Рахмет саған, әліппе!!!

36

«Рахмет саған, әліппе!!!

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Тойымызға қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарыңыздың сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын. Тойларыңыз тойға ұлассын.

Вальс

Көрініс: «Бауырсақ ертегісі»
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! – депті. Кемпірі үйде ұн жоқ дейді. Қаптың түбін қырып ал!- дейді шал.
Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: терезені ашып қоя тұр, ыстық екен, суысын дейді. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді.
Атамнан да құтылдым
Апамнан да құтылдым – деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі.
— Ой мына жерде той болып жатыр екен гой? Бұл не той?- деп сұрайды.
Балалар: әліппемен қоштасу тойы — жеп жауап береді.

Хор «Әліппем» әні
Сол кезде алдынан Қасқыр шығады.
Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз сізге тақпақ айтып, ән де шырқап береміз.- дейді.
1- оқушы Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата — аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 — оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!

3 — оқушы: Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
4 — оқушы Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.

Испан биі

Қасқыр:  —

Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен бауырсақты жимеймін!!! кетіп қалады.

Жүргізуші:

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табалық

Іші толған әріпке

Білімдіге жарық не?

(Әліппе)

Олай болса барлығымыз Әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе (Осы кезде Әліппе ортаға келеді.)
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата — ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Әліппе: Балалар сендер мені оқыдыңдар. Сонда сендер менен не үйрендіңдер?
Оқушы: Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік. Жазуды үйрендік. Енді кез — келген кітапты өзіміз оқи аламыз.
Әліппе: Олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. Кәне, соны шешіп көрейік.
Қабат қабат қаптама
Ақылын болса аттама (кітап)

Жұмбақ: Болған сайын тереңге

Шығасың биік белеске (Білім)

Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді ( Әліпби)

Алты қырлы түсі бар

Суретпенен ісі бар (Қарындаш)

Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Аю шығады:
Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған мақал — мәтел жалғастырып, ән айтып береміз — дейді.
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Оқу — білім бұлағы,
Білім өмір шырағы
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Ақыл тозбайтын тон
Білім таусылмайтын кен.

5-Оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.

6- Оқушы: Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.

7- Оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

8 — оқушы: Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

9 — оқушы: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Еңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
10 — оқушы: Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Ән:
11- оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата — ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ән:
Әліппе: Дұрыс, балалар сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады.
Ендеше балалар барлығымыз ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әманда,
Ана тілін ардақтар,
Ата — бабам, анам да,
Туған тілдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Таныстырар бәріне
Ан тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілім — құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Балалар оркестрі: «Бозінген» күйі
Аю кетіп қалады.
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан түлкі шығады:
Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған есептер шығарып, ән айтып береміз — дейді
Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі,
Қырда жүр бес ешкі,
Болады сонда неше ешкі?
Хормен: Болады сонда он ешкі.
Түлкі: Өте жақсы, ендеше әріптер айтысын көрелік!!!!

Әріптер тізіліп тұрады

1) Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2) Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
3) А дегенің Алина,
Алина деген мен бала.
4) Әлішер деген мен болам,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
5) Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Дарын келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
6) Ж дегенің Жаңагүл
Жаңагүл деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
7) Наргиз деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
8) Н әрпі Нұрай мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
9) Сабина деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
10) Т дегенің Темірлан
Әріптерден қаламын ба мен,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық, пен зор байлық.
11) Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Түлкі: — Балалар мен сендерден достықты, бірлікті үйрендім!! Ендеше мен бауырсақты жимеймін, бауырсақпен дос болып ертегілер әлімен қайта оралайық!!! (бауырсақпен қолұстасып кетіп қалады)
Әліппе: -Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.  Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!