Табиғатым — тал бесігім

307

Сабақтың тақырыбы: Табиғатым — тал бесігім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру.         Әлемдегі тіршіліктің негізі Күн Ана, Жер Ана, су және табиғат екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, Жер Ананы құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің табиғатын аялау, тіршілік иелерімен таныстыру, бабалар, билер өсиетін қастерлеу ұғымдырып, оқушы ойының дамуына түрткі болса, екінші жағынан тәрбиелік тәлімі бар мол қазына

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, интерактивті тақта,үнтаспа     Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Кіріспе.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы:                                   « Табиғат тіршілік бесігі.»  Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық»  деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты  пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға  зиянды әсерін тигізуде.

Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар  орман жойылады екен.  Соңғы жылдары теледидардан «Экологиялық апат», « Экологиялық проблема» дегенді жиі естиміз.

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған  қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс.

Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау,  көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

 

Жүргізуші: Табиғат!!! Осы бір сөзде қаншама мағына бар десеңізші.

Жайлау:     Соңға кезде табиғат туралы жиі сөз болып жүр. Бұл мәселе бізге        де ортақ емес пе?

Суат:          Менің ойымша, жайлау, табиғат мәселесіне балалар да араласуы керек Әжем « Егер адам бала кезінде табиғат ананы  бағалауды білмесе, есейгенде қасиет құтын түсінбейді » деуші еді.Қазіргі айтылып жүрген экология деген сөздің де мағанасын біле қоймадым.

Жүргізуші:  Шынымды айтсам менің де хабарым жоқ . Жүр одан да Жер ана мен Табиғат атадан сұрайық.

Суат:         Жүр.

Жайлау:     Міне қызық: Жер ана мен Табиғат атаның өздері де келе жатыр. Сәлеметсіздер ме апа, ата!

Жер ана:    Амансыңдарма, қарақтарым!

Жайлау:      Жер ана біз Суат екеуміз экология деген сөзді түсінбедік.

Жер ана:     Айналайын балаларым, менің де жанымды мазалап жүрген сұрақты  қозғадыңдар ау. Мен сіздерге бұл сөздердің  мәнісін түсіндірейін. «Экология» дегеніміз гректің  « экос » мекен,           « логос» — ғылым деген сөздерін құрайды.Бұл атауды алғаш рет 1869 жылы Э.Геккель ұсынған болатын. Әр адам экологияның  жақсаруы жолында күресуі керек.Теңіздер тамшыдан құралады.Мысалы: арал теңізі, оның қазіргі жайы туралы не білеміз?

Гүлзира:

— Арал кеуіп кетпесін, арал кеуіп,

Беу адамдар, берекесіз жүргендер,

Көп алам деп көбік өмір сүргендер,

Алып- алып ақырында ақырында бір күні

Алар нәрсе таппай қалып жүрмеңдер.

Мен қандай ем бұдан қанша жыл бұрын.

Сен кеп іздедің шындығымның шылбырын.

Жылдын- жылға ашылды да ындының,

Дүниенің байқамадық құрдымын.

Ақ төсімде күліп ойнап күн нұрлы,

Сайраушы еді тоғайымның бұлбұлы.

Мен емес пе ем қос қария кіндігі,

Туған жердің түтіні құт түндігі.

Арал тағдыры- адам тағдыры. Арал теңізінің жойылуы экономикалақ және әлеуметтік  жағынан кері әсер едік.

Ән:      Жасыл жайлау.

Жер ана:

— Ия адамзат баласының ұзақ жылдар бойы Жер анаға жасаған үздіксіз озбырлықтарының нәтижесі экологилық апат деген алып айдаһар болып өзіңе қайта шапқалы тұр.

Жайлау:        Мұны бір жерден оқыған сияқтымын.

Жер ана:       Ал, ауа оттегінен тұратынын білесіңдер ме?

Суат:              Білеміз, апа.

Табиғат ата:    Білсеңдер жақсы. Транспорт, ұшақтар да қаншама зиян келтіріп жатқанын өздерің есептеп көріңдерші.

Суат:   Ата ол сұмдық сан болды ғой. Бұдан бұрындары мектепте дүнидегі таусылмайтын шексіз байлық – ауа мен су, орман тоғай деп оқытатын еді, Ал қазір

 

ауаның да азайып, тоғайдың да жойылып, теңіздің де тартылатынына көзіміз жетті.

Нұрсұлтан, Ерасыл

Нұрсұлтан:            — Жер Ана адамдарға не бар тілегіңіз

Жер Арай:  Қан төгіп соғыспаңдар

Өтінемін

Куәсі едім соғыстың,

Ұлы істің де,

Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге.

Ақылынан адамның азап тауып,

Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде,

О, адамдар!

Мезгілден сыр күткендер,

Бейбіт күнді жерде пір тұтты елдер ,

Таза ауаны түтінменен құртпаңдар,

Есірліктің есігін құлыптаңдар.

Хиросимо тағдырын ұмытпаңдар.

