Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

493

 

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:  а) Білімділік: Шәкәрімнің озық туындысының идеялық

мазмұнын ұғындыру, кейіпкерлер  іс — әрекетіне

оқушылар арқылы баға  бергізу.

ә) Тәрбиелік: Поэма кейіпкерлерінің жақсы мінез –

құлықтарын  үлгі ете отырып, адамгершілікке, достыққа,

мейірбандылыққа баулу.

б) Дамытушылық: оқушыны эстетикалық сезімге шақыру,

сауатты да әдеби тілде сөйлеуге қалыптастыру, өз бетімен

жұмыс жасауға, белсенді болуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстурден тыс пікірталас типті аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, жартылай іздендіру, пікір салысу, мәтін талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, буклеттер, тірек – сызба белгілер,

шығармалары, тест сұрақтары,слайдтар

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың болуын тексеру.

ІІ. Сабақтың жоспары:

  1. Ұлы Абайдың ізбасар інісі Шәкәрім туралы.
  2. Поэма мазмұны бойынш талдау.
  3. Шығарманың композициялық құрылымы бойынша жұмыс.
  4. Тірек – сызба белгілер арқылы образдарға талдау.
  5. Ашық пікір таластыру «Пікірлестер мен қарсыластар»

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, үйден поэманың мазмұнын оқып, алдыңғы сабақтарда поэма мазмұнымен таныстыңдар, жалпы оқиға желісін білесіңдер. Шәкәрімді екінші Абайымыз десек те болады. Екеуі де өмір сүрген тұстарында кезеңнің ащы шындығын шығармаларында көрсете білді, сөз өнерінің шыңына көтерілді. Шәкәрімнің сондай шығармаларының бірі – «Қалқаман – Мамыр» дастаны.

Енді дастандағы басты оқиғаларды талдауға кірісейік.

І. Әр топқа үлестірме парақшалар таратылды.

Тапсырмалары: 1. Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Қандай

шығармалары бар?  Шәкәрімге Абай қалай әсер етті?

  1.   «Қалқаман – Мамыр» поэмасы суреттелген кезеңде қазақ

халқының жағдайы қандай еді? Ақынның бұл кезеңді жырға

қосуда қандай мән бар?

  1.   Қалқаман мен Мамырдың жақындықтары қандай? Мәмбетей

жағы Әнет бабаның шешіміне неге қарсы болды?

  1. Әнет баба Қалқаманды неге оққа байлады? Қалқаман неге

наразы болды?

ІІ. Ендігі кезек шығарманың композициялық құрылымына талдау, бұл талдауды І топ   орындайды.

а) Оқиғаның басталуы – Қалқаман мен Мамырдың –  кездесуі.

ә) Байланысы – Екі жастың бір – бірін ұнатуы –  бастаңғы жасауы, сөз байласуы.

б) Дамуы – Мамырдың біреуге айттырылуы

в) Шарықтың шегі – Екі жастың серттесуі, жанжал – теориясы

г) Шығарманың аяқталуы – Мамырдың өлімі, Қалқаманның елден кетуі.

Жоңғар шабуылы

ІІ топ – Тірек сызба арқылы образдарға талдау жасайды.

?                                                      ?

?                                                      ?

Қалқаман                    ?                     Мамыр                    ?

?                                                     ?

 

Әнет баба                                           Көкенай

 

 

 

?       ?       ?        ?                        ?         ?       ?           ?

 

ІІІ топ – жырдың поэтикалық тіліне талдау жасайды. Мына кесте бойынша толтырады:

1 Суреттеу Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,

Көрмесе де, білгенге бәрі анық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,

Қазақтың сыр бойында жүргені анық

2 Диалог Қалқаман мен Мамырдың сөйлесуі.

 

3 Портрет мінездеу Әнет бабаң – арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла, ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы

4 Теңеу Бабаңның нұр жүзі болды мұздай

 

5 Эпитет Жылы жүрек өзіне жар тапқандай

Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең құрылысына талдау.

11 буынды қара өлең ұйқасы

2 – 3 оқушыға бір шумағын талдату.

ІІІ. Поэманы талдауды пікірталаспен толықтыру.

 

1 – топ

Жақтаушы

2 – топ

Даттаушы

1. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс па?
Дәйектеме – Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс.

Аргумент – «Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар»

Абай.

Жауап: Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс. Ол – адал махаббат иелері. Бірін – бірі шын сүйеді. Мамыр өлер алдында да Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де, Қалқаманның тірі болуын армандады.

Дәйектеме – Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс емес.

Аргумент – «Жеті атаға дейін қыз алысу – күнә»

Жауап: Олар бірін – бір ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар ата  — салтын бұзды. Ол кезде ата – салтын орындамай, бата бұзған адамдарды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамдардың балалары. Сондықтан олар жеті атаға дейін қыз алмау деген қағиданы бұзды.

2. Көкенайдың әрекетін қалай бағалайсыңдар
Дәйектеме – Көкенайдың  әрекеті дұрыс.

Аргумент – «Ел ағасыз болмас

Тон жағасыз болмас»

Мақал.

Жауап: Ертеде кінәлі адамдарды айыптайтын арнаулы заңдар болмаған. Түрме атаулы да болмаған. Ел билеушілер, әр рудың көсемдері, билері далалық сот жасаған, үкім шығарған. Көкенай — өз дәуірінің салт – дәстүрін берік ұстаған адам. Сондықтан жастарды жазалауы дұрыс. Келешекте тағы да туысқан адамдар қосылып қоюы мүмкін. Сондықтан болашақта жастарға сабақ болсын деп, осындай қатыгездікке барды.

