Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары

30

Тақырыбы:  Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары

 

     Сабақтың мақсаты:  шылау туралы түсініктерін нығайту, қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ  шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.

  1. Оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда ұштастыру, кеңейту.
  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамытуға ықпал ете отырып, білімдерін жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Сауатты жазу дағдыларын арттыру.
  3. Оқушыларды ізденімпаздыққа , өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

     Түрі:    дәстүрлі емес сабақ

     Көрнекілігі :  слайдтар,суреттер.

     Әдістері:  ассоциация, сұрақ-жауап, көрнекілік стратегиясы,жазу,талдау.

 

      Сабақтың барысы :

      І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                                                                  

      ІІ. Өткен сабақты пысықтау                                                                                                                             

Шылау. Шылауға топтастыру стратегиясын құру.

 

Сұраққа жауап

бермейді

 мен, (бен,пен) және

шылаулары                                                       Жеке тұрып сөйлем мүшесі

болмайды

 

Өз алдына толық             ШЫЛАУ                Сөзден бөлек жазылады

мағынасы жоқ                                                 ма (ме), ба (бе), па (пе)

шылаулары

 

 

Сөзбен сөзді             Өзіне қатысты сөзге үстеме

байланыстырады                мағына береді

Қой (ғой), қана (ғана),

-ақ   шылаулары

да (де), та (те) шылаулары

 

 

ІІІ.    Жаңа сабақ

548-жаттығу. Сөйлемдерді  оқы. Шылауларды  тап. Өздері тіркескен сөзге  үстеп тұрған мағынасын түсіндір.

Не шаруамен келіп ең, айта ғой. Нан дүкеніне барып келе ғой. Бұл тым ұзақ қой. Тәтеңдерге бүгін бармай-ақ қой. Бар болғаны осы ғана. Кешіккен сен ғана. Есептің бәрін дұрыс шығарған — Мұрат қана.

 

     Көркем жазу.

Айта ғой, барып келе ғой, бармай-ақ қой.

 

Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ   шылаулары     өздеріне қатысты сөздерге өтініш, шектеу, даралау т.б. мағыналар үстейді.

     Қой, (ғой)  шылауы өзі  тіркескен  сөзбен  бірге  сөйлемде  баяндауыш  болады.

      Көрші үйге барып келе ғой.

       Өзі тіркескен сөзден -ақ  шылауы  дефис арқылы  бөлініп  жазылады:  мұның  жөн-ақ.

 

      549-жаттығу. Сөздерге қана (ғана) шылауларының тиістісін қосып сөйлем құрап жаз. Марат, Шолпан, Күлән, ағы, сарысы, інісі, олар, сіздер.

 

Суретпен жұмыс.

 Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары бар мәтін құрау.

    550-жаттығу. Сөздерге –ақ шылауын қосып, сөйлем құрап жаз. Мен, сіздер, жақсы,барып, келмей, әдемі.

    Бала мен дәрігер (диалог оқу )

Дәрігер: Не себептен келдің, балақай, айта ғой!

    Бала: Анам балмұздақ жемей-ақ қой деп еді! Мен тыңдамай жеп тамағым ауырды.

    Дәрігер:Әке-шешеңнің айқанын әрқашан орындай керек қой! Олар сен үшін айтады ғой.

    Бала: Әрқашан тыңдаушы едім, кеше ғана шыдамай жеп қойып едім.

    Дәрігер: Бұл  енді соңғы рет болсын. Мына дәрілермен 1 сағат сайын тамағыңды шай.

 

      ІV. Қорытынды.

      V.Бағалау.

Үйге тапсырма: 551-жаттығу.