Бақылау диктанты Жетім

24

Сабақтың тақырыбы:  Бақылау диктанты   Жетім

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру

2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға , адалдыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы   Жетім (149 сөз)

Сабақтың түрі: бақылау  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІІ. Жаңа сабақ  Мәтінді оқып, оқушылармен сөздік жұмыс жасау

Мәтінді толық оқып шығу , сөйлеммен оқу, сөз тіркесімен оқу, тыныс белгілерін қою үшін сөйлемді қайталап оқу, жазып болғаннан кейін мәтінді толық оқып шығу

               Жетім

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бектерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Сондай жүдеп сарылған төбелердің

арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр.

Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен түн қатып келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында жігіттер келе жатқан жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты.

Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ  көде, сары селеуді сүйретіліп, сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. Белгісіз тұңғиық  жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады.Ол қараңғылықтың ішіне сүңгіп кетіп, енді ешқашан  шыға алмастай көрінді.

( М. Әуезов)  149 сөз

              

 

  1. Сабақты қорытындылау

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сынаққа дайындалып келу

VІІ. Бағалау.