Сөз байлығы.

141

 

Сабақтың  тақырыбы:   Сөз  байлығы.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділігі: жаңаның жыршысы, шешендік  шеберлікпен  қаруланған, келешек  ұрпаққа  тарихи  мұра , рухани  азық  қалдырған  ғасыр  ақыны,  дара  тұлға  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармаларын  талдай отырып  қазақ  тілінің  сөз байлығының  ерекшеліктерін  анықтау.
  2. Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу
  3. Дамытушылығы: ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері: 1.Қазақ  тілінің сөз байлығы жағынан өзге тілдерден озықтығын  дәлелді түрде сараптайды. 2. Оралымды  тілге қойылар талаптарды, сөз мағынасының қыр — сырын,  сөздердің ойға  қосар реңктерін  ашады.3.  Аталмыш коммуникациялық сапаның шынайы құбылыс екендігіне  көз  жеткізеді.

Сабақтың  түрі:  ізденіс сабақ

Сабақтың  типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың  әдісі: СТО стратегиялары.

Пәнаралық байланыс:  әдебиет

Сабақтың  көрнекілігі: кестелер, интерактивтік тақта слайдтары т.б.

  • Құрметті оқушылар бүгін  біз    «Қазақ   тілінің сөз  байлығымен »  танысамыз.  Сабағымызды   Мұқағали  Мақатаевтың   шығармашылығымен  байланыстырып  өтеміз.

І. Ой  қозғау.  Топтастыру стратегиясы.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сөз  байлығы деген  не?

 

Сөз байлығының басқа да шығармаларда  кең,  ауқымды  қолданылғанын слайдтар  арқылы көрейік.

Слайдтар.

Мұхтар  Әуезовтың  «Абай жолы»  роман – эпопеясында 3000 түр –түс атауы қолданылған, оның  700 –і ақ түстің баламалары. Бұдан басқа романда 756 елді мекен аты, 216 шөп аты, 50 ер – тұрман атауы пайдаланылған. Эпопеяда 500 – ден астам кейіпкер қатысқан.

 

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың  «Қан мен терінде»  «теңіз бетіндегі толқын» ұғымының 40- тан астам баламасы бар. Мысалы еруіл толқындар, ирек толқындар, көк толқындар, жал –жал толқындар  т.б.

 

Мағынаны ашу.  Сіздерге Мұқағалидың  шығармаларынан  алынған  мәтіндерден үзінді беріледі.

Бірінші топ. Мұқағали  афоризмдері.

Екінші  топ. Мұқағалидың  «Әже»  әңгімесінен үзінді

І топ

Мәтіннен алынған  үзінді Түсінік
Адамның  ғұмырынан  қысқа  не бар,

Күн  еңкейсе болғаны, кеш  кіреді.

Бұл  үзіндіге түсінік беретін болсақ  адам өмірі  өлшеулі,  мәңгілік  жасамайды,  жас шамасы  келгеннен соң,  қартаяды деген  ұғымды  білдіреді.

Тілімізде  «Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр»  деген  мәтел бар.

 

 

Тау  бұлағы  да  ағады,

Ой  бұлағы да ағады.

Мұнда  «тау бұлағы»  — тура мағынада айтылып тұр.

«Ой  бұлағы  ауыспалы мағынада». Адам ойы қиырсыз,  қиялмен  қиырға  барар шексіз деген мағынада.

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең  табарсың,

Қанша ұзақ болғанмен,

Жүре берсең табарсың.  Деген мақалмен аяқтағым келіп отыр.

Шындық  көзге  шұқиды қашаннан да,

Ар – ақиқат үкімі жасалғанда.

Мұнда  шындық, ақиқат  синоним сөздер.

«Шындық көзге шұқиды»  тіркесі  ауыспалы мағынада  айтылып  тұр.

«Бал  тамған өтіріктен, қан тамған шындық артық  дегендей» , шындықты айту қашан да дұрыс.

 

 

ІІ топ

Әже

 

Бір күні студент кезімде,  Алматыда, Максим Горький  көшесіндегі универмагтан  плащ алғалы  барып, күтпеген  жерден  ауылдың  екі адамына кездесіп қалдым. Сәлемдесіп  болғаннан соң сөзуар, пысықтау біреуі:

-Е,  шырағым,  өлмейтін өмір, сынбайтын  темір жоқ. Әжеңді  атандырдың бұл

өмірден. Жасын өзіңе  берсін, —  дегенде, қойныма жылан кіріп кеткендей денем суып  сала берді.

Не  дерімді  білмей сәл кідірдім де, теріс айналып шыға  жөнелдім. Аяқ  астынан естіген оқыс суық  хабарға  нанарымды, нанбасымды білмей  жатақханаға  жетсем,  жолдастарым  да  әдеттегідей   емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. Мәселенің  растығына көзім жетті. Ішім  езіліп барады. Сылқ  етіп  төсегіме құладым  да,  жастықты  қаба тістеп, егіле  бердім,  егіле бердім.

Кім еді, қандай жан еді менің   сүйкімді  ғазиз әжем?

