Проблемалық оқытуы бойынша өткізілген қалалық әдістеме бірлестігі педагогтарына мастер-класс сабағы.

110

Проблемалық оқытуы  бойынша өткізілген  қалалық әдістеме бірлестігі педагогтарына мастер-класс сабағы.

 

Білім беру- оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі.

Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті  проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.

Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

Проблемалық оқытудың мақсаты — ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессін де меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

 

Проблемалық жағдаяттың пайда болуы
Проблемалық міндетті қою
Болжау арқылы шешім тәсілдерін табу
Проблемалық оқыту
Болжамды дәлелдеу

Сабақ  барысы: Физминутка  өткізу

 

Топқа бөлу  әріптестерді.

Сұрақтар:

  • Сабақ барысында проблемалық ситуациялар неден туындайды?
  • Тәртібі нашар оқушылар үшін.
  • Сабаққа дайын болмаған кезде.
  • Қиын тақырып туындағанды.

            

Қысқа мәтін оқып беріледі.

«FILA» әдісі бойынша.  Орындалу мағынасын  түсіндіру. Әр әріпте  мағына бар.

F – дәлел. Шыдамсыз, ренжіді, әжесі жалынды, атасы ұрысты

I- болжам. Ерке, үлкеннің тілін алмайды, өзін ғана ойлайды.

L- мақсат.  Баланы қалай тәрбиелеу керек?

A- жоспар. Мырзабайға үлгі  болатын достар, интернет желісі, кітаптар оқу.

 

Әріптестер «ФИЛА»әдісі  бойынша мәтінмен жұмыс орындайды.

 Проблемалық жағдай:  Ситуацияны  жалғастыру «Болжау » әдісі бойынша.

  • Мүмкін ол балақатты ұйықтап  қалды.
  • Қатты жылады.
  • Кешірім сұрады.

Қызықтыру: Қалай ойлайсыздар әрі қарай не болуы мүмкін?

Шешімі: Түн ортасында әжесі  ас үйге барса…. Мәссаған….   Мырзабай  қалған тамақты соғып отыр екен.

 

 Ойландыратын  сұрақтар:

  • Егер сенің досың осы баладай  болса,қандай кеңес берер едің?
  • Қонаққа барған кезде,үй иесінің баласы сол Мұраттай болса, сенің іс-әрекетің?

Жоғарыдағы кесте бойынша бекіту.   Ойын:  «Сұрақ арқылы сөйлем »

Кім? Кммен? Қайда? Қашан? Не істеді?