Оқущылардың шығармашалық қабілеттерін дамыту

79

Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады»-дейді.Ендеше,біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп,Президентіміздің үкілі үмітін ақтауға барлық іс -әрекет,күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн.Жолдауда атап көрсетілгендей өз ұрпағының жауапты да жігерлі болып,өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді.Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу,жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану жатады.Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Тарихта халыққа басшылық етіп әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған.Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарты-дарын иелерін жастайынан таңдай білу.

Талабы таудай, қабілет-қарым мол іздемпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса,олар ұлтымыз үшін -мақтаныш,еліміз үшін –абырой. Талантты жасқа айрықша назар аудару қажет.Мен бұл тұрғыда өз сыныбымда біраз жұмыстар жүргіздім. Жалпы,дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз.

1.Дарынды оқушылар туралы мәлімет жинап,мінездеме жаздым.Қай пәннен дарынды екені анықталды.

2.Түрлі зерттеулер қорытындысымен мінездеме жазылды.

3.Жұмыс жоспары жасалды.

Дарынды балаларға арналған «Ертегілер әлемі »ертегісін жүргіздім.Мақсаты:сыныптағы дарынды оқушылардың қабілетін шыңдау.Осыған байланысты халық ертегілерін оқып-үйренуге оқушылардың шығармашылық (қабілеттерін)ойларын дамыту барысында өлең құрастыруға,өз бетінше ертегіні суретпен құрастыруға,осы жұмысты сыныбының өсуіне байланысты ойдан ертегі,әңгіме,өлең құрастыруға үйретемін.Оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп,олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу-біздің міндетті борышымыз. Шығармашылық қабілет-әр баланың табиғатында болуы мүмкін.Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығарма жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Баланың қабілеті мен талантын ашуда неғұрлым ертерек бастаса,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.Бұл орайда қыл қаламына ерік беріп,өз шығармашылығын бастап жіберген оқушылар баршылық.(оқушы жұмысы)                 Мектепке келгенде әрбір оқушы оқимын деген ниетпен келеді.Бірақ,бәрінен бірдей озат оқушы шықпайды.Себебі,әр оқушының қабілеті,бейімділігі әр түрлі болғандықтан,олардың даму ерекшеліктері де әр түрлі болады.Сол себепті оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, саралап оқыту әдісін қолдану қажет.Бұл тұрғыдан алғанда,әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай,білім,дағды алатындай етіп оқытқан жөн.Саралап оқытудың ең басты шарты-оқушыларды үш топқа бөлу.Мұндай әртүрлі топтардың барлығы туралы ешқандай тізім жасалмауы керек.Тек сондай топтардың бар екендігін сабақты жоспарлағанды,үйге тапсырма бергенде ескеру қажет.

Саралап оқыту

І топ                                                              Мынадай оқушылар топтастырылады:қабілеті жоғары,білім,білікдағдылары қалыптасқан,өз бетімен ойлау қабілеті бар,сабаққа деген белсенділігі күшті,мұғалім көмек қажет етпейтін топ.

 

2 топ

Орташа  қабілетті оқушылар

Білім,білік дағдылары әлі тұрақсыз,өзіне -өзі көп сене

бермейтін,мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар.

Мұнда алға қойылған мақсат-білім ,білік дағдыларының тұрақты болуына өз бетімен өз бетімен

жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіп, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.

 

 

3топ

Үлгірімі төмен оқушылар жатқызылады.

Бұл тұрақты назарда ұстауға білім,білік дағдыларын қалыптастыруға мұғалімнің үлкен күш –жігер жұмсау

Ын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушылар.

 

Математика  пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістерді жүйелі түрде пайдаланып,оқушылардың шығармашылық ойлауын,

ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқушының пәнді оқуға деген мақсаттарын айқындай келе оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу әрекетін 4 деңгейге бөлуге болады.

  • деңгей

Бар білімін қолдана білу.Оқушы әсіресе жаттығу орындау кезінде керекті ережелер мен формулаларды қолданып, тапсырмаларды орындайды.

1-деңгейдегі оқушылар есеп шығару үлгісі болмаса тіпті шығара алмайды.

 

2-деңгей-бірнеше анықтамалар менформулаларды талқылап, керегін өз бетімен қолданатын оқушылар.Өздері анализ жасайды.

3-деңгейдегі-есепті шығару кезінде тиімді жолын таңдап, бірнеше әдістермен шығаратын оқушылар.

Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен:жеке басының және пәннің ерекшеліктеріменқатар оқыту әдісімен анықталады.

Олардың осындай ерекшеліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған үйірме жұмысын жүргізудің маңызы зор.Дарынды оқушылармен үйірме жұмысын дұрыс ұйымдастыра білсе, оның білім берерлік және тәрбиелік мәні өте зор.Ол жұмыстар оқушылардың тәжірибелік дағдысын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.