Орында жол тәртібін

73

 

Орында жол тәртібін

 

1 «А»сынып мұғалімі: Ғ.Қ. Ақмолдина Ғ Қ

 

      Мақсаты:

-Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгеру.

— Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту, ойын  арқылы ойларын дамыту.

-Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.

      Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

      Көрнекілік:Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті,транспорт модельдері,жол белгілері.

Жүру барысы:

                          І    Қызығушылығын ояту.

 

Көзін ашып жұмады,

                                               Бағыт  сілтеп тұрады.

                                                                                                                                                   

(бағдаршам)

      1-оқушы:Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді,   жұмысшылар жұмысқа,    оқушылар

сабаққа,дәрігерге,басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

      2-оқушы:Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек.Ал,қалалық жерлерде аспалы көпірлерден,жер асты жолымен өтеді.

3-оқушы:Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде

 

тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.

4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.

ІІ   Мағынасын ашу.

Мұғалім:Жиекжол деген не?

      Оқушылар:(бірге)Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

      Мұғалім:Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

Оқушылар:(бірге)Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

      5-оқушы:    Жиекжол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Өт бірақ,тар ғой,

Шықпа жолға таяу.

      Мұғалім:Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

      Оқушылар:(бірге)Бағдаршам.

6-оқушы:    Бағдаршам аты

Көп көзді батыр.

Тоқ болғанмен заты,

Өзінде көп ақыл.

      7-оқушы:   Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

8-оқушы:    Көреген дәу құйрығы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым

Ашса кезек үш көзін –

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Мұғалім:(Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

      9-оқушы:    Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

      Мұғалім:(Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

      10-оқушы:  Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта .

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

      Мұғалім:(Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

      11-оқушы:  Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

      12-оқушы:  Сөйлегенді білмей.

Бірақ,“тоқта”,”жүр”дейді.

      13-оқушы:   Менің үш көзім бар:

Бір көзім “кідір”-дейді,

Бір көзім “абайла”-дейді.

“Қарап ал маңайға”-дейді

      14-оқушы:  Әйгілеп үш көзді,

Бір дәу тұр үшкөзді.

Оған жас-кәріміз.

Бағындық бәріміз.

      15-оқушы:  Айтқан сөзді құптап,

Тек абайлап атта.

 

Ережені мықтап,

Есіңе ылғи сақта.

      16-оқушы:  Бағдаршам жоқта,

Асықпағын текк.

Ондай жерде тоқта,

Жолды қиып өтпе.

17-оқушы:  Жаяу үшін белгі

Қойылады арнай.

Тауып сондай жерді,

Өткін еппен аңдай.

18-оқушы:  Көлік жүрер жолда,

Ойнау тіптен шатақ.

Әйтеуір бір онда,

Кезігеді апат.

      Мұғалім: Балалар,биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер.Неліктен олай болған себебі – оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

      19-оқушы:   Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Өше қалғанотындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дәл-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

      20-оқушы:  Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар,балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

      Мұғалім:Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

      Оқушылар:(бірге)Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

      Оқушы:        Бес жас емес,

Болсаң-дағы кетпе.

Жолға шығып дәндеп,

Велосипед теппе.

      Оқушы:

Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құймышақта ері бар,

Бұл не деген жануар?

Оқушылар:(бірге)Ве-ло-си-пед.

21-оқушы:Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.

22-оқушы:Есігінен артқы,

Көлікке сен мінгін.

Дәл осы бір салтты,

Құлағыңа ілгін.

23-оқушы:Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кіргін.

Енді есіктен ылғи,

Түсеріңді білгін:

ІІІ  Ой толғаныс.

 

Мұғалім:Трамвай,автобус,машина артына жабысуға бола ма?

      Оқушылар:Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

      24-оқушы:Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

      25-оқушы:Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

26-оқушы:Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.

«Бағдаршам» ойыны

  1. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсі  түсін көрсету       Оқушылар екі жаққа  кезек –кезек

қарап дайындалады

Дайындал!

   Жасыл түс                                                                 Аяқтарын  топ-топ басады.

 

  1. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар бір орында қозғалмай

тұрып қалады.

Бағдаршамның сары түсі  түсін көрсету                                    Ду қол шапалақтау.

 

   Жасыл түс                                                                                       Алға жылжу