Тыныш жатсын құстар да ұясында,

Күрсінбесін қария, қия шыңдар,

Қару алмай

Қастаспай, достасып — ақ

Барлығың да төсіме сиясыңдар.

О, менің перзенттерім менің қойным кең. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен көлдерімді , сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ сендерге аманат.

— Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір — біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер.Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Ән:    «Жасыл жайлау»

Ақсезім:

Жер – ана мен өз анаң егіз екен

Мейірімдер мейлінше теңіз екен.

Анам туды, Жер- Ана жетілдірді.

Осыны өзім өмірге негіз етем.

Аружан:

Жаратылыс- жан ана,

Қорек қып суға, ауаға.

Топырағыңмен асырап,

Сәулесін құйған санаға.

Асқар:

Алтын күн, жарқын Күн,

Шуағыңды төге бер,

Арайыңнан нәр алған-

Біз бақытты балдырған!

Армысыз, қайырлы Күн!

Армысыз қайырымда Аспан Ата!

Армысыз, мейірімді Жер Ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Армысыздар қонақтар!

( судың, құстардың дыбыстары музықа арқылы естіліп тұрады.)

Қарлығаш:

Күн Ана.

Әлемге қуатты.

Сәуле мен шуақты

Алып күн беріп тұр.

Назерке:

Жер- Ана

Аялап анамыз,

Саялап анамыз,

Құлпырған тірлікпен,

Жер құтты гүл біткен

Ақтан:

Су Ана

Өңірдің өзегі-

Өмірдің өзені

Сусыз жер- өмір нусыз,

Өр өңір – тұз.

Әділ:

Ауа Ана

Анасы жер шарының-

Дәу әлем

Қоршаулы ауамен,

Ауасыз тұншығар.

Әсем:

Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.

Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.

Су- тіршіліктің көзі.

Ауа- өмір тынысы.

Ән : Моншақтар.

Меруерт:

Қазақстан бейне бір бала батыр,

Алдыңызда міне тұр жаңа ғасыр.

Елім ғасыр қақпасын полигонсыз

Ашу үшін адымдап бара жатыр.

Серік:

Өмір қымбат қашанда адам жанға ,

Оны қорғау- борышым елім сонда.

Кешегі бір жылдарды айналғанды

Қазағымның даласы полигонға.

 

Вазир:

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дана қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны.

Бинази:

Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетіп,

Биікке самғап жетемін.

Джамал:

Айтарым досым сендерге,

Күтіңдер орман тоғайды.

Балалар біздің жер – жерде.

Байлығын елдің қорғайды.

Мерей:

Табиғаттың асылын

Жиып, теріп бағалап,

Қызыыл кітап ішіне,

Енгіземін даралап.

Көрініс:              Аңшы мен бала.

  • Қүс аулауға шығамысың?
  • Шығамын.
  • Атқаныңды жығамысың?
  • Шығамын.
  • Міне мылтық атамысың?
  • Атамын.
  • Сен атып қайт мен демалып жатамын
  • Құсың қайда , қарағым ау?
  • Атпадым.
  • Таппадың ба тоғайдан құс?
  • Таппадым.
  • Көп еді ғой көлде құс?
  • Көп екен.
  • Ендеше неге атпадың?
  • Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.

Әсем:

Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме ! – деп

Ұрсушы еді менің анам күйгелек.

« Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын

Шыққанымда тұлпарымды сүйрелеп,

Ұя бұзба, бұзба деймін балама!

Өсиетің қандай ғажап жан ана,

Тал теректі тамырынан қиятын,

Тасжүректер әлі де көп арада

«Бұзба» дейді Аспан түгел, Жер түгел

Сол өтініш адамды еске келтірер

Анам болып ұлы Отаным сөйлейді

Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел.

 

Ақтан:

Туған жерді сүю парыз

Сүю үшін білу- парыз

Қасиетті- ұғу парыз

Күзетінде тұру парыз

Танымай өтеміз бе киесіне?

Қырсығын білместіктің тиерін де,

Ұрпағың дал болар ма, ағаш таппай

Кәдімгі домбыраның тиегіне.

Қарлығаш:

Қасиетті сөз бар еді «Кие» деген,

«Киеліге жоламас күйе » деген.

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген,

Көкті жұлма , болады обал деген.

Ата-анамыз жыланға үйге кірген,

Ақ сүт құйып басына жоғал деген.

Көрініс:

Асқар:          Атақты батырХанкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты

 

Райымбек:            —          Жер дегенім немене?

  • Ел дегенім немене?
  • Жер сәні деген немене?
  • Ел сәні деген немене?

Серік:                   —           Жер құты деген немене?

  • Жерді не көтереді?
  • Елді кім көтереді?

Ақтан:            Төле би:

Жер дегенің- тіршілік,

Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған                     шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты – қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

Автор:

Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер- қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.»  Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген

Ақсезім:            Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені.

Меруерт:

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың.

