«Жеңіс күні»

69

«Жеңіс күні»

Сабақтың эпиграфы:            О, адамзат, дүниенің қожасы,

Ақылыңнан қала көрме алжасып!

Самолеттің бортындағы бомбалар –

Кірпіктердің ұшындағы көз жасы!

Жолдың шаңын табаныңа күретіп,

Жер баспасын жауыз киген бір етік,

Соғыс емес,

Зеңбіректің аузынан

Ұшып жатсын Бейбітшілік пыр етіп!-

ҚадырМырза Әлі

Сабақтың тақырыбы:                    «Жеңіс күні»

 

Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне  жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру

 

Сабақтың міндеті:

  1. Білімділік: Оқушыларға Жеңіс күнінің маңызын түсіндіре отырып, жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, бірлікті , ынтымақты қастерлей білу қасиеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                      қайталау сабағы

Сабақтың типі: ойын сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:   деңгейлік тапсырмалар,  сұрақ-жауап, эвристикалық

Сабақтың техникалық құрал-жабдығы:

суреттер, қанатты сөздер,  үнтаспа, кітап көрмесі

Пән аралық байланыс:                тарих, георафия, музыка, қазақ әдебиеті

 

Күтілетін нәтиже:

  1. Жеңістің қиындықпен келгендігін ұқтыру..
  2. Өткен тақырыпты қайталау барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
  3. Ардагерлердің орнының бөлек екендігін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.            Оқушылармен амандасу, түгендеу

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ұлы Жеңіске 65 жыл!

Осы бір қанды соғыстың аяқталғанына 65 жыл өтсе де, сол бір қанды қырғынның салған ізі жүрегімізден кетер емес.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп, таңдалдырады.  Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған сәтте рух пен намыстың мықтылығы сыналды.

Соғыстың аяқталғанына осыншама жылдар өтсе де, сол қанды қырғынды арамызда жүрген қатары бүгінде сиреп қалған ардагерлер ұмытар емес. Себебі, олар зұлым жаумен айқаста қандарын төгіп, қиын кезде табысқан қарулас достарынан айрылды. Жалынды жастық шақтарын ақ қармен апталған, көк мұзбен құрсанған окоптарда өткізді.

Ұлы Отан соғысына біздің облысымыздан 70 мыңнан астам адам қатынасты. Батыс Қазақстандықтар соғыс өрті шарпыған барлық аумақтарда өткен ұрыс далаларында ерліктің небір ғажап үлгілерін көрсетті. Ақ Жайық атырабынан аттанған ондаған мың майдангерлер ұрыс даласындағы ерліктері үшін ордендермен және медалдармен марапатталды. 40 жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, алты-жеті майдангеріміз Даңқ ордендерінің толық иегері атанды.

Бүгінде қатарлары сиреп бара жатса да әрбір Жеңіс күні жақындаған сайын ардагерлер кеудесіне ордендері мен медалдарын жарқырата тағып, мектеп оқушыларымен, жастармен кездесіп сол бір қанды қырғын туралы, ұрыс даласындағы барлық ұлт өкілдерінің бір ананың баласындай болып кеткен достығы туралы бүге-шігесіз айтып беріп, еліміздің тыныштығын тілейді.

 

Үй тапсырмасын тексеру

Тест жұмысы

1.Елтаңбада не бейнеленген?

а)шаңырақ

ә)ою

б)кереге

в)бүркіт

  1. .Ашық буынды сөздерді тап.

а)қалалық, қалам

ә)далада, қалада

б)қант, жазда

в)ата, ардақ

3.. «Ер» сөзінің антонимін тап.

а)батыр

ә)ез

б)қорқақ

в)жігіт

4.Құрамында екі қатаң дауыссыз дыбыс келген сөзді тап.

а)асық

ә)атқар

б)отын

в)орман

5.Омоним болатын сөздерді тап.

а)Сандық, кебеже, сыр.

ә)Қой, түйе, жылқы.

б)Қой, ат, түс.

в)Нашар, жаман, жақсы.

6.Барыс септігінде тұрған зат есім.

а)атпен

ә)ақылдыға

б)кітаптың

в)кітап

  1. Жеңіс күні қай күні тойланады

а) 8-наурыз

ә) 9-мамыр

б) 22-наурыз

8.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?  Сабағыңды қашан оқисың

а)нүкте

ә)сұрау белгісі

б)леп белгісі

в)нүктелі үтір

9 .Мақалды толықтыр

… отбасынан басталады.

а)Отан

ә)білім

б)тәрбие

в)ақыл

Сабақтың барысы:

  1. «Тұлғаны танып біл » ойыны.

2.Деңгейлік тапсырмалар. «Кім жылдам?» ойыны

1.Сөз тіркестерінен сөйлем құра

Біздің ауыл, ерлік жасау, біраз уақыт, нағыз ерлік, адамның санасы, туған Отан, жаудан қорғау.

 

  1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.

Керекті сөздер: оның, сіздің, менің, сенің

… лағым, … көйлегі, … кітабыңыз, …мектебі, … ауылы, … атасы, жауынгерлеріміз.

 

  1. Төмендегі сөздердің сыңарын тап.

Қарсы мәнді сөздер

Дос –

Соғыс –

Сөйлеу –

Арам –

Тату –

 

Мағынасы жақын сөздер

Қарт –

Сақтау –

Дұшпан –

Үндемеу –

Соғысу –

 

  1. Диалог құрастыру

— Туған жер деген не?

 

-Біздің міндетіміз қандай?

 

-Ерлік дегеніміз не?

 

-Сенің арманың қандай?

  1. Төменде берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жауынгер, қолбасшы

6.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сыз

Ұлы Отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталды.

Олар соғыста ерен ерлік көрсетті.

7.Төменде берілген сөздерді септе

Батыр, басқарушы

  1. Оқулықпен жұмыс

Жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

  

  1. Сырласу хат жазу

«Жалғасын тап» ойыны. Мақал – мәтелдерді жалғастыру

      Сабақты бекіту:

Сөзжұмбақ шешу  «Бейбітшілік»

Б – қорқақ сөзінің антонимі

Е – кім майданда шынығады?

Й – түнде ғана көрінетін аспан денесі

Б- Майдангер жазушы, Халық қаһарманы

І- үш арыстың бірі

Т – соғыс техникасы

Ш – солдаттар неге шықты?

І — өзен атауы

Л –ешкінің төлі

І – киім ілетін тұрмыстық бұйым

К – ескі сөзінің синонимі

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ел басына күн туған кешегі сұрапыл уақытта кеңес халқы өзінің бейбіт еңбегінің шырқын бұзған зұлым жауға бір кісідей аттанды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» -міне, ол кездегі жауынгерлердің ұраны осы болды. Бұл қасиетті ұран майдан шебіндегі жауынгерлерді сүйем-қарыс артқа шегінбей, алға ұмтылуға жетеледі, тылда уақытпен санаспай еселі күшпен еңбек еткен қыз-келіншектерді, қарттар мен балаларды рухтандырды, әр жүректе жеңістің сөнбес үміт отын тұтандырды.

Кеңес халқының ауыз бірлігінің, ынтымағының арқасында аңсап күткен жеңіске жеттік.

Бүгін біздер, өскелең ұрпақ осы жандардың арқасында аспанымыз ашық, еліміз тыныш өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің жарқын болашағымыз үшін жандарын құбан еткен аға ұрпақ өкілдеріне бас ие отырып жандарың мәңгі жәнәтта болсын дегіміз келеді!

Үй тапсырмасы: «Ер есімі – ел есінде» атты ой толғау жазу

    Сабақты бағалау.