Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі.

121

Ақтөбе қаласы №40 орта мектебінің

музыка пән мұғалімі Елеукен Қуаныш

Музыка арқылы  эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі.

 

Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды халқымыздың рухани байлығымен, мәдениетімен , салт-дәстүрімен  терең таныстырып, бүгінгі қоғам сұранысына сай тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.           Эстетикалық тәрбие де жалпы тәрбиелеу процесінің құрылымына сәйкес өзара тығыз байланысты элементтерден тұрады мақсаты, мазмұны, әдістері,құралдары және нәтижесі.Тәрбие көп жақты процесс болғандықтан ,оған табиғи орта , өмір дүниесі, отбасы, мектеп, өнер және ақпараттық жүйе сияқты  түрлі жағдайлар әсер етеді . «Эстетикалық тәрбие»  ұғымы- эстетикалық тәрбие теориясындағы ең жалпы ұғым. Ол өзіне тәуелді бірқатар ұғымдардың бірі –эмоциялық тәрбие. Ол балада эстетикалық қабылдаудың ,шығармашылықпен епестетудің , эмоциялық толқуларының, сондай-ақ рухани қажетсінулердің белсенділігін қамтамасыз ететін  мәндік күштерді мақсатқа бағыттап қалыптастыру процесі. Балалардың эстетикалық тәрбие ленуі мен дамуы идеялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негізделген бағдарламалық-әдістемелік құжаттардың негізінде идеялық-саяси, адамгершілікжәне еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста эстетикалық тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады.  Өнер шындықтың мәні шоғырланып, мазмұнды, толық, көлемді бейнелеп және білдіре алатындықтан, ол адамның өмірге эстетикалық қатынасын қалыптастырудың өткір және әсерлі қаруы болып табылады.

Әдетте музыкалық материал әсерді қорытындылауға жәрдемдесетін жетекші тақырыптар негізінде беріледі. Мысалы, мектепте бұл балаларға   музыканың өмірмен тығыз байланысын көрсетуге мүмкіндік береді.( « Музыка не туралы айтады?», «Музыка нені білдіреді?», «Музыкадағы табиғат»,» «қазақтың халық музыкасы»». Қорытындылаушы тақырыптарды қамтитын  музыкалық туындылар мұғалімге  балалардың сүйемелдеуші музыкалық құралдарды ,әртүрлі аспсптарды және әншілік дауыстарды игеру жөніндегі жұмыстарға қайта орлуына мүмкіндік береді.

Музыкалық дамудың барлық кезеңдеріндеде хормен өлең айтуға, сондай-ақ музыкалық іс-әрекеттердің барлық түріндегі білімдерді жинақтауға баса көңіл аудару қажет «.Музыка» пәнінде музыкалық ұлттық мәдениеттің дамуына едәуір мән беріледі.                                                                            Оқушыларды музыкалық өнерге үйретуге сүйіспеншілікті үйретуге олардың арнаулы іскерліктері мен дағдыларын дамытуға(естуін,ән салуын, музыканы қабылдауын,орындаушылық шеберлігін ұштау және т. б дамыту) бағытталған музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі міндеттерін музыкалық педагогиканың дамуының қазіргі кезеңдегі басты назар  оқушылар тұлғасын қалыптастыру проблемасына аударылады.                         Музыка  оның жоғарғы дамуына жетудің құралы ретінде қарастырылады.

Музыка саласындағы музыкалық іс- әрекеттің сан алуан түрлерінен бүгінгі  күні көбірек қатысатыны қабылдау, орындау және біршама аз мөлшерде- шығармашылық іс- әрекет пен музыкалық аспаптарда ойнау. Оқушыларда қабылдауды дамыту- музыка мұғалімнің маңызды міндеті.Өйткені  оның негізінді  іс-әректтің басқа түрлері  жүзеге асады. Музыкалық тәрбиелеу практикасындағы оның әдістемесі мынадай: мұғалім әуен немесе шығарма туралы айтады, қабылдау үшін қажетті жағдай жасайды, содан кейін шығарма тыңдалады, ал одан соң  мұғалім оқушылардың тыңдағандары туралы әңгімелесу өткізеді, қайталап тыңдайды.  Осындай жұмыстың барысында мұғалім композитор туралы, ол өмір сүрген кезең туралы, шығарманың жасалутарихы туралы, ,оның замандастары қалайқабылдағаны туралы, онда қандай үйреншікті емес көркемдік артықшылықтардың бары туралы айтылады.

Белсенділікті қалыптастыру үшін мұғалім оқушылардың назарын беріпген музыкада қандай көңіл-күй білдіргенше, композитор өз музыкасын жасағанда оның негізгі ойы қандай болғанына , ол арқылы  басқа адамдарға не айтқысы келгеніне аударылады. Берілген музыка талдайтын толқуларды бастан өткере отырып  ,   адам қиалында қандай образдар пайда болуы керек? Асқақтаған толқулар әрқашан адам мен ол өмір сүретін қоғамның қайырымдылығымен ,өз халқының , өз Отанының және оның табиғатының тағдырына қатыстылығын түйсінуімен байланысты.

Оқушылардың назарын музыкалық шығармадағы мелодияның және  гормонияның, ритмдер мен тембрлердің  ойынының  әсемдігіне  аудара  отырып , мұғалім  оқушылардың  музыкадан алатын эстетикалық ләзаттану дәрежесін  тереңдетеді. Эстетикалық  әсемдікке сезім  арқылы жетуге болады дегенге сендіреді. Бүгінгі  таңда оқушыларға  эстетикалық  тәрбие беру , халықтың мәдени  мұрасы , соның ішінде халытық музыканы шығармалар арқылы дамыту жаңа қоғамның сұранысынан туындап отыр. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге терең талдау жасай отырып , «эстетикалық іс-әрекет», «эстетикалық тәрбие» ұғымына  берілген түсініктерді жүйеге келтіру үшін эстетикалық тәрбие  түсінігі  мазмұнын  жан-жақты анықтап , оны әрі дамыта түстім. Зерттеу  барысында эстетикалық тәрбие берудегі қазақ халқының ағартушылары, ойшылдары еңбегіне тарихи-танымдық талдау жасалып ,еңбектердің мәселені шешудегі ролі анықталып, ұсыныстар берудің маңыздылығы нақтылана түсті. Сыныптан тыс жұмыстар- оқушылардың қызығушылығына, эмоциясына, рухани қажеттілігіне қарай адамгершілік және этикалық, эстетикалық мәдениетіне ықпал ететін  үрдіс ретінде қарастырылды.

Қорыта келгенде , музыка арқылы   оқушыларға эстетикалық тәрбие беру  мәселесін педагогикалық тұрғыдан талдай отырып ,мынадай тұжырым жасауға болады:жеке  тұлғаның дамуы жеке бір уақытпен шектелмейді, даму одам өмірінің  барлық кезеңдерінде жүзеге асады, бірақ музыканы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызды іргетасы  ретінде қарастыру керек. Эстетикалық тәрбие беру проблемасының тарихи-әлеуметтік түп тамыры болғанымен, заман ағыма,уақыт талабы бұл мәселені шешудің жаңа сатысы талап етеді.