Хор:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Азамат:

Табиғат аясы- адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою- өрнектерден де көруге болады.Мысалы: Түс киіздердегі ою- өрнектерде даланың хош иісті гүлдері, өзен- көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары мен қанаттары салынған.

Әлімжан:

Табиғаттың қыры мен сырына ерекше назар аударып, одан тағлым алған халық емшілері жануарлардың ағзаларының емдік қасиеттерін де байқап, оларды науқастарды емдеуге қолданған. Мысалы: Борсықтың майын өкпе ауруына, иттің майын суық тигенде, құрбақаны « аққауыз» деп аталатын жараға ем ретінде пайдаланған. Ал алаботаның сабынан қотырға, тобылғының майын теміретке мен сүйелге қарсы қолданса, қынаны  бояу етіп қажетіне жаратқан.

Назерке:

Жануарлар мен жәндіктердің, құстардың белгілі бір түрлерінің пайдалылығы мен зияндылығы жөнінде халық арасында ежелден қалыптасқан әр түрлі ырымдар бар. Мысалы: Ата- бабамыз қарлығаштың ұясын бұзса міндетті түрде өрт шығады, апат болады деп есептеген. Сол сияқты бозторғайды, аққуды, тырнаны өлтіруге болмайды. Егер құмырсқаның илеуін басса, аяғың ақсақ болып қалады деген ырым арқылы құмырсқаны сақтап, орман- тоғайдың өсуіне қолайлы жағдай жасауды ойластырған.

Ән:                      «Шіркін сурет сабағы»

Бақытжан:

Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға, жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті – аққуға, мөлдірлікті, тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған.

Димаш:

Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы адамдарға тарту- таралғы жасаған.

Көрініс:          «Таза бұлақ » Ыбырай Алтынсарин.

 

Автор:            Үш жолаушы бір бұлақтың басына келіп отырады. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын әлі шыныдай жарқырайды. Үлкен тастың бетінде: Әй жолаушы болсаң осы бұлақтай бол! – деген жазу болған

Димаш   :

— Менің ойымша бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің дегені деп ойлаймын.

Елдос:

Жоқ менің ойымша біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе,- дегені.

Әшімжан:       (Молда мен саудагерге қарап)

— Адамның бұлаққа күні – түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектігін, мәселен, мына бұлаққа қарасаң , күн түссе, шөп түссе  шөптің сәулесін көретінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты ғой  деп ойлаймын.

Еркеғали:

Ол ана, Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағыңда ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауыңда,

Барамыз біз бауыңа

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Қыста мәз боп қаламыз,

Сырғанауға барамыз.

Шымырлаған аязда,

Зымырайды шанамыз.

Би:         «Қара жорға»

Асқар:

Табиғатта басы артық еш нәрсе жоқ табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады.Мысалы: Амудария мен Сырдарияны күріш пен мақта өсіру үшін суын бөгеп пайдаланып, Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды.

 

 

Назерке:

Көріппе едік тіршіліксіз даланы,

Дауасы жоқ , жазылмайтын жараны.

Бұған кімдер береді екен жауапты

Өз жерінде еміреткен бала менен ананы.

Семей жері жарылыстан тулады,

Тұншықтырып айналаны улады.

Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт,

Мұңын айтып ұлар құстай шулады.

Улы заттар кең даланы шарлады,

Жеріме де, еліме де қайғы келіп орнады.

Талай қыршын өздеріне қол жұмсап

Қатыгездік адамдарды қорлады.

Ән :  « Көктем.»

Асқар:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

Тигізетін пайдасы зор адамға

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Болсын тек ауа таза ,  тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.       (Ж.Бейсенов.)

Мұғалім:

— Ата – баба көзін көрген не қалды?

— Санаға жетер есті- есті сөз қалды?

— Маржандай ізгі ақтарылған із қалды.

— Қасиет пен қайғыны көтере білген киелі мына жер қалды.

— Тоғайы сиреп селдіреген шөп қалды

— Жаратқан аң мен сирек ұшқан құс қалды.

— Табиғат азды табиғат тозды не болды?

Көрініс: « Бұлбұл мен тоқылдақ.»

Еркеғали:

Табиғаттың панасымыз,

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасы,

Мына тұрған өзіміз.

Адамзаттың баласы.

Назерке:

Мен сүйем ерікті еркін құсын

Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.

Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,

Сүйемін табиғаттың барлық күшін.

Меруерт:

Ей замандас!

Ата- баба берген екен бағаны

Табиғатқа бағына көр бағалы.

Қат боп жүрме берекесін ұшырып,

Құсың кетіп, шөл алмасын жағаны.

Жортқан аң мен ұшқан құсқа маза бер,

Оқып білім қажеттісін жаза біл.

Қаяу салып жанын өлтіре көрме,

Табиғатқа жақсылықты жасай көр.

Хор:

2030- дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімді көркейтетін,

Табиғатты аялау парызымыз.

Міне осындай әсем де көркем табиғаты бар Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл толды?

  • 20 жыл.
  • Ендеше бәріміз бірге гимнімізді орындап жіберелік.