Тіл ұстарту сабағы «Дыбыстар әлемі»

135

5- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:  Тіл ұстарту сабағы «Дыбыстар әлемі»

Сабақтың мақсаты:

білімділік-           фонетикадан өтілгендерді қайталау, қалай меңгергендерін бақылау, оқушылардың  дұрыс сөйлей білуге, сауатты жаза білуге іздендіру

дамытушылық-   дыбыстарға математикалық  тәсілмен мінездеме беру дағдысын, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру, фонологиялық талдауды меңгертуді дамыту

тәрбиелілік-        оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға, орынды қолдануға, сөйлем талдауға, бір-бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа, ана тілін қадірлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   жарыс сабағы

Әдісі:                   сұрақ-жауап, ой бөлісі, талдау

Көрнекілігі:         слайдтар, бағалау жетондары

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу
  2. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

1-топ «Дауыстылар»                    2-топ «Дауыссыздар»

Бұгінгі сабағымыз «Дыбыстар әлемі» деп аталады.

ІІ. Топ басшыларының таныстыруы

1-топ

Біз дауысты дыбыспыз,

12 әріптен құралған.

Сөз буыны боп тұрмыз,

Дара да, топ та тұра алған.

2-топ

Біз дауыссыз дыбыспыз

Жиырма алты дыбыстан тұрамыз

Өзіміз үшке бөлініп,

Әр түрлі сөз құрамыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

Ой шақыру. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс не үшін қажет?

Дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі- сөйлем- мәтін

2 –топ өздері туралы мәтін айтады.

Дауыстылар                                          Дауыссыздар

жіңішке

Тіл   —     жуан                                    салдыр-қатаң

Ашық                                 үн басым-үнді

Жақ  —      қысаң                                 салдыр басым- ұяң

Ерін- еріндік-езулік

езу

 

ІҮ. Әр топ өздерінің алғашқы дыбысынан басталатын сөйлемдер айтады.

«Бірдей дыбысты сөйлемдер»

1-топ:         Айнұрдың анасының аты-Алмагүл.

Айдардың атасы Астанаға асығыс аттанды.

Ермек, Ержан екеуі еріншек елінен емес.

Ұлар ұясынан ұшты.

 

2-топ:         Таудың табиғатын төртеуміз тамашаладық.  Біз бақытты баламыз. Кеше кешкісін Көркем көлеңкеге көйлекшең келді.

 

Ү. «Кім жылдам?» ойыны

1-топ

  1. Сыныптағы есімі ұяң дауыссыздан басталатын ұлдардың есімін ата.
  2. Қатаң дауыссыздан басталатын бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.
  3. А дыбысынан басталатын қала аттары.

2-топ

  1. Сыныптағы қыздардың есімі қандай дыбыстан басталады?
  2. Бірдей дыбыстан басталып, бірдей дыбысқа аяқталатын сөздерді ата(қызық, қалақ, нан, нән, шаш, тат, қақ, ана, ара, ата, ене, есе т.б)
  3. Қатаң дауыссыздан басталатын ұлттық ойындарды ата (тоғызқұмалақ, көкпар, ханталапай).

ҮІ. Мақал-мәтел жарысы.

2 топ мақал –мәтел айтып жарысады. Сол мақалдың ішінен 1 сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.

Бер: Жаманнан

Т/к: Жаманнан сөзінде неше дыбыс, неше , неше ∆ бар?

Шешуі: 80=3(3a)+ 5∆ (ж,м,3н)

 дыб талдау

  1. 3=
  2. 3=
  3. 3=

∆ дыбыстарға талдау

  1. 5=
  2. 5=
  3. 5=1∆(м)ерін ∆+3∆(3н) тіл мен тіс ∆

Бер: Жирен

Т/к: Жирен сөзінде неше 0, неше , неше ∆ бар?

Шешуі: 50=2 (и,е) + 3(ж,р,н)

  1. 2=
  2. 2=
  3. 2=

 

ҮІІ. «Әріп қысқарса» ойыны бойынша дыбыстардың орын тәртібі, сапалық сипаты болатынын айтып, бір дыбысты өзгертсе, сөз мағынасы өзгеретініне қорытынды жасату, қысқарған сөздерді буын түріне талдату.

Мысалы : І топ

Палау            Қанар        Жолақ

Алау              Анар      олақ

лау                 нар                  лақ

у                     ар           ақ

ІІ топ

Дауыс          Қатаң                          Ашық

ауыс           атаң                            шық

уыс              таң                                 ық

ыс                 аң

Әр топқа 3 сөзден талдату.

ҮІІІ. «Шешендік өнер» 2 топқа тақырып беріледі,  тақырып бойынша ауызша әңгімелейді.

І. Ауылым-алтын бесігім.

ІІ. Мен-ХХІ ғасыр перзентімін.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.