Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау

65

Ұлттық  біріңғай  тестілеуге  дайындау

Бүгінгі  таңда  баланың  білімін  сынайтын,  ұстаз  шеберлігін    анықтайтын ,  және  мектептің ,  аудан  жетістігінің  көрсеткіші  ол —  ҰБТ.

Білімді  ұрпақ  дайындауда  шығармашылықпен  еңбек  ете  білген жөн.      Оқұшы  өздігінен  еңбек  етіп ,  талпынып ,  жеткен  жетістігінің  жемісін  көре  білуі  тиіс .  Мұғалім  оқушымен  үнемі  тығыз  байланыста  болуы  қажет .

Орыстың  ұлы  ғалымы  М.В.Ломоносов  «Ақыл –ойды  тәртіпке  келтіретін  математика ,  сондықтан  оны  оқу  керек» — деген .  Осыған  байланысты  оқушының  ақыл — ойына  зор  ықпал  жасау  қажет .

ҰБТ  сапасын  көтеру  мақсатында  әр  бір  мұғалім  өз  алдына  міңдеттер  қойып ,  оларды      жүзеге  асыру  үшін  үнемі  ізденіс  үстінде  болу  керек .  Әр  сыныптың  оқу  бағдарламасындағы  тақырыптарды  тиянақты  әрі  қатесіз  меңгерту  қажет .

Әр  жеке  тұлғаның  саналы  және  сапалы  жұмыс  істеуіне  ықпал  ету  керек .

ҰБТ-ның  сапасы  жақсы  болу  үшін  қосымша  жұмыстар  жүргізуге  тура  келеді .

Тестке  дайындық  жұмыстарын  5 – сыныптан  бастаған  жөн .

5- сыныптан  9- сыныптарға  дейін  жүргізілген  тест  жұмыстарын  орта  буын  бойынша  қорытындылап  алған  дұрыс.  Осы  сыныптар  арасында  тест  кітапшасымен  жақсы  жұмыс  істеген  оқушы  әріқарай  да  іздене  береді .

Осыған  орай  біздің  мектепте  жыл  сайын  тамыз  айында  математика  пәні  бойынша  пәндік  лагерьлер  ұйымдастырылады .  Онда  оқушыларды  ҰБТ –ға  дайындауға  байланысты  жұмыстар  жүргізіледі .

5- сыныптан  бастап  формулалар  жинағын  жасап ,  олардың  ұқсастық  пен  айырмашылықтарын  анықтау ,     есте  сақтаудың  және  дұрыс  қолдана  білудің  жолдарын  көрсетуге  байланысты  жұмыстар  қолға  алынды .

Үзбей  жүргізілген  жүйелі  жұмыстың  нәтижесінде  оқушылар  қиындық  көрген  тақырыптарының  сараптамасын  өздері  жасайды .

Қайталаудың  негізі  осыдан  туындайды .

 

 

 

Оқушылардың  міндетті  білім ,  білік  және  дағдыларын  анықтау  мақсатында  О. В.Узорова ,  Е. А. Нефедованың  басшылығындағы  уақытқа  байланысты  тез  есептеу  және  Л. Г. Петерсонның  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  арттыруға  байланысты  1-4  сыныптар  бағдарламасына  сәйкес  жұмыстарды  бастауыш  сыныптардан  бастап  жүргізу  дәстүрге  айналды .

Факультатив  сабақтарында  жылдам  және  ауызша  есептеу  тәсілдері ,  ҰБТ –да  кездесетін  күрделі  тақырыптар ,  сондай – ақ  стандарттық  емес  есептерді  шығарудың  жолдары  қарастырылады .

Қай  істің  болса  да ,  бастауы  берік ,  ұтымды  құрылып ,  ойластырылып  жүргзілсе ,  дәйекті  жалғасын  тауып ,  игілік  көзіне  айналары  сөзсіз .

Тек  ізденіс ,  алға  ұмтылу ,  тың  идея ,  жаңа  серпіліс  қана  алға  итерер  күш  болады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика  пәні  мұғалімі :  П . Бакиева

И. Искандеров  атындағы  орта  мектебі  мектепке  дейінгі  шағын                                    орталығымен  мемлекеттік  коммуналдық  мекемесі

 

Оқушының  математика  пәніне  қызығушылығын  арттыру

 

Оқушының  математикаға  ынтасын  дамыту  мұғалімнің  негізгі  мақсаты  болып  табылады .  Оқушының  пәнге  қызығушылығы  — оны  табысты  да ,  түбегейлі  игерудің  негізгі  шарты .

Пәнге  танымдық  қызығушылықты  дамытудің  үш  шарты  бар:

Біріншісі – мазмұнның  жаңғыртылуы ,  бұрын  жария  етілген  фактілерді  жаңаша  сипаттау ,  хабарланып  отырған  материалдарға  тарихи  бағдар  беру ,  ілімнің  практикалық  мәнін  ашып  көрсету  және  ғылымның  соңғы  жаңалықтарын ,  табыстарын  жүйелі  баяндау .

Екіншісі – өз  бетінше  жұмыс  істеудің  әрқилы  түрлерін ,  оқытудың  проблемалық  тұрғыда  қолға  алған  материалды  зерттеу  негіздерін  және  оқушының  шығармашылық ,  практикалық  жұмыстарына  бағытталған  оқуыту  тәсілдері .

Үшіншісі – оқушының  қабілетін  ұштау ,  мұғалімнің  оқушыға  көмек  беруге  дайын  тұруы ,  олардың  мүмкіндіктеріне  қолдау  көрсету  қабілеті ,  талап  қоюшылдығы  мен  адалдығы ,  балаларды  көтермелей  білу ,

сондай – ақ  оқушылардың  өз  ара  бәсекесіне  көмек  көрсете  білу  қасиеті .

