К дыбысы мен әрпі

103

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

Міндеттері:

1 Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекілік:интерактивті тақта,К-дыбысына байланысты заттардың макеті,

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:ойын технологиясы,АҚТ,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.

Біз біргеміз

Сөгілмесн іргеміз

Ізденсек бірге бәріміз

Жетерміз білім шыңына

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

— Өткен сабақта кандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?

— Ее дыбысымен, әрпімен.

— 76-шы бетті оқыту. Тез әрі сауатты оқиық.Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.      Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды

(ешкі)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)

 

Буынға бөлу:Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)

Бүгін к дыбысымен танысамыз.

  1. К- баспа әрпі көрсетіледі. К-деп 3 рет айтып, тілдің ортасы таңдайдың орта шетіне нық жабысып бірден кілт ажырап кетеді.

К – дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды.

  1. Мынау не? –

Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.

  • Мынау не? –мынау- кесе
  • Мынау не? – мынау- кәмпит
  • Мынау не? – мынау- күріш
  • Мынау не? – мынау- кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.

(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.

К сөздің басында келеді.

  • Мынау не? – мынау- мектеп. Мектепте білім аламыз.
  • Мынау не? – мынау- сөмке.
  • Ал, мынау қай сан? – екі. Екі қандай баға?

К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).

  • Мынау не? – мынау- шелек.
  • Мынау не? – мынау- шәйнек.
  • Мынау не? — мынау- әйнек.

К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.

Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

  1. Енді бағандағы сөздерді оқиық.

Кеме – кеме суда жүзеді. Ол ағаштан жасалады.

Кесе – ыдыс.

Терек – ағаш.

Шелек – ыдыс.

Мереке – мейрам.

Береке – ырыс

Кебеже – ыдыс, тамақ салады.

Текемет – еденге жаяды. Ол киізден жасалған.

«Орным қайда?» ойыны.

Тақтадағы                      буындардан сөз құрайық.

Ке  ме  — к дыбысы қай буында кездескен? (к 1 буында)

Те   рек  — (2- буында, сөз соңында)

Ше  лек – (к- сөздің екінші буынында тұр)

Ке  се – (к- сөздің басында, 1- буында тұр)

  1. Сергіту сәті.

Қызыл, сары, қоңыр, көк

Алуан-алуан көбелек.

Торға түсіп қалмашы

Торғайға жем болмашы.

7: Дәптермен жұмыс.

— К әрпін жазып үйренейік. К – балалар қаламды қолға алып, к әрпін ауада жазайық. Енді дәптерге жазыңдар!

Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтаға сөздік диктант жазу. Кесе, кеме, кебеже, шелек.

  1. Оқулықпен жұмыс. «Кеме» мәтінін оқу. Мынау- кеме. Кеме- ағаштан жасалады. Кеме- суда жүзеді. Кемені балықтарға қарап жасаған.
  2. Мәтін мазмұнын сұрау.

Қорытынды:

Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)

-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
Бағалау (мадақтау)
Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
Тосын сый (кітап).