Жинақтық, болжалдық сан есімдер

136

 

Сабақтың тақырыбы  Жинақтық, болжалдық сан есімдер

Сабақтың

мақсаты :

1.Білімділік:         деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы  жинақтық,  

                                 болжалдық сан есімдерді меңгерту,оларды бір-бірінен

                                  ажырата білуге  жаттықтыру.

2.Дамытушылық: тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:          адалдыққа, бауырмалдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың

    түрі :                  жаңа сабақ

Сабақтың

әдіс-тәсілі:              сұрақ-жауап,баяндау,деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ

шешу.

Пәнаралық

байланыс:        қазақ әдебиеті, математика, тарих.

Сабақтың

көрнекілігі :  интеративтік тақта, оқулық, сызба, үлестірмелі тапсырмалар,

сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

кезеңі :            Оқушылармен сәлемдесу, балаларды түгелдеу, сынып

бөлмесінің  тазалығын бақылау.

2.Үй тапсырмасын

  тексеру:         а)Сан есім.  Есептік, реттік сан есімдер

ә)166-жаттығу.

3.Жаңа сабақ:   1.Жинақтық, болжалдық сан есімдер

Енді, бүгін сан есімнің келесі түрі жинақтық, болжалдық сан

есімдермен танысамыз. Деңгейлік тапсырмаларды орын-

дау арқылы жинақтық, болжалдық сан есімдерді меңгеру

және оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттығу жұмыста-

рын орындау.

 

Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

 

2) Екі + еу = екеу, алты + ау = алтау , жеті +еу = жетеу.

 Болжалдық сан есім.

 

Сұрақтары : қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

 

Болжалдық сан есімдердің жасалуы жолдары:

 

1.-лаған,-леген,

  1. -даған, -деген,

-таған,-теген,

+               2.-лап(-леп),-дап,   = Болжалдық

-деп, -тап, -теп.               сан есім

3.-дай, -дей,

— тай, -тей.

Мысалы:жүздеген,ондаған,қырықтаған,мыңдап,елулеп,жетпістей,

сексендей,мыңдай,т.б.

 

 

  1. (жасы) отыздарда, (сағат) екілерде,жиырма төрттерге(келген), т.б.

 

3.Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы:

он-он бес, отыз-қырық,алпыс-жетпіс,отыз-қырықтай,жүз-жүздеген,

елу-елу бестерде, т.б.

 

4.Шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын.

Мысалы: отызға жақын, мыңға тарта, жүз шамалы, беске таман,елуге жуық, т.б.

 

 

 

 

 

 

Мәтінді оқып, сан есімдерді тауып, мағыналық  түрлеріне ажыратыңдар.

 

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсі

здік алып, еркіндікке қол жеткіздік, Әнұранымызды асқақтатып шырқап, Туымызды биікке көтердік.

Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемнің 120-дай мемлекеті танып,70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Осы 18 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетімізде көптеген өзгерістер енді. Білім саласында жаңа типті мектептер, лицейлер, гимназиялар мен колледждер ашылды.

 

 

1-деңгей.

 

                             1-нұсқа

 

1-тапсырма.Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.

Атадан алтау, анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.  (Абай)

2-тапсырма. Жинақтық сан есімнің жұрнағын атаңдар.

 

 

                               2-нұсқа

 

1-тапсырма.Оқулықтағы 169-жаттығу.

Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен  жазыңдар.

60-70, 15000.

2-тапсырма

Болжалдық сан есімнің сұрақтарын атаңдар.

Cергіту сәті.

 

Сөзжұмбақты шешіңдер.

 

Сөзжұмбақ «Сан есімдер»

 

        1.   с      
 2.       а      
           3.           н  
 4.

 5.

 

 7.       

  е        
    с    
6.     і  
        м        
              8.

              9.

    д      
      е    
       10.           р  

 

  1. Балалар ойыны; 2. Ел Ордасы; 3. Ең сүйікті адам;      4. Ұрпақ;
  2. Нәрестенің төсегі; 6. Өзен аты; 7. Қазақ батыры әрі ақыны;
  3. Құс аты; 9. Қоянның баласы; 10. Ұлттық саз аспабы

 

1-тапсырма.

Мақал — мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып құрастырып, сан есімдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.

Болса, ала, алтау, кетеді, ауыздағы,

     Болса, түгел, төртеу, келеді, төбедегі. (Мақал)

2-тапсырма.

  1. Алты, төрт сан есімдерінен болжалдық сан есім жасаңдар.
  2. Қандай сөздердің тіркесуі арқылы болжалдық сан есімдер жасалады? Мысал келтір.

 

                               2-нұсқа.

1-тапсырма.

Жұмбақты шешіп,сан есімдерді мағынасына қарай ажырат.

Екеуі қарауыл қарап тұр,

Төртеуі ұйықтап жатыр.

Біреуі қамыр басып жатыр.

 

2-тапсырма.

  1. Екі, төрт, бір сан есімдерінен реттік сан есім жасаңдар
  2. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдерге мысал келтіріңдер.

 

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.

Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

                                                         Н.Ә.Назарбаев

 

 

Үйге тапсырма:      Шығармашылық жұмыс.

                               «Тәуелсіздік – ел тілегі» деген тақырыпта

шағын ойтолғау жазып келу.