Сын есімнің түрленуі

92

 

Сабақтың  тақырыбы :         Сын есімнің түрленуі

Сабақтың білімділік  мақсаты : Сын есімнің түрленуін меңгерту.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі :                   суреттер, мысалдар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы : 

                     а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту.

  1. Үй жұмысын тексеру.

      Топқа бөлу: 4 Топқа тұрақты сөз тіркестері арқылы сыныпты бөлемін.

  1. Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
  2. Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
  3. Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
  4. Екі көзі шарасынан шығу – қорқу мағыналарын ашу. 1 миунт.

     «Топтастыру» стратегиясы бойынша 4 топ оқушылары, зат есімнің жалғауларын топтастырады. БАҒАЛАУ. «Екі  жұлдыз, бір ескерту.» 5 минут.

  1. Табыс критериін анықтау.

1.Сын есімнің шырай түрлері туралы мағлұмат аламын

2.Сөйлем ішінен шырай түрлерін көрсете аламын.

3.Мысалдар келтіре аламын   

     III. «Инцерт» әдісі. 5 минут.

V —                  + ?
       
       
       

«Шеңбер» әдісі бойынша 1,3 топтар әңгімелейді.

«Аквариум» әдісі бойынша 2,4 топтар жұптасып бір біріне түсіндіреді. 8 минут. БАҒАЛАУ. «Бас бармақ әдісі.»

IV.Бекіту.  

4 топтан 4 оқушы шығады. «Ыстық орындық» сұрақтарға жауап береді. 5 минут. БАҒАЛАУ. Смаиликпен оқушылар бағалайды. 12 смаилик шығару.

  1. V. Практикалық жұмыс :

Деңгейлік тапсырмалар. Түстер бойынша бөлінеді.

А.тобына: 47-жаттығу

В тобына: 45-жаттығу

С тобына: 46-жаттығу. Уақытша топта тексереді, тақтада слайдта тұрады. 10 мин

«Жұлдыз, ай, бұлт» әдісімен бағалау

  1. Қорытынды: Сын есімнің анықтамысын шығару

                                            Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз. Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді.Мыс: көк, көкшіл, қып-қызыл,қара ала.

Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.

Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан  жасалған сын есім. Мыс: қына-лы, алақан-дай, жиде-лі.

Сын есімнің шырай формасына  енуі түрленуі деп аталады.

Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің  артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.

      Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай

Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару.

Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Мыс: ауырырақ, кішірек,ақшыл, жылылау.

Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап-сары, өте жарық, аса маңызды.

Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар:

1.Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мыс: үлкен-үлкенірек-аса үлкен. Ал таулырақ,таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім)

2.Шырай түрлері сапалық сын есімге: а)қосымша жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады.

Мыс: Салыстырмалы шырай: қызыл-дау, қызыл-ырақ; Күшейтпелі шырай: қып-қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл.

VII. Кері байланыс. Табыс критериін тексеру.

  1. Сын есімнің шырай түрлері туралы мағлұмат алдым. +
  2. Сөйлем ішінен шырай түрлерін көрсете аламын
  3. Мысалдар келтіре аламын  ?

VIII. Үйге тапсырма.

А тобы. «Қазақтың бас ақыны-АБАЙ» эссе жазу.

В тобы. Семантикалық кесте істеу.

С тобы. Абайдың мезгілге арналған өлеңдерінен сын есімдерді тауып келу. Морфологиялық талдау.

Семантикалық картамен жұмыс.

Мысалдар Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Әп-әдемі    
Кішілеу    
Бойшаң    
Сұп-сұр    
Қымбатырақ    
Өте арық    
Сарғыш    
Аса маңызды    
Бозаң    
Биіктеу    
Тым көк    
Сарғылт    
Тереңдеу    

 

Венн диаграмма

Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуі оқу.

52-жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына

енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазыңдар.

 

Бағалау:  «Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

                    Жетерсің мақсатыңа біле-біле»      Ж.Баласағұн.

 

4 Топқа бөлу:

  1. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  2. Жұлдызы оңынан туу –
  3. Ине шаншар жер жоқ –  
  4. Екі көзі шарасынан шығу –
  5. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  6. Жұлдызы оңынан туу –
  7. Ине шаншар жер жоқ –  
  8. Екі көзі шарасынан шығу –
  9. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  10. Жұлдызы оңынан туу –
  11. Ине шаншар жер жоқ –  
  12. Екі көзі шарасынан шығу –
  13. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  14. Жұлдызы оңынан туу –
  15. Ине шаншар жер жоқ –  
  16. Екі көзі шарасынан шығу –
  17. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  18. Жұлдызы оңынан туу –
  19. Ине шаншар жер жоқ –  
  20. Екі көзі шарасынан шығу –
  21. Ешкімнің ала жібін аттамау –
  22. Жұлдызы оңынан туу –
  23. Ине шаншар жер жоқ –  
  24. Екі көзі шарасынан шығу –