Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

146

Сабақтың тақырыбы  Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көсемшенің түрленуін қайталау, сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды достық, жолдастық сезімдергге адал болуға, қазақ халықының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі:                                                      Аралас сабақ

САабақтың түрі:                                                   Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                                  Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге көсемшенің түрленуі туралы мағлұматты оқып келуге және 202-жаттығу бойынша есімше және көсемше формалы етістіктерді баған түрінде теріп жазуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

  1. Көсемше жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарады.

 

 

Терезеден көкпеңбек болып қала көрінеді

 

 

  1. Көсемше қимылдың амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін білдірп, пысықтауыш болады.

Таудың сай-сайымен сумаңдап, сылдырлап бұлақтар ағады.

 

  1. Кейде жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшелермен, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болады.

 

Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақылын сұрайын деп едім.

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

203-жаттығу

  1. Сөйлемдерге синтаксисьік талдау жасау
  2. Көсемшелерге сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау

 

Сибан көші Еламанның аулына қарамай, әрі асып кете берді.

 

 

 

Өзіндік жұмыс

 

Көсемшенің жасалу жолдарының үш түріне мысалдар келтіріп,  сөйлемдер құрау

 

 

204-жаттығу

 

  1. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
  2. Морфологиялық талдау жасау
  3. Көсемшенің қызметін анықтау

 

 

Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

 

205-жаттығу                         Ауызша талдау

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұндау
  3. Көемшелерді тауып, қай сөйлем мүшесі екенін ажырату

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. 206-жаттығу Адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
  2. Пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс