Тіл мәдениеті

32

Сабақтың тақырыбы:  Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік:   оқушыларға төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік беру олардың айырмашылығын өз беттерінше таба алуға үйрету

2.Дамытушылық:  Сауатты жазуға Өз ойын көркем жеткізе алуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

155- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

Төл сөз-жазушының я сөйлеушінің сөздегі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз,бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзі.

Автор сөзі-төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының не

сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылуы.

Төлеу сөз-жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі.

Төл сөздің орын тәртібі мен тыныс белгісі:

1)төл сөз автор сөзінен бұрын:

«Төл сөз»,-автор сөзі.

-Төл сөз,-автор сөзі.

2)Төл сөз автор сөзінен кейін:

Автор сөзі: «Төл сөз».

Автор сөзі: -Төл сөз.

3)Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді:

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.

Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі.

4)Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».

-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз.

ІV. Cабақты меңгерту

156-  жаттығу

Өзіндік жұмыс

  1. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс

VІ. Үйге тапсырма беру. 157 -жаттығу        

  VІІ. Бағалау.