан есім мен тұйық етістікті қайталайсыңдар.

Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына отырады.

1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе үшінші топ жалғастырады/:

Тіл жетпейтін түкпір … / жоқ/

Сөз — … /дүниенің сәні/

Сөйлесе білген, …  /үйлесе біледі/

Тілдің құлпы…/ тіс/

Тәтті сөз… / тас балқытады/

Халықтың тілі… / қайнар бұлақ/.

Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық етістікті септеу; 2 –топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді атау.

2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра аласыңдар.

1- ҚР рәміздері туралы;

2- қазақ тілі сабағы туралы;

3- ҚР спортшылары туралы.

3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель болсын. Жүргізуші : —  мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2 рет шапалақтайсыңдар,т.б.

4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі  3- тапсырма:

а) тапсырманы оқу,мәтінді оқу.

ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/.

б) тапсырмаларды орындау.

5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз

C
А
Н

 

 

Е
С
I
M

 

 

Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер.

6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал – мәтел, жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады.

7- Рефлексия.  Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа кластер құрып, жауап беріңдер.

8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін бағаласын.

— Бәрекелді,сабаққа  барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер  болашақта жақсы маман боласыңдар деп сенемін.

Үй тасырмасы: 216 – б.,  4 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.

Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет.