Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты идеясы

43

Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты  идеясы

    Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады.                           «Оғыз халқының  басына  қайыр  келетінін  сөйлеген  едім»  деп  айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені  байқалады. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді.  Қорқыт  Ата  ертегілері  мен  дастандары-түркі  мифологиясының қайнар көзі.  Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалды. Оларды жыр түрінде жазған — Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар  баяндалады.  Дастанда  ерлік,  әділдік,  адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы  күреседі.  Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т. б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы — әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік  көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік  құнары  мол қанатты  сөздер  көптеп  ұшырасады. Мысалы: «Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі», «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды», «Ат қиналмай жол шалмас»,                     «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» т.б. Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер — мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды .Қорқыттың  пайымдауынша, адамдар  адамилық  қасиеттерін сақтап қалу керек.  Адам үшін ең  қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт  жер — жаһанды кезіп, «басқа  елден  әркімге  өз  елінде  жақсы» деген ой түйіндегенін  байқауға  болады.  Қорқыт  ата  нақылдарынадағы  тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестерін  әр қырынан қарсаңда дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынас орнату, ұл мен қыз тәрбиелеп  өсіру,  үй-іші тыныс тіршілігінің   бақытты өмірінің  бірі деп есептейді. Қорқыт ата  жеткіншек, жасөспірімдердің жанымен қоса тәнінің шынығуына, елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелейді.