Төрт түлік.

30

Сабақтың тақырыбы:  Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдері туралы мәлімет беру, олардың пайдасы туралы әңгімелеу.

Дамытушылық:  тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, көрнекілік, анализ-синтез.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) Амандасу

— Сәлеметсіңдер ме?

— Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Ә) Кезекшімен сұхбат.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
  • Табиғат.
  • Дұрыс. Ал табиғат деген не?
  • Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн…
  • Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
  1. Природа
  2. Весна
  3. Радуга
  4. Облако
  5. Гора
  6. Цветок
  7. Двор
  8. Апрель
  9. День

 

 

 

 

 

 

  • Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
  • Төрт түлік.
  • Иә.

ІІІ. Жаңа сабақ.

3.1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.

3.2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.

3.3.        1-жаттығу. 153-бет. Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.

3.4.        2-жаттығу. «Балық қаңқасы» оқыту техникасын пайдалана отырып, төрт түліктің төлін жаз.

 

 

 

 

 

 

түйе                сиыр             қой               жылқы          ешкі

 

3.5.               3-жаттығу. Сәйкестендір.

Түйе                                        маңырайды.

Жылқы                                    боздайды.

Сиыр                                         маңырайды.

Қой                                           кісінейді.

Ешкі                                         мөңірейді.

3.6.            4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. … – бие сүтінен жасалатын сусын. 2. … – түйе сүтінен жасалатын сусын. 3. … – ұйытылған сүт. 4. Сүттен … жасалады.

Керекті сөздер:  май, шұбат, айран, қымыз.

 

3.7.     5-жаттығу. 155-бет. Ұйқасын тап, жатта.

Моп-момақан өзі.

Сүп-сүйкімді … . (қозы)

ІV. Сабақты бекіту.

Дұрыс Бұрыс
Қойдың төлі – бұзау.
Төрт түлік пайда әкеледі.
Сүттен ет жасалады.
Теріден қалам жасайды.
Шұбат- түйе сүті.
Қымыз – сиыр сүті.

 

VІ. Үйге тапсырма.  5-жаттығу, 155-бет, сөз жаттау.

VІІ. Бағалау.