Өткен шақ

  1. Өткен шақ

 

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

1) Жедел өткен шақ — сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді.  Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.

 

 

жақ жекеше көпше
I Мен оқыдым Біз оқыдық
II Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар
III Ол оқыды Олар оқыды

 

2) Бұрынғы  өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

  1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
  2. 2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары

  • -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:

 

жақ жекеше көпше
I Мен оқитынмын Біз оқитынбыз
II Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар
III Ол оқитын Олар оқитын

 

  • -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:
жақ жекеше көпше
I Мен   барушы едім Біз барушы едік
II Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер
III Ол барушы еді Олар барушы еді

 

Loading...