Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

233
Сабақтың тақырыбы

 

Абай Құнанбаев «Қансонарда  бүркітші шығады аңға»өлеңі
Мақсаты

 

 

Абай Құнанбаев туралы мәліметті кеңейту, берілген жаңа ақпаратты оқу, мәліметті саралау, «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңінің  мазмұнын  түсіну, идеясын ұғыну,өз ойын еркін қорғауға, пікірін дәлелдеуге үйрену, бір-бірін бағалай білу.
Күтілетін нәтижелер

 

 

Абай Құнанбаев туралы мәліметі кеңейеді,«Қансонарда бүркітші шығады аңға»  өлеңінің мазмұнын меңгереді, өлеңнің композициялық жоспарын құрастыра алады,өз ойын еркін айтуға үйренеді, өз бетінше сұрақтар құрастыра алады
Керекті жабдықтар  Оқулық, интерактивтік тақта, бейнеролик, флипчарт, стикер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

1 мин.

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

-Оқушылармен амандасу

— кезекшімен сұхбат

Оқушыларды сабақтың  мақсаты, жоспарымен таныстыру.Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 

Үй тапсырмасын  тексеру.

«Ыстық орындық » әдісі арқылы  тексеремін.

-Ортаға қалауы бойынша 1 оқушыны шығарамын, ыстық орындыққа отырғызамын.

-Көрермендер  ретінде

оқушыларға сұрақтар қоюға нұсқау беремін.

Оқушылар топқа бөлінеді, тыңдайды , дайындалады.

Кезекші 3 топқа бөліп, оқушыларды отырғызады.

Оқушылар 3топқа бөлініп отырады:«Абай ауылы»,«Шәкәрім

ауылы»,  «Жамбыл ауылы».

 

Ортаға  калауы бойынша 1 оқушы шығады, Махамбет рөлінде ыстық орындыққа отырады.

Махамбет Өтемісұлы туралы сұрақтар қойылады, жауап алынады

—          Қандай тілдерді еркін меңгердіңіз?

—          Орыс,татар , араб тілдерін

—          Исатай –көптеген өлеңдеріңіздің басты қаһарманы. Оған арналған «Исатай деген аңам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым»өлеңдерінің ұқсастығы қандай?

—          Барлығында да Исатайдың адамгершілігі, батырлығы , қайсарлығы сипатталады.

—          Сіздің өміріңізден келешек ұрпаққа үлгі алуына бола ма?

—          Әрине,болады.

Тұсаукесер

5 мин

 

 

 

«Кансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне байланысты видеоролик көрсетемін.

-Оқушылар бұл  бейнероликтен  не байқадындар?

— Қазақтын кандай  салт-дәстүрін аңғардыңдар?

— Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

—          Оқушылар видеороликті көреді,ойланады.

—          Сұрақтарға жауап береді

 

 

— Саятшылыктың бір көрінісін.

— Бүркітпен аң аулау т.б

 

 

-Абай Құнанбаев «Кансонарда бүркітші шығады аңға»

Негізгі бөлім

5 мин

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

1.Жеке жұмыс – жаңа  тақырыпты  өз бетінше оқу.

2. Әр топқа қосымша ақпараттар үлестіремін .( жеке жұмыс- өз бетінше оқу)

3. Топтық талқылау.

Оқушыларға флипчарттар үйлестіріледі. Тапсырма беріледі.

1 топқа — Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын топтастыру.

ІІ топқа — «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастыру

ІІІ топқа – Бүркіттің қасиеттерін топтастыру.

Постер құрастыруға нұсқау беремін.

 

Оқиды, өлең мазмұнын меңгереді.

Әр топ берілген ақпараттарды  оқи  отырып, керекті мәліметтердісараптап, жазып алады.

Ой бөліседі, пікір алмасады.

 

 

Абай туралы берілген ақпараттан өмірі мен шыгармашылыгын  зерделейді.

 

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастырады.

Бүркіттің қасиеттерін топтастырады.

 

Постер құрастырады,  оны қорғайды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

 

Қорытынды

2 мин

 

3  мин

3 мин

2 мин

 

 

1  мин

Бүркіт туралы видеоролик көрсетемін. 3 топқа тапсырма беремін.

Әр топ 2  төменгі, 2 жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрастыру.

Бағалау.( өзін-өзі бағалау, топтық бағалау)

Рефлексия

 

Уй тапсырмасын беру. «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңін өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын орындау

 

 

Оқушылар ойланады,сұрақтар құрастырады, жауап береді.

Критерийлер арқылы бағалайды.

 

Оқушылар стикерлерге  бүгінгі сабақ бойынша өз ойын жазып, жабыстырады.

Үзінді жаттау, сурет салу, мәнерлеп оқу