Дәйектеме – Көкенайдың әрекеті дұрыс емес.

Аргумент – «Айырған екі ғашықты оңа ма екен?»

Жауап: Көкенай — өз заманының қатыгез адамы. Бір – бірін ұнатқан екі жастың обалына қалды. Қалқаман мен Мамырды өлім жазасына кесетіндей ештеңе бүлдірген жоқ. Олардың жазығы – бір – бірін сүйгендігі. Көкенай – оқымаған, ескі салтты жақтаушы қараңғы адам.

Жауап: Жырда Көкенай батыр деп аталады. Бірақ оның батырлығы туралы ешқандай эпизодта жоқ. мылтықсыз, қарусыз қыз, жігітті өлтіруі мүмкін емес. Ол -барып тұрған қорқақ. Ол- ұлы махаббатты қорлаған жан.

3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?
Дәйектеме – Қалқаманның елден кетуі дұрыс.

Аргумент – «Көзден кетсе,

Көңілден де кетеді»

Жауап: Қалқаман қазақ халқының салт дәстүрін бұзды. Біріншіден, Мамырдың атастырылып қойылған жерінің батасын бұзды. Екіншіден, өзімен жақын, туысқан адамның қызын алды. Содан ел бірлігі бұзылды, дау – жанжал күшейді. Сол себептен көзге күйік болмай, Қалқаманның елден кеткені дұрыс.

Жауап: Қалқаман өз туыстарынан көңілі қалды. Оның үстіне Мамырдың қайғысын ұмыта алмады. Көзбен көрмесем, ұмытам деп ойлады. Сондықтан елден кеткені дұрыс.

Дәйектеме – Қалқаманның елден кетуі дұрыс емес.

Аргумент – «Бөтен елде сұлтан болғанша

Өз еліңде ұлтан бол»

Мақал.

Жауап: Қалқаманның елден кетуі дұрыс емес. Туыстары да, Әнет бабасы да ол үшін қатты қиналды, оның Мамырмен бірге қалуының жағдайларын жасады. Оның өлімін қалаған – Мәмбетейлер. Сондықтан, жекпе – жекте аман қалған соң, елден кетуі керек еді.

Жауап: Қалқаман елден безіп, өзінің осалдығын байқатты. Оны елден ешкім қуған жоқ. Ол тек Көкенайға өкпелеуі керек еді. Елде қалып, Көкенайға қарсы күш көрсетуі керек еді. Мамырды шын сүйетінін дәлелдеп, оның есімін ардақтап өтуі керек еді.  Бөтен елде бәрібір өз еліндей бола алмайды. Сондықтан Қалқаманның елден кетуін дұрыс деп есептемеймін.

 

  1. IV. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол заман — әйелді малға сатқан, бұғауда ұстаған заман. Шәкәрім екіжастың адал махаббатын көрсете отырып, өз заманының қатал аңына қарсы шығады.

Қазіргі ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазақтың «жеті атаға дейін қыз алыспау» деген ырымының түбінде бір мән жатыр. Оны кәмелеттік жасқа келгенде, қазір де әдеп, валеология пәндерін оқу арқылы білесіңдер. Сондықтан туыстық, жақындық дегеннің мән – мағынасына үңіліп жүріңдер.

Бүгінгі сабақтан қалар түйін мынау:

Ата салтын аттауға да болмас,

Жүрек қалауын тастауға да болмас.

  1. V. Бағалау парақшалары бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру. І деңгей – Поэма бойынша тест құрау.

ІІ деңгей – Шынайы махаббаттың қос шынары.

ІІІ деңгей – «Егер мен Қалқаман болсам…»

 

 

 

 

«Қалқаман – Мамыр» поэмасы бойынша тест.

 

  1. Поэмадағы оқиға нешінші жылы болған?

а) 1722

ә) 1723

б) 1724

  1. Әнет бабаның жасы нешеде еді?

а) 90 – да

ә) 95 – те

б) 97 – де

  1. Қалқаман мен Мамыр қайда кездесті?

а) Аң аулап жүргенде

ә) Ойын тойда

б) Жылқы бағып жүргенде

  1. Тобықты руының адамдары қайда тойға барды?

а) Сәмеке ханға

ә) Құнанбай қажыға

б) Әнет бабаға

  1. Көкенай Мамырды қай жерде атты?

а) Қыдырып жүргенде

ә) Үйінде отырғанда

б) Төркініне келгенде

  1. Көкенайдың руы кім?

а) Олжай

ә) Кішік

б) Мәмбетей

  1. Мамыр соңғы сөзін кімге айтты?

а) Қалқаманға

ә) Көкенайға

б) Әнет бабаға

  1. Мамыр бүгін … киінді деп, Қалқаманға бір күні хабар жетті.

а) Қызша

ә) Қыз балаша

б) Қыздарша

  1. Қалқаманды қандай атқа мінгізді?

а) Құла атқа

ә) Арда күреңге

б) Арғымаққа

  1. Қалмақтың соғыс ашқан бастаушысы кім?

а) Суан Раптан

ә) Қалдан Серен

б) Қалдан Мұса