Сабақтың  тиімділігін  арттыру  және  оқушылардың  математика  пәніне  қызығушылығын  тудырудың  жолдарының  бірі – сабақ  барысында  оқушылардың  алған  білімін  баяндауға  ынталығын  және  математика  тарихының  элементтерін  енгізе  отырып ,  есептің  текстік  мазмұнының  тартымдылығын  арттыру  керек .

Оқушы  назарын  аударатын ,  ойына  түрткі  болатын  математика  туралы  қызғылықты  материлдар ,  әр  түрлі  тартымды  қызықты  есептер ,  математикалық  софизмдер  мен  ойындар  сабақ  үстінде  өзінің  орнын  табу  керек .  Мұндай  есептер  оқушылардың  математикаға  деген  ынта  ықыласын   арттырып ,  есептерді  өздігінен  шешуге  итермелейді ,  логикалық  ой – өрісін  дамытады .

Оқушылар  бірсарынды    есеп  шығарудан  шаршамас  үшін  әр  түрлі  математикалық  жарыстар ,  ойындар  ұйымдастырылғаны  жөн .

Мысалы:  өткен  материалды  пысықтағанда  оқушылармен  жұмысты  топтар  арасында  эстафеталар  немесе  ер  балалар  мен  қыздар  арасындағы  жарыс  түрінде  ұйымдастыруға  болады .

 

 

 

 

Мұғалімнің  негізгі  мақсаты – математикалық  ойлауды  қалыптастыру  арқылы  оқушыны  өздігінен  оқутуға  үйрету .  Ол  үшін  оқушылар  білім  негіздерін  мұғалімнің  басшылығымен  іздестіре  отырып ,  өздері  жаңадан  ашулары  керек .  Оқу  процессі  осылай  ұйымдастырылғанда  оқушылардың  ойлау  қабілеттері  кеңейіп ,  сабаққа  деген  ынтасы артады .

Д. Пойа  айтқандай : « Егер  мұғалім  өз  пәніне  шын  ықыласымен  берілсе ,  онда  бүкіл  сыныпта  бұл  пәнге  ынтасымен  берілетін  болады .  Егерде ,  пән  сізді  қызықтырмаса  және  оны  терең  білмесеңіз ,  онда  сабақ  беруден  бас  тарту  керек .  Себебі  сіз  ешқашанда  сабақты  жақсы  бере  алмайтын  боласыз».  Расында  да ,  пәнді  сүю  және  оны  терең  білу —  мұғалімге  қажетті  шарт ,  алайда  бұл  жеткілікті  емес .  Мұғалім  өзінің  пәнге  деген  қызығушылығын  өз  оқушыларының  бойына  сіңіре  білу  қажет .

Қазіргі  күн  тәртібінде  өзекті  болып  табылатын  мәселе – оқушылардың  әрқайсысының  өзіндік  қабілетін ,  мінезін  танып ,  жетілдіріп ,  сол  бағытта  жеке  тұлғаларды  тәрбиелеу .

Математика  сабағында  оқушылардың  осы  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру ,  алдына  қойылған  есеп  шешімін  өз  бетінше  табуын  жетілдіру ,  ойлау  деңгейін ,  қабілетін  жоғарылату  ұстаздың  басты  міндеті .

Математика  сабағын  жүргізгенде  әр  түрлі  тәсілдерді  тиімді  пайдалану  білу  керек .  Білім  беруді  ізгілендіру ,  оқыту  әдістерін  жетілдіруді ,  дамыта  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерінің  тиімді  пайдалануын  талап  етеді .

Егер  берілетін  білім  мен  оны  меңгертудің  арасында  үйлесім  болмаса ,  тиісті  нәтижеге  қол  жету  мүмкін  емес .

Білім  берудегі  шамаға  лайықтылық  тиісті  кедергілер  мен  қиындықты  жеңе  отырып  меңгерілсе , ұғым – түсінік  тиянақты  болады .

Жүйелі  түрдегі  әрекет  мақсат  еткен  нәтижеге  жеткізеді  және  одан  шәкірт  рухани  қуат  алып ,  ақыл – ой  еңбегінің  дағдысын  қалыптыстырады .

Берілетін  білімнің  беріктігі  шәкірттің  шамасына  лайықтылығы  мен  жүйелілігіне  байланысты , оқушының  көңілін  әр  нәрсеге  алаңдата  бермей,

Олардың  зейінін  нақты  бір  мәселеге  тиянақты  бағдарласа ,  математиканы  игерту  нәтижелі  болады .

Оқыту  барысында  шәкірттің  білім  деңгейін ,  ойлау  қарқынын  есте  сақтау  мүмкіндігін  және  дербестігін  ескеру  керек .

Оқушыларды  математиканы  оқуға  қызықтырып  тарту  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызу ,  нәтижеге  жетуге  ынталандыру   қажет .

Математика  ғылымының  қыр –сырын  жүйелі  түрде  меңгеру  логикалық,

стандартты  емес  есептерді  шеше  алмаса  мүмкін  емес .  Оқушыларға осындай  есептерді  шешуді  үйретуді  бастауыш  сыныптардан  бастау керек.

Есепті  шығару – практикалық  өнер ,  оны  үйрену  үшін  тұрақты  машықтану  керек .  Есеп  оқушының  ойын  оятады ,  оның  ойлау  қабілетін  белсендіреді .

Есеп  шығару  ақылдың  гимнастикасы  болып  саналады .