Мектеп формасы керек пе?

210

Сабақтың тақырыбы: Мектеп формасы керек пе?
Сабақтың мақсаты: Мектеп формасы керек пе, жоқ па деген сауалға жауап іздеу, мектеп формасының маңыздылығын айқындау,  өзінің ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

Сабақтың міндеттері:

а) ойын еркін айтуға дағдыландыру;
ә) сөйлеу мәдениетіне баулу ;
б) шығармашылық, ізденушілік, комуникативтік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі : аралас, дебат, пікір-талас.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тұсаукесерлер, бейнетаспа.
І. Ұйыдастыру кезеңі:

Оқушыларды екі топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау, жақтаушы мен даттаушы жақтарды анықтау.

Сабақтың барысы:

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Саламатсыздар ма! Бүгінгі дебат сабағымызға қош келдіңіздер!
Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

Мектеп – білім ордасы, қасиетті жер деп айтсақ та артық болмас. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Оның дәлелі Әль-Фарабидің мына сөздері: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Оқушыны тәрбиелеу сыртқы келбетінен бастау алады.

Иә, «Адам көркі  —  шүберек»  —  дейтін болсақ, бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттердің ажарына әр беріп, қоғамдағы орнын айқындап тұратын оқушылардың киім үлгілерінің бірдей болғаны жақсы бастама болды деп ойлаймын. Жақсы жақтары белгілі бола тұра бүгінгі таңда бұл мәселенің өзіндік проблемалары да аз емес. Бірақ,  дегенмен, тәрбие, тәртіпті көтеру, оқуға ынталандыру, балалардың тең құқығын сақтау құралдарының бірі киім үлгісіне талабы болып табылады.

Осы аталған мәселе бойынша «Мектеп формасы керек пе?» деген сауалға жауап іздейміз, осы жауаптың шешуін сендер дәлелдейді деп сенемін.

1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған
бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.
2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарары бойынша
төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.
3.Әр топ бес ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны
бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікір – сайыс тәртібі:

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 3 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді.

Біріншіден, пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 5 минут уақыт алады.

Топтың атын таңдайды. Екі топқа «Келешек», «Болашақ», «Ақиқат», «Парасат» деген аттар таңдауға беріледі. Таңдаған атты неге, не себепті сол атты таңдағанын түсіндіреді.

Екіншіден, тайм-кипер, яғни уақытты бағалаушы – Жұмаділов Ілияс өзін таныстырып, атқаратын міндеттері туралы айтып, ережесін түсіндіреді.

Әр топ спикерлеріне белгілі уақыт беріледі. Регламент 3 минут. Әр минут сайын топ спикерлеріне белгі беріп отырады.

Үшіншіден, дебатта екі төреші болады. Төрешілер өздерінің міндеттері мен мақсаттары туралы айтып шығады – Бегалиев Саят, Тасмұқанов Ернар.

Осы аталған екі төреші әр спикердің сөздеріне талдау жасап, өз дауыстарын кімге беретіні және кімнің делелдері айқын болғанын айтады.

Топ жетекшілері: Қалмахан Айзада және Жұмабеков Амангелді. Әр қарсыластан кейін кімнің сөйлетінін айтып отырады.

Пікір – сайыс тәртібімен таныстырылып болғаннан кейін бейнетаспаға назар аударылады. Бейнетаспада мектеп формасы туралы жаңалықтан үзінді көрсетіледі.

Топ бес адамнан тұрады. Алғашқыда, төрт спикер өз ойларын дәлелдеп шығады. Ал қорытындылаушы жетекшілері болады.

Әр топ спикерлері өз ойларын айтып болғаннан кейін төрешілерге ақылдасуға уақыт беріледі. Олар ақылдасып болғанша, екі топқа тапсырма беріледі.

Тапсырма: екі топқа адамның бейнесі қиылған парақтар беріледі, сол парақшаларға мектеп формасының үлгісін жасап шығулары керек, яғни мектеп формасының қандай болғанын қалайтындықтары туралы. Тақтаға шығып не себепті екенін түсіндіреді. Екі топқа да 5 минут уақыттан беріледі.

Олар қорғап болғаннан кейін төрешілер сөз алады.

Қорытынды: сабақты бекітуге арнайы түсірілген бейнетаспа көрсетіледі (3мин).

Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!