Құрметті ата-аналар, мұғалімдер! оқушылар!

28

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер! оқушылар!

Бүгін сіздер бірінші класс оқушыларының «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Олардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан кітабы «Әліппе». Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында жазу зазуға, сөз құрауға, сөйлем құруға дағдыландық. Олай болса бүгін бірінші класс оқушылары сіздерге «Әліппені» қалай меңгергендерін көрсетпек.

           

Енді ата-аналарымызға математикадан алған білімдерімізді көрсетейік .

 

Егемендігіміз ескеріліп көк байрағымыз желбіреп тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Осы еліміздің міне бүгін бойына бой, ойларына ой, саналарына сана қосып өздерінің бойында жауапкершілік пайда болып тұрған бұл оқушылар елімізге бір-бір кірпіш болып қалансын демекпіз.

 

            Төтеп беріп сынға

Қайыспаған ауырға

Адал болып досына

Бас имеген жауына

Елдің аты кім?

                        — Қазақ елі.

 

 

Таулары бар биік

Даласы бар жерұйық

Бұл қай ел?

  • Қазақстан

 

Егемендігіміз ескеріліп, көк туымыз желбіреп тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне бой түзеп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы бір азаматтары болып отыр.

           

 

Мектеп, ұстаз суреті.

 

Сұлтан:

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

 

Нұрпейісхан:

Міне кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.

 

Ғалымжан:

Мен өзім-ақ оқып, өзім жаза аламын.

 

Саят:

Алдыңа келдім ұстазым

Тұңғыш қалам ұстадым

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімі сезілген

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

 

Слайд

Ерасыл:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

 

Еркебұлан:

Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріппе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болған Әліппем.

 

Диана:

Әліппем, менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Ғалымжан:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

 

Мұғалім:

Балалар, мына сұраққа жауап беріңдер?

— Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?

Оқушылар:

Болашаққа жол ашқан

Ол – сүйікті Әліппе.

 

Мұғалім.

Олай болса, бәріміз қымбатты дос

«Әліппені» ортаға шақырайын.

Оқушылар:

Әліппе, Әліппе, Әліппе!

 

(ортаға Әіппе шығады).

 

Әліппе (Құралай)

 

 

 

 

 

 

Нұрпейісхан:

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайын

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық.

 

 Қуаныш:

Алфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

 

Еркебұлан:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

 

Сұлтан:

Айналдым сені аяулы менің Әліппем

Құрылған 42 қымбат әріптен

Үйреніп, оқып, жаздым қалам алып

Қадірледім қасиетіңді танып мен

 

Ән «Мен оқушы боламын»

 

Ерасыл:

Алфавиттің  А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

 

А деген ол – аналар ғой ардақты

Ә деген ол — әкелер ғой салмақты

Б деген  ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

 

Ата- аналарға слайд.

 

Диана:

Әр күнім алып келер жаңалықты

Тоқимын алып білім, жаңа әріпті

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен

Жанымда ізі қалды жаңа әріптің.

 

Ерасыл:

Осылай алға бастадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бастадым

 

Қуаныш:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз болмайды

 

Әзидолла:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

 

Саят:

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім

 

Әзидолла.

Қош бол, құтты Әліппем

Жол тұсауын кестің сен

Аяулы анам болып сен

Айыбымды кештің сен

 

Ана тілі қоштасу.

 

 Сұлтан:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қол басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықтық міне, балаңыз

 

«Ойлан  тап» 10,11,12     ұстаз суреті.

 

Ғалымжан:

Үйретіп алғаш бізге Әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

 

Нұрпейісхан.

Әлі талай баспалдақты басамыз

 Биік-биік асулардан асамыз

Ұстазым сізден алған білімді

Өмір бойы жадымызда сақтармыз.