Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе .

85

Бала  тәрбиесі – мәңгілік  мәселе .

Өнегесі  мол  отбасы  тәрбиесіне  ештеңе  тең  келмейді

Жас  ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге  адалдықпен , асқан  жауаптылықпен   атсалысу  — ата – ана  мен  ұстаздардың , әсіресе , сынып жетекшісінің  басты  парызы .

Ұстаздардың  өмірі  мектептегі  еңбек  майданында  оқушымен  тығыз  байланыста  болады . бір  сыныпта  әр  түрлі  бала  болады , яғни , әр түрлі  психология . Ендеше сол оқушылармен тіл  табысып , жұмыс жасай білген ұстаз – психолог. Кейде келіспеушіліктер  де , қиындықтарда  туындап  жатады . Сол кезде ата – ананың көмегі , ықпалы көп қажет  болады . Мұғалім өзіне  бағынбаған баланың  қылығы  үшін ата – анасын  шақыруға  тура келеді . Сондай  жағдайда кей  ата – ана  мектепке  келуден бас  тартады , ал  кейбірі келіп  алып , мұғалімді  жазғырады .

Сүйкімді , тіл  алғыш , сезімі пәк , жүрегі таза бүлдіршін – орта  немесе жоғары буынға

келгенде  неге  өзгеріп  сала  береді ? Оның  тәрбиесіне  ұстаз  ғана  емес , ата – ана , жүрген  ортасының  қатысы  бар  емес  пе ?

Кей  ата —  аналар  баланы  қалай  тәрбиелеу  керектігін , қалай  жақсы көретінін білдіре алмайды .Бірі – мұғаліммен бірдей  етіп  киіндіріп , қалтасына  ақша  салып ,  туған  күндерін  тойлағандарына  мәз , енді  бірі  —  шектен  тыс  қаталдыққа  беріліп ,  айтқанын  орындатады . Тәрбие – баланы бетке  қақпай , бетімен  жіберу  емес , баланы тәрбиелеу – ақылмен , әдіспен  күресе  білетін  адам  шығару .

Ата – ана  мен  мұғалім  арасындағы  бір – біріне  деген  сенімділік —  бірінші  және шешуші  шарт . Арадағы  қарым – қатынас ата – ананың  тәрбие ісіне   қызығуын  оятып , табысқа  ұмтылдыратындай , өз  күшіне сенімділік тудыратындай  болып  құрылуы  тиіс .

Мұғалімнің  екінші   бір  маңызды  міндеті —  отбасын  педагогикалық  білік – дағдылармен  қаруландыру  , оларды  теориялық  және  практикалық   түрде  меңгерту .

Дұрыс  ұйымдастырылған  педагогикалык  қарым – қатынастың  аяғы  ата – аналардың өз  балаларының  ғана  емес , жалпы  сынып  тәрбие  жұмысына  қатысуына  әкеледі .

Біз  оқуға  жағымды  қатынасты  қалыптастыруда  ата – ананың  алатын  орнының  маңызы  зор  екенін  айтуымыз  керек .Ол  үшін   әрбір  ата  —  ана  баласының  қызығушылықтарымен ,  икемділіктерімен  таныс  болуы  керек .Өкінішке  орай ,көптеген  ата – аналар  баласының  бос  уақытында  тек  оқу  әрекетімен  шұғылдануын   талап  етеді Бұл  баланың  оқуға  деген  ықыласына  кері  әсерін  тигізуі  ықтимал .Сабаққа  дайындық  барысында ата – ананың  күнделікті  бала  сабағына  көмектесуі , қызығушылықтарын  байқатып  отыруы ,,баланы  бағындырмай , өз  еркімен  сабақты  орындауын  ұйымдастырып  ,  қолайлы  жағдай  жасауы  баланың  оқу   әрекетіне  жағымды қатынасын қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді .

Ата – аналарды  оқу  пәнінің  жаңа  бағдарламаларымен, оқыту  әдістерімен , мұғалімнің  қоятын  талаптарымен  таныстыру  үшін —  ашық  сабақтар  ұйымдастыру  тиімді . Бұл  ата – аналардың  мектептегі  оқыту  ерекшеліктерінің  егжей —  тегжейін түсінбеуінен  туатын  көптеген  даулы  жағдайларды  болдырмауға  мүмкіндік  береді .

Мектептегі  сыныптан  тыс  тәрбие  шараларына   ата  — аналарды  тартып ,  қатыстырып отырған  дұрыс . Отбасылық  танымдық  көңілді  ойын – сауық , спорттық  сайыс . ата – аналар  арасынан  әр  түрлі  мамандық  иелерімен  кездесу  кештері – осының барлығы  ата – аналарға  өз  балаларын  одан  әрі  танып  білуге , балаларының  бойындағы  өздеріне  белгісіз  қызығушылықтарын , талантын , өнерлерін анықтауға  мүмкіндік  туғызады .

Ата – анамен сөйлескенде  мұғалім  барынша  сыпайылық , әдептілік  танытуы  тиіс .

Сыпайылық әдептілік  сақтау  әсіресе өз  балаларының  бұзақылық  жасауы  мүмкін  екеніне  сене  алмайтын  ата-  аналар алдында  өте  қажет .

Ата – аналар  жиналысында  оқу  үлгерімі  жетістіктерінің   ғана  қорытындысы  жасалып  қоймай , сонымен  қатар  педагогиканың  маңызды  мәселелері  қарастырылса

жемісті  болмақ .Ата –аналар жиналысы  нәтижесінің  ең  басты  көрсеткіші – ата – аналардың  белсене  қатысуы .Ол  мектепке ,  мұғалімге деген  сыйласымдық қарым – қатынасының  белгісі .