Фонетикадан өткенді қайталау

48

Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.

Сабақтың дамытушылық  мақсаты: өздері жасайтын сызбалар бойынша теориялық материалды   дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге  қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу,  талдау, іздендіру, қайталау, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар,кестелер.

Сабақтың   барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Амандасу. Сыныпты қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

320, 323, 324-жаттығулар. 2 сөзге фонология- лық талдау жасау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Дауыстылар» мен «Дауыссыздар» тобы  бүгінгі сабағымызды қайталауға  қатысады.

Тапсырма: Екі топқа да  Фонетика ғылымы нені зерттейді? Кесте арқылы беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Тақтаға  топ  басшылары  шығып,   үндестік, дыбыстар  сөздеріне фонологиялық  талдау жасайды. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.

Тапсырма. Жұмбақтарды шешу арқылы  сергіту сәтін ұйымдастыру.

1.Бір-бірімен сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс, әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма.

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы  тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

 

 

3.Дыбыс емес таңба,

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді.

Ойлап көрші,есіңде бар ма?  (ъ,ь)

Тапсырма:

«Дауыстылар» тобына:

1.тасымалдауға болмайтын 10 сөз жаз.

/10 секунд/

2.Тек ашық буыннан тұратын  10 сөз жаз.

 «Дауыссыздар» тобына:

1.Үндестік заңына бағынбайтын 10 сөз жаз.

/10 секунд/

  1. Тек бітеу буыннан тұратын 10 сөз жаз.

 

Тапсырма: «Дауыстылар» тобына: интербел- сенді тақтаның көмегімен орындалады.

Өкпенің  үстіне тек дауысты дыбыстарды қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дауыссыздар» тобына: Дастарқан үстіне тек дауыссыздан басталатын тағамдарды қойыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма:  Екі топқа да.  Екінші буынымды тап.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау

  1. Қайсысы тіл білімі саласына жатады?

А) фонема;

В) фонология;

С) фонетика;

  1. D) фонетист
  2. Фонетика нені зерттейді?

А) тіл байылығын;

В) тіл жүйесін;

С) тіл тарихын;

  1. D) тіл дыбыстарын.
  2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

А) тек тілдің қатысуымен;

В) сөз арқылы;

С) сөйлеу мүшелері арқылы;

  1. D) екі заттың соқтығысуы арқылы.
  2. Адамның тілі қандай тіл?

А) дыбыстық тіл;

В) ым тілі;

С) ишара тілі;

  1. D) сазды тіл.
  2. Тіл дыбысы – сөздің несі?

А)  ішкі мағынасы;

В) сыртқы жамылғысы;

С) түпкі мазмұны;

  1. D) көне мағынасы.

Ү.Рефлексия

Бес жол өлең шығару

  1. Фонетика

2.Дауысты, дауыссыз

3.Айтамыз, естиміз, жазамыз

4.Тіл дыбыстары сөз құрайды

  1. Дыбыс

ҮІ. Үй тапсырмасы: Фонетика тарауынан өткен тақырыптарды қайталау.

10 сұрақтан тұратын тест  тапсырмаларын дайындау.

Сөзжұмбақ, ребус жасау.

ҮІІ. Бағалау.

 

Оқушының аты-жөні өзін-өзі бағалау Топ басшысы-ның бағасы Мұғалім бағасы Қорытын-ды баға