Сан есімді қайталау.

59

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сан есім бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру, жүйелі сөйлеу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: тарихи құндылықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: оқығанды қорытып, жүйеге келтіретін бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениет.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы», «Категориялық топтастыру», «Түртіп оқу» атты стратегиялары, АКТ (Флипчарт),Кубизм.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар топтамасы, электрондық оқулықтағы материал(Merits).

 

                                               Сабақтың барысы:

 

I.Қызығушылықты ояту.

1.Категориялық топтастыру:

 

2.Сан есімнің мағыналық түрлерін сипаттау (сұрақ-жауап).

 

  1. Мағынаны тану:

 

  1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, тайқазан туралы материалды тамашалау (электрондық оқулық).

 

 

 

 

 

  1. Мәтінмен жұмыс (Түртіп оқу).

 

                                                            Тайқазан

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар.Бұл ғажайып кесененің ішінде алып қазан тұр.Қазанды 1399 жылы Ақсақ Темірдің әмірімен Түркістан қаласынан

25 шақырым қашықтағы Атабай деген жерде жасаған.Оны Әбділ Әзіз Шарафуддин деген шебер 7 металл қоспасынан құйып жасаған.Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар.Бұл алып қазанға 60 шелек су кетеді. Қазанның өз салмағы

2 тонна, диаметрі 2,5 метрге жуық.Қазанның 12 құлағы бар. 1935 жылы қазан Санкт-Петербургке көрмеге апарылды. Тайқазан 54 жыл Санкт-Петербургте болып, 1989 жылы өз орнына қайта оралды.

 

  1. Өздік жұмыс: мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп жазып,

сан есімдерді талдау .

  1. Кубизм:

1-ші қыры. Суреттеңіз: сан есімнің анықтамасы мен түрлерін атаңыз.

2-ші қыры.Салыстырыңыз: Зат есіммен салыстырыңыз (Венн диаграммасы).

3-ші қыры. Зерттеңіз: Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін сан есімдер туралы айтыңыз.

4-ші қыры. Атаңыз: берілген мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз, талдаңыз.

А) … білмеген жетесіз.

Ә) … ала болса, ауыздағы кетеді.

… түгел болса, төбедегі келеді.

Б) … рет өлшеп, … рет кес.

В) … кісі қазған құдықтан, … кісі су ішеді.

 

5-ші қыры.Қолданыңыз: сан есімнің емлесіне мысал келтіріңіз.

6-шы қыры. Талдаңыз: сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Алты үшке қалдықсыз бөлінеді.

1935 жылы қазан Санкт-Петербургке апарылды.

 

 

 

 

 

 

  1. Семантикалық картамен жұмыс: оқушылар автоқаламмен жұмыстанады.

 

 

Түрлері

 

 

Мысалдар

Есептік сан есім Реттік сан есім Жинақтық сан есім Болжалдық сан есім Топтау сан есім Бөлшектік сан есім
Бір мың екі жүз бес
Отызыншы
Елулерде
Оннан бес
Жетеу
Жиырма жеті
Қырық бірінші
Он шақты
Екі – екіден
Екіден бір
Он – оннан

 

III. Үй тапсырмасын беру: құрамында сан есімі бар не мақал, не нақыл сөз

бойынша ребус құру; тарихи жәдігерлер туралы материал іздеу.

 

  1. Қорытындылау: «Сан есімнің алты ұлы» ертегісін тамашалау, мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

  1. V. Бағалау.