Морфология тарауынан өткенді қайталау

64

Сабақтың тақырыбы:  Морфология тарауынан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Морфология тарауынан сөз таптарының сөйлемдегі қызметі туралы алған білімдерін қайталау, бекіту

Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын дамыту

Сабақтың типі:                                                      Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі:                                                      Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                                  Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 215-жаттығу бойынша үлгіге сүйене отырып, талдау жасап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

 

216-жаттығу

 

  1. «Ақсүйек» мәтінін мәнерлеп оқу
  2. Мәтін мазмұнына талдау жасау, мағынасын таратып айту
  3. Мәнінен есімше және көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, мағынасы мен қызметін ауызша түсіндіру

 

 

217-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Ойынға ат қою
  3. Етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату

 

218-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Өзіндік жұмыс

Мәтіннен әр топ өздеріне берілген сөз таптарын теріп жазу

Зат есім:

Сын есім:

Сан есім:

Есімдік:

Етістік:

Үстеу:

 

219-жаттығу

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

Сынақ-тапсырма бойынша жұмыс

«Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығу