Қазақ тіліне құрмет. Білгірлер сайысы

45

 

Қазақ тіліне құрмет. Білгірлер сайысы

 

Мақсаттары:

Білімділік: мемлекеттік тілді құрметтей білу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін туғызу;

Дамытушылық: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, сөздік қорларын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру,  қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,интерактивті тақта.

 

Сайыстың барысы:

1- жүргізуші: Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

2-  жүргізуші: Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар,” Қазақ тіліне құрмет” атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2- жүргізуші : Тіл — халықтың, ұлттың жаны. Біз барлық ұлттың тілін қадірлей, құрметтей білуіміз керек.

1- жүргізуші: Біздің Отанымыз  Қазақстан. Біздің еліміздің ана тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Сондықтан Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары мемлекеттік тілді меңгеруі, білуі керек.

2- жүргізуші:Тілді білу — халықты, тарихты сыйлау.

1- жүргізуші: Неше тіл білсең, сен сонша рет адамсың. Қазіргі заманда полиглот болу  өмір талабы.

Полиглот шеруі

1-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл  Фараби  70- ке жуық тілді меңгерген.

2- оқушы: А.С. Пушкин фрацуз, ағылшын, неміс, итальян, испан, патын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

3- оқушы: Ұлы Абай орыс, қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, жете меңгерген.

4- оқушы: И. Крылов Еуропаның негізгі тілдерін түгел игерген, елу жасында ол көне грек тілінде еркін сөйлеген.

5- оқушы: Герольд Бельгер:  Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі  шабытымның үш қайнар бұлағы,  деген.

6- оқушы: Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдерінен сөздіксіз аударады. Өзбек, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқи алады.

Сайыс ұранын бір ауыздан хормен айтады:

Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады.

1- жүргізуші :Құрметті көрермендер, енді сіздерді сайысқа қатысушылардың жауаптарын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырамын (әрқайсысының аты жөні, дәрежесі айтылады, бағалау нормасы ескертіледі).

1- жүргізуші  :  команда…

Хормен: Жеңіс!

2- жүргізуші  : команда…

Хормен: Барыс!

/Капитандарын таныстырады/

1- жүргізуші : 1- тапсырма: бір өлеңді жатқа мінерлеп оқу.

2- жүргізуші : Жарайсыңдар!  Келесі — мақал — мәтелдер сайысы: кім көп біледі.

1-жүргізуші :  2- тапсырма: Жаңылтпашты тез айту.

Келесі тапсырма:  Сұрақ- жауап сайысы. 5 cұрақтан тұратын екі конверт үстел үстінде. Капитандар бір конвертті алады. Командаларға 5-7 минут беріледі.

2-жүргізуші : Ал енді интерактивті тақтаға қарап, жұмбақтарды шешу керек.

Көрсең реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.

Денесі бар, сөзі жоқ,

Аяғы жоқ жүреді.

Күнді, түнді өлшейді,

Екі тілді жүрегі,

Шешуін кім біледі?

Екі аяғы да жоқ,

Белінде таяғы да жоқ.

Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен.

Жаны бар, қаны бар,

Бес сағат жерде тұрса,

Жаны да жоқ, қаны да жоқ.

 

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады

1-жүргізуші  : Келесі тапсырма: үстел үстінде бірнеше қима қағаздар жатыр. Тапсырмалары теріс қаратылған. Капитандар біреуін өздері таңдап алады. Қима қағазда белгілі бір тақырыпқа сөз жазылған. Сол сөзді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыру керек.

2-жүргізуші : Келесі тапсырма: сөзжұмбақты шешу. 1. Казах    4. Народ

  1. Мавзолей   5. Просьба
  2.                                      Независимость  6. История
 А
 С
  Т
 А
 Н
 А

 

 

 

1-жүргізуші: Енді оқушылардың білім деңгейі қандай дәрежеде екенін әділқазылардан білеміз. Оларға ақылдасып,баға қою үшін уақыт беріледі, бұл кезде сынып оқушылары  қазақ биін билейді.

2-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

1-жүргізуші: Осымен бүгінгі «Қазақ тіліне құрмет» атты білгірлер сайысы аяқталды. Назарларыңа рақмет!

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаСөзжасам
Келесі жазбаҚарағанды қаласы.