Бөрене үстінде тепе-теңдікті сақтау жаттығулары

58

Жұмаева Күлбаршын Иманғазықызы

Маңғыстау облысы.Қарақия ауданы,

Мұнайшы селосы,№7 орта мектептің

дене шынықтыру пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы : Бөрене үстінде тепе-теңдікті сақтау жаттығулары

Сабақтың өтетін орны : Спорт зал

Сабақтың мақсаты:

 Білімділігі :       Оқушыларға акробатикалық және бөренеде  жүрудің түрлерін үйрету.                   Дамытушылығы: Қозғалыс белсенділігін   білім негізінде қалыптастыру, икемділікке,   ептілікке, өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелігі:  Оқушыларды  адамгершілікке, ұйымшылдыққа салауатты өмір салтын сақтауға баулу.                   

Құрал жабдықтар: Бөрене, ысқырық,гимнастикалық  төсеніш , секундамер.

Дайндық бөлімі:

Сапқа тұру. Оқушы мәліметін тыңдау.

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Амандасу. сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар: бұйрықпен орындау

 Оңға бұрыл!,Солға бұрыл! Ай-нал! (3-4 рет )

Солға залды айнала қадам бас!

бір қалыпты жүру,бір қалыпты жүгіру,жүгіруді үдету,бәр пәрменімен залды

 айнала жүгіру.

Б.қ.аяқтың ұшымен жүру,өкшемен жүру, сол жақ бүйірмен

жүгіру,оң жақ бүйрімен жүгіру,артпен жүгіру,бұрыштан-бұрышқа жүгіру.

Жалпы дене жаттығулары:

Б.қ.-қол белде,басымызды  қозғаймыз

1-2 оңға

3-4солға 3-4 рет.

Б.қ.-қол иықта ұстау

1-4 — қолды алға айналдырамыз

5-8 қолды артқа айналдырамыз

Б.қ.- екі қолды бүгіп,кеуденің тұсында ұстау

1-2 -кеуде тұста сермеу

3-4- қолды жазып екі қапталда сермеу.

Б.қ.- қолды белге ұстап

1-2- оңға айналдыру

3-4- солға айналдыру.

Б.қ.- бір орнында тұрып секіру,жүгіру

Б.қ.-қолымыз алда,жоғарыда,қапталда,төмен түсіреміз.3-4рет

Негізгі бөлім:

Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын үйрену тәсілдері

1.қарлығаш кейпінде тұру.

2.бір аяқпен тұру

3.қолды екі жаққа созып,жіптің үстімен жүру.

4.Аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтере,алға аттап басып, тіркемлі    адымдармен төбеге зат қойып жүру.

5.Оқушыларды екі топқа бөліп қарама-қарсы тұрғызып,алма кезек сыныптасының көмегімен қарлығаш  бейнесін  жасау.

Осылайша жаттығу жалғасады.

Қозғалмалы  ойын:1,2,3 қатып қалған ескерткіш

Оқушыларды екі топқа бөліп,берілген уақыт ішінде.

аяғын көтеріп қатып қалуы тиіс. Кім қозғалса ойыннан шығады.

екі топтың оқушы  саны осылай азайып ең соңында көп қалған топ ұтады.

Қорытынды бөлім:

Сапқа тұрғызу,бастапқы қалыпқа келу.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жетістіктері мен жіберген

 кемшіліктеріне  тоқталып ескерту жасау  дұрыс бағалау.

Үйге тапсырма беру.