 

Мәтіннен алынған  үзінді Түсінік
-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір жоқ. Өлмейтін  өмір, сынбайтын темір –

афоризмдер

Жасын өзіңе берсін, —  дегенде, қойныма  жылан кіріп кеткендей денем суып сала берді. Қойныма жылан кіріп кеткендей –

тұрақты тіркес  (суық  дегенді  білдіреді).

Аяқ  астынан естіген оқыс суық  хабарға  нанарымды, нанбасымды білмей  жатақханаға жетсем, жолдастарым  да  әдеттегідей   емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. Суық  хабар  тұрақты тіркес

Төреше қарсы алу – фразеологизм

 

Сылқ  етіп  төсегіме құладым  да,  жастықты  қаба тістеп, егіле  бердім,  егіле бердім.

 

жастықты  қаба тістеп,

егіле  бердім –  өкіну. Адамның  мұңаю, қайғырудағы бейнесі.

 

Мұқағали Мақатаевтың  шығармаларынан қандай сөз байлығын кездестірдік?

 

ІІІ. Ой  толғаныс.

Кітаппен жұмыс. 113-тапсырма.

 

Синтаксистік талдау

1-топ. Құнды сөз құнарлы ойдан туады

2-топ. Жанды сөздің жалынын білім маздатады.

 

Қорытындылау.

Төле бидің сөзі.

 

Үй тапсырмасы.

  1. 114-тапсырма.
  2. Ақын Мұқағали  Мақатаевтың  ақ  пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі қолданған.  Ақын жырларында  ақ  түсті басқа түске қарағанда  көп кездесетінін  білеміз. Сондықтан  Мұқағали Мақатаевтың  «Аққулар ұйықтағанда»,    поэмасындағы  ақ түске байланысты  ұғымдарды  теріп, жазу.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

(1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) –

қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын,

өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер

үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

 

 

 

Теміртас

Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.

 

 

 

Үш жүздің ортасында Біржан едім

Бұл күнде қойды құдай шалықтатып

Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті

Кем қылмай өсіріп ем Салтанатты.

Әкең ем аяйтұғын жаным ашып,

Жетсеңші білегіме арқан батты.

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕГІЗ СЕРІ ӘНДЕРІ

Гауһар тас

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

К а й ы р м а с ы:

Беу-беу гауһар тас,
Құсни құрдас,
Раушан жүзің көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ тулкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал
Жібекпен қызыл гәріс белін бұған

К а й ы р м а с ы.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын
сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
 

 

 

 

І топ

Мәтіннен алынған  үзінді Түсінік
Адамның  ғұмырынан  қысқа  не бар,

Күн  еңкейсе болғаны, кеш  кіреді.

Тау  бұлағы  да  ағады,

Ой  бұлағы да ағады.

Шындық  көзге  шұқиды қашаннан да,

Ар – ақиқат үкімі жасалғанда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіннен алынған  үзінді Түсінік
-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір жоқ.
Жасын өзіңе берсін, —  дегенде, қойныма  жылан кіріп кеткендей денем суып сала берді.
Аяқ  астынан естіген оқыс суық  хабарға  нанарымды, нанбасымды білмей  жатақханаға жетсем, жолдастарым  да  әдеттегідей   емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр.
Сылқ  етіп  төсегіме құладым  да,  жастықты  қаба тістеп, егіле  бердім,  егіле бердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. топ

Мәтіннен алынған  үзінді Түсінік
Өкінбен, мұнайман  да , өксімеймін,

Өмірім,  осылай – ақ  өшті мейлің.

Алайда, аласапыран тіршіліктің,

Алдында  күресе алмай тек сілейдім!

Өкінбеу, мұңаймау, өксімеу лексикалық синонимдер қатарын  түзе отырып, сатылы көріністі көз алдыңа келтіреді. Бұл  шумақта адамның сезімдері  үш құбылысты қамтиды.Алдымен өкіну, одан соң   мұңаю, өксу. Ақынның сөз саптау шеберлігінің өзі  — әр сөздің мағыналық  деңгейін  реңктік  деңгейіне қарай сараптай білуі.
Күнін көріп жүргем жоқ жетім құлдың,

Бірақта не бітірдім, не тындырдым.

Шөп  жинаған ініне суырдайын,

Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.

«Не  бітірдім, не  тындырдым»  синонимдік  айырым  белгілері.

«Шөп жинаған ініне суырдайын»  деп салыстыру  арқылы  тіршілік  қамын ойлайтынын көрсетеді.

 

Не пайда  күрсінгеннен , өкінгеннен,

Не пайда дәтке  қуат бекінгеннен,

Алайда емханада көз жұмғаннан,

Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген

 

 

«күрсіну, өкіну»  сатылы  синонимдер, синонимдердің айырым  белгілерін заттық  атаулар  ұғымымен қатар, әрекеттік ұғымды білдіретін сөздерден де тізбек арқылы ажыратуға болады. Келтірілген мысалдардағы ерекшеленген етістіктер  бір  мезгілде  жүзеге  асатын әрекеттер  емес, өз  кезегі мен ретін күтуге тиісті құбылыстар. Мағына жағына келетін болсақ, бұл жерде ақынның  патриоттық  сезімі, ешкімге қажетсіз боп өмір сүргеннен халқыңның қажетіне жарап өлуді артық санайтынын байқаймыз.