Ашық рай

49

Сабақтың тақырыбы:                  Ашық рай

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін кеңейту, ашық рай, олардың жасалу жолдары туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы табандылыққа, төзімділікке, әдебиетті сүюге, қазақ халқының өткені мен бүгінін құрметтей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, талдау, шығармашылық жұмыс, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Ашық райдың мәні етістіктің мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені белгілі шақта жұмсалған етістік сол қимылдың боуы арықылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.

            Дәркембай өз үйінің жанында ағаш шауып отыр. Атай Ықыласты әңгіме етті. Әбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтады.

 

Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

162-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Мәтін мазмұнын таратып айту.
  3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.
  4. Ашық райлы етістіктердің шағын ажырату

 

                        Лагерьден шанамен дырылдатып сүйретіп алып келеді.

 

163-жаттығу

  1. Мәтін мазмұнымен танысу
  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

            Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін, өте жақсы танимын. Өйткені жақында ғана Мұхтар Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым.

 

 

163-жаттығу                         Ауызша талдау

  1. Мәтін мазмұнымен танысу
  2. Мәтінге тақырып қою.
  3. Ашық райла етістіктерді тауып, шағына ажырату

 

 

Шығармашылық жұмыс

Ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу

 

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:  165-жаттығу   Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау