Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

129

 

Сабақтың  тақырыбы: Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:   білімділік – антонимдерді ойды әсерлі, көркем етіп етіп жеткізудің құралы ретінде пайдалана білуге үйрету;

Тәрбиелік – пайдаланған мәтіндер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру;

Дамытушылық – шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға жол ашу, пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.

Түрі : аралас сабақ

Әдісі : сұрақ-жауап, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі : кеспе қағаздар, түрлі-түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару; ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

92-жаттығуды тексеріп шығу.

1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.

3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

4) Антоним дегеніміз не? Мысалы.

Жаңа сабақ:

Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.   Тақтамен жұмыс:

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Жаманға шөп батады,

Жақсыға сөз батады.

  • Көз қорқақ, қол батыр.
  • Істеу қиын, сынау оңай.
  • Баланың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

 

  • Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

  • Аттан биік, қойдан аласа.
  • Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

Соғым үшін сайлап қойдым,

Бордақылап байлап қойдым

 

Кітаппен жұмыс : 93,94-жаттығулар. Шарты бойынша орындау.

 

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой

Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің … жақсы.

Дұшпанға тастай қатты бол,

… балдай тәтті бол.

Жолдасы жақсы жолды болар,

Жолдасы … қолды болар.

Ақыл – дос, ашу — …

Көп сөз – күміс,

…  сөз – алтын.

Қыс арбаңды сайла,

… шанаңды сайла.

 

Білімді пысықтау:  Венн диаграммасы

                                                  Омонимдер

 

 

 

 

 

 

 

Синионимдер                                                                    Антонимдер

 

 

 

Шығармашылық жұмыс: 99- жаттығу бойынша:

І қатар – «Туған күн»

ІІ қатар – «Дос қылығы»

ІІІ қатар – «Сиқырлы таяқ» (Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің? – осы сұраққа жауап болатындай мәтін жазыңдар, онда міндетті түрде антоним сөздер болсын)

 

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, 96-жаттығу шарты бойынша

 

Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.