Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

66

 

Сабақ тақырыбы:  Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Өткізетін орны:    спорт зал

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: 

  • Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу;
  • Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

 

Құрал-жабдықтары:  Ысқырғыш, секундомер, т.б.

 

Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау
І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу

—          Түзел!

—          Тік тұр!

—          Саламатсыздар ма?!

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

— қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру  жаттығулары:

—          Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

—          Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

—          Сол қол алда, артпен жүгіру;

—          Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

—          Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

—          Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

—          Екі қол  артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.

—          Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.

—          Сап бойынша жру

—          Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары:

—          Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

—          Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

—          Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

—          Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

 

20 мин.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.

 

 

 

Қолды бүкпей, толық айналдыру

 

 

 

Аяқты бүкпей орындау

 

 

Денені тік ұстау

 

 

 

 

 

Қолды бүкпей, толық қисаю

 

 

 

 

Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.

 

 

 

 

Аяқты бүкпей толық қисаю.

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:

—          Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;

—          «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;

—          Кеудені дүрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;

—          Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;

—          Оқушыларды бір орыннан жүгірту

 

20 мин.

 

 

Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

—          Түзел!

—          Тік тұр!

—          Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.

 

 

5 мин.

 

Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау