Тәрбие жұмысының моделі

437

 Тәрбие жұмысының  моделі

Тәрбие – ұзақ үрдіс. Кез – келген мектептегі тәрбие ісінің басты мақсаты – сол мекеменің тәрбиелік жүйесін қалыптастыру болуы тиіс. Білім беру мекемесіндеөзіндік тәрбиелік жүйе  құрып алмай, тұлғаны тәрбиелеуде табысты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мектеп тұлғаны білім мен тәрбие бере отырып саяси санасын өсіреді, мәдениет пен өркениет жетістігіне баулиды, құқықтық санасын өсіріп, әлеуметтендіреді. Мектебіміз әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл – Фарабидің «Алдымен адамға білім емес тәрбие беріледі, тәрбиесізге берілген білім адамзаттың қас жауы» деген қағида сөзін берік ұстанады. Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәннінде әр қырынан айтылмай келді. Сондықтан біз көбіне оқушының шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз. Біз бұрын баланы тәрбие субъектісі ретінде емес, объекті ретінде көріп келдік. Жарты ғасыр бойы үстемдік еткен технократиялық ойлау тәрбие мақсаты мәдениетпен,мектеппен,оқушының өзімен анықталатынын түсінуге жол бермеді. Тек тәуелсіздік алған  соң ғана оған субъекті ретінде мән берілуде және оның өзегі болып атбылатын басты қасиеттермен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.

№ 9 орта мектептегі тәрбиенің негізгі категорияларын төмендегі жүйе ретінде қарастыруға болады:

 

Мақсат, міндеттері

 

 

тұжырымдамалар,         заңдылықтар                   тәрбиелік

баяндамалар                                                     жүйелер

тәрбие ұстанымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тәрбие   мазмұны

 

ақыл – ой, рух, адамгер-шілік саясат.Құқықтық мәдениет Есірткі. Зиянды заттар. Салаутты өмір салты Қоғамға қызмет ету. Мектеп. Ата – ана. Қоғамдық ұйымдар Экономика.Экология. Мамандыққа бағдарлау. Ұлтжандылық тәрбиесі

 

Тәрбие әдістері, формалары, құралдары.

 

 

Тәрбие нәтижелері

 

Кез келген мектептің тәрбие жүйесі бар № 9 орта мектептің тәрбие жүйесі төмендегідей жүйеде құрылған:

 

Тәрбие жүйесі

 

Оқыту үрдісіндегі              Мектеп ұжымындағы           сабақтан (оқудан)

тәрбие                                  қарым – қатынас                   тыс әрекет

стилі, моралдық-

психологиялық

ахуал

 

Сыныптан тыс                    Мектептен тыс                    ата – аналармен және

тәрбие жұмысы                  тәрбие жұмысы                   қоғамдастықпен жұмыс

 

Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістемесі мен технологиясын оның тәрбиелік жүйесі анықтайды. Таңдаған тұжырымдамаға сәйкес әрбір мектеп өзінше педагогикалық жүйе құрады, ондағы дидактикалық және тәрбиелік ішкі жүйелер өзінше әрекеттеседі, өзара ықпал етеді және бір – біріне кейде басымдық танытса, кейде ығысады.

Әр мектептің игерген ортасы болады, № 9 орта мектебі төмендегідей сызбада жұмыс жүргізеді.

 

 

Спорт мекемелері

Теміржол мекемелері                                                                                                          кітапхана

 

Мектеп

Денсаулық сақтау                                                                                                                                                 Ішкі істер бөлімі

мекемелері

                                                     Ата – ана                                     Әкімшілік                

 

 

                                                                                Оқушы                                                  Әлеуметтік қорғау

Қайырымдылық                                                                                              мекемелері

қорлары

 

қоғамдық ұйымдар                       мәдени шаралар

 

Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері төмендегіше.

  • кіріктіруші;
  • реттеуші;
  • дамытушы

кіріктіруші қызметі: бұрын бөлек – салақ, стихиялы сипаттағы, келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеуге, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір жағынан оның қызмет етуін оңтайландыруға, екінші жағынан дамуында, жаңартуында, жетілдірілуіндегі жүйе динамикасын қамтамсыз етеді. Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектепің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері де бар екенін көрсетуге мүмкіндік берді.

Олар:

  • қорғау:
  • түзеу:
  • компенсациялау:

Мектебіміздің тәрбиелік жүйесі бір жағынан психологиялық – педагогикалық, екінші жағынан әлеуметтік – педагогикалық жүйе. Сондықтан ол оқушыларға тек педагогикалық фактор (мұғалім, сабақ, оқулық, үй тапсырмасы, сынып сағаттары арқылы) ретінде ғана емес, әлеуметтік фактор ретінде (қоршаған ортаға кіру: балалар, мұғалімдер, ата – аналар, ұжымдағы, нақты мекеме шегінде балалар мен ересектерді біріктіретін қарым – қатынас арқылы) де ықпал етеді.

Мектебіміздің оқушыларға әрекет ету, тәрбиелеу құрылымы төмендегіше.

 

Мектеп директоры

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

 

Медбибі

Психолог

Тәлімгер                                                                    Байланыс ортасы                                               Оқушы

Оқушылар кеңесі

Ұлдар кеңесі

Қыздар кеңесі

Оқушылардың тәртіптік

құқықтық кеңесі

 

«Жасыл Патриоттар»

ұйымы

 

Ата – ана

Спорттық жетекшілер

Үйірме жетекшілері

 

 

Кез келген тәрбиелік ықпал оны оқушы түсініп, қабылдағанда ғана нәтиже береді. Кезе келген оқушы міндеттерді оған қатысты сәикес мотивациясы болса ғана қабылдайды. Ендеше, оқушы тәрбиесін ұйымдастырумен іске асыруға қойылатын алғашқы талаптар қатарына : барлық тәрбие жұмысының негізі оқушыда қажет мотивацияны қалыптастыру жатады. Мотив қажеттіліктің (оқушыға қажеттінің) көрініс беру формасы. Матив оқушыдағы қажеттілік қандай әрекетте қанағаттандырылатынын анықтайды.

Мектебіміз өзінің ұстанымдарын белгілеген, олар төмендегі кестеде көрсетілген.

 

 

Тәрбиенің ұйымшылдығы ұстанымы

 

Тәрбиенің гуманистік бағыттылығы ұстаным

 

Тәрбиенің табиғилығы ұстаным

 

Тәрбиенің мәденилігі ұстанымы

 

Тәрбиелік ықпалдың бірлігі

Мектеп тәрбие жүйесі

Тәрбиедегі жағымды әрекетке сүйену ұстанымы

 

Тәрбиенің еңбекпен, өмірмен байланыстылығы ұстанымы

 

Тәрбиенің қоғамдық жүйесі

 

Тәрбиенің жариялылық ұстанымы

Мектебіміздің тәрбие жұмысының негізгі формалары төмендегіше:

(форма-құрылыс, үрдіс, заттың өмір сүру және ұйымдастыру амалы)

  • Оқушыларды ұйымдастыру

формасына қарай:                         — көпшілік;

— топтық (үйірмелік);

— жеке;

  • Тәрбиелік ықпалдың әдісіне қарай:

—  сөздік;

— практикалық;

— көрнекілік;

Ықпал ету уақытына қарай:

— сабақтағы;

— сабақтан тыс;

— мектептен тыс;

 

 

 

Тәрбиенің негізігі бағыттары бойынша оқушының тәрбиелік деңгейі диагностикалау нәтижесінде айқындалады.

Мектебіміздегі диагностиканың негізгі әдістемелік міндетіне төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау;
  2. Тәрбие үрдісінің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы тәуелділікті айқындау, оқушы тұлғасының дамуына бәрінен әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау;
  3. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін көре білу;

Мектептегі тәрбие жұмысына жауапты тұлғалар баршылық, олардың негізін сынып жетекшілер құрайтыны да рас, дегенмен әдістемелік жұмыстар төмендегі кестедегідей жұмыс жүргізеді.

 

 

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

 

Сынып жетекшілер бірлестігі

 

Медбибі

Іс – шаралар

Сынып жетекшілер

 

Психолог

 

Қоғамдық ұйымдар мен

олардың жетекшілері

 

Пән бірлестіктері мен жетекшілері

 

Мектетпің қазіргі таңдағы тәрбиеленушілер саны 863 оқушы. Мектепте 40 сынып, 4 мектепалды даярлық тобы бар. Мектептің маңызды атқарып отырған іс әрекеттерінің бірі ата-аналармен байланыс. Мектебіміздің ата-анамен байланыс жасау моделі төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Мектеп әкімшілігі                                                       ата-аналар кеңесі

алқа мүшелері

 

Сынып жетекшілер               ата-аналар кеңесі         сыныптардағы ата-аналар                                                       (төрағасы)               кеңесі

 

Пән мұғалімдері                                                                   ата – аналар

 

Қазіргі кезде оқытудың мақсаты мен міндеттерін өз мәнінде тек тәрбие арқылы ғана, яғни оқушы тұлғасын тәрбиелеу үрдісінде жүзеге асыруға болатынын күнделікті тәжірибе дәлелдеуде.