Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік

1010

Сабақтың тақырыбы:                  Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Синтаксис тарауы туралы жалпы түсінік қалыптастыру, сөздердің байланысу жүйесі, грамматикалық байланысты жүзеге асырушы тұлғалар туралы білімдерін еске түсіру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық мұраларды қастерлеуге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді сүюге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту

Сабақтың типі:                              Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:             Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау-жинақтау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ауызша тіл дамыту

 

 

Сабақтың барысы:           

І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге сынақ-тапсырма бойынша «Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Синтаксис – грек сөзі, «біріктіру», «құрау», «реттеу» деген мағынаны білдіреді.

 

Қазір грамматиканың бір саласы, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысын қарастырады.

 

Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлшегі – сөйлем. Сөйлем – сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.

Егер құрамындағы сөздерді қосымшасыз алсақ, мағыналық байланыс болмайды.

 

Синтаксис сөйлемдердің мағыналары мен түрлерін, сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысқа түсуін, сөздердің тіркесуін зерттейді.

 

Сөздер сөйлемде бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп қолданылады.

Сөйлемдегі кем дегенде екі сөздің бірінің екіншісіне сабақтаса байланысуын сөз тіркесі дейміз.

                                                                       Сөз тіркесі

 

 

Есімді                                                            Етістікті

Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай анықталады.

 

Басыңқы сыңары:     зат есім

Сын есім                    есімді тіркес

Сан есім

есімдік

 

Басыңқы сыңары:     етістік             —           етістікті тіркес

 

Ақбураның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болатын.

 

Ақбураның қасеті —  есімді

Құс секілді ұшатын – етістікті

Ұшатын қасиеті – есімді

Қасиеті болатын – етістікті

Ерекше қасиеті – есімді

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

223-жаттығу                         Ауызша

 

  1. Мәндегі сөйлемдерді мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдердегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді атап, қай сөз таптарының байланысып тұрғанын атау

 

224-жаттығу

  1. «Шөген» мәтінін мәнерлеп оқу
  2. Мәтін мазмұнына талдау жасау
  3. Мәтінен қалаған 3 сөйлемдердегі сөздерді байланыстыры, сөз тіркестерінің түрлеріне ажырату

Үлгі:   Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқында ұлттық ойын ретінде қолданылған.

Шеберлікті қажет ететін – етістікті

Бұл сайыс – есімді

Сайыс түрі – есімді

Сайыс түрі қолданылған – етістікті

Қазақ халқында – есімді

Қазақ халқында қолданылған – етістікті

Ұлттық ойын ретінде қолданылған —  етістікті

 

227-жаттығу

  1. Мәтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
  2. Сөйлемдегі сөз санын анықтап, қандай сөз тіркестері бар екенін ажырату.

 

ҮІ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

226-жаттығу

Мәтіннен қалаған 5 сөйлемді сөз тіркестеріне жіктеп, түріне ажырату