«Денсаулық» елінде

116

 

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық» елінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі  түрде әңгімелеуге   үйрету.

Дамытушылық.Ойлау қабілеттерін дамыту   мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік.Өз денсаулықтарына     жауапкершілікпен  қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд,карточкалар,оқулық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойын,бес жол өлең құрастыру , ой қозғау, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) сабақтың мақсатын хабарлау

Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай екенін сендер партада жатқан түстер арқылы көрсетесіңдер.
Қызыл- тамаша, өте жақсы. Жасыл- жақсы .Сары -нашар .

Балалар, менің көңіл-күйім жақсы, ал сендердің ше?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақты шешіңдер

  1. друг
  2. дверь

3 .”қалам” сөзі қандай сұраққа жауап береді?

  1. вода
  2. груша
  3. мынау кім?
  4. ешкінің төлі не?
  5. мынау не? 9. адамның дене  мүшесі

 Ой қозғау.Денсаулық дегеніміз не?

Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі

Денсаулық –ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық –ол келуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

 

Мәтінмен жұмыс.

“Денсаулық” елінде

Орманнан шыққан балалар  айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан “Денсаулық” елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді.”Денсаулық” еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Мынау кім?

Ол қандай?

 

 

1.Мынау кім?

2.Неліктен Әсетті  “Денсаулық”

еліне  кіргізбей қояды?

-Балалар, біз Әсетке «Денсаулық еліне» кіргізу үшін көмектесуіміз керек.Әсетке көмектесеміз бе? Ол үшін біз денсаулық достарының дайындап қойған тапсырмаларын орындауымыз керек. Сіздерге сәттілік тілеймін.

1-тапсырма. Сөздік жұмысы /сабынның тапсырмасы/
Жаңа сөздерді оқып,сөз тіркестерін құрастыру.

денсаулық-здоровье

айнадай- как зеркало

жарқырау- блестеть

тұрғындар- жители

кедергісіз- без препятствий

кіргізбеу- не пропускать

сергек – бодрый

Тапсырма.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар./судың тапсырмасы/

Орманнан шыққан балалар  айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан “Денсаулық” елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді.”Денсаулық” еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.

 

 

Орнымыздан  тұрамыз,

Жүрекке  қолды  қоямыз,

Сәлем  етіп  бәріне

Бұрыламыз  баршамыз

Йілеміз  оңға бір,

Йілеміз  солға  бір,

Отанды  біз  сүйеміз

Жаттығулар  жасасақ

Жақсы сергіп  қаламыз.

Тапсырма.Сұраулық шылауларды тауып жаз./дәрумендердің тапсырмасы/
1. Тазалықты сақтау үшін киімді үнемі ауыстырып тұру керек  …  ?
2. Киім кірлеген кезде таза киім киген дұрыс   …   ?
3. Су мен сабын микробтардан арылуға көмектеседі    …   ?
4. Даладан келгенде қолыңды міндетті түрде жуу керек    …   ?
5. Тырнақты өсірмей , алып тұру керек   …   ?
6. Тырнақтың астында микроб көп жиналады   …  ?
7. Жуынып болған соң құлағыңды тазалау керек    …   ?
8. Мұрынды тазалау арқылы біз бактериялардан құтыламыз    …   ?

Тапсырма.Сәйкестікті тап./жеміс-жидектердің тапсырмасы/

Зор                                                            жаттығу
Таза                                                           тазала
Биік                                                           денсаулық
спорттық                                                  ауа
құлағыңды                                               тау
суық                                                          адам
сергек                                                         су
«Сиқырлы    дөңгелек» ойыны
Дөңгелекке жазылған  9 әріптен сөздер құраймыз .

Тапсырма.Мына сөздерді көпше және жекеше түрде жіктеңдер.

Таза,ұқыпты,сергек.

Дұрыс, бұрысын белгілеңдер.

Сабақты қорытындылау.

Қане, балалар!

Тақпақ айтып, сөзжұмбақ шешіп,

Дәптерге жазу түсірдік,

Сонымен бүгін сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сонымен, қазақ тілі сабағында не істедік?
Не білдік ? Не үйрендік ?

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта не істегенімізді айтып,қорытындылау.

“Денсаулық” сөзіне бес жол өлең құрастыру.

1.Зат есім

  1. Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5.Синоним

Үй тапсырмасы: “Денсаулық” тақырыбына диалог құрастыру.Жаңа сөздерді қайталау.

Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау.