Мектепалды даярлық топтарында халықтық педагогиканы пайдалану мүмкіндіктері

 

Мектепалды даярлық топтарында халықтық педагогиканы пайдалану мүмкіндіктері

Әдебиеттер тізімі

  1. Әбілова З. «Этнопедагогика».-А., 1997
  2. Игенбаева Б.Қ. «Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі». А:Радиал., 2005-54 бет
  3. Қожагелдиева С.С. «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу». – Түркістан, 2007. – 36-б.
  4. «Қазақстан мұғалімі», 2004-5, №12
  5. Рахметова С., ӘбдікәрімоваТ., Қабатаева Б. «Ана тілі». – А., 2003 – 192б.
  6. «Қазақстан мұғалімі», 2004-9, №21
  7. «Ұлағат», 2005, №5, 21-б.
  8. Пазылова Қ., Паштанов С. «Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие.- «Бастауыш мектеп», 2007, №10-11б.-34б.
  9. Мұқанов С. Халық мұралары. Алматы, «Қазақстан» , 1994
  10. Қожахметова Ж., Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993
  11. Табылдиев Ә. Тәрбие өрнектері. Алматы, 1989.
  12. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974
  13. Ахметов Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу, 1966
  14. Жұмабаев М. Таңдамалы өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар. Алматы, «Ғылым», 1992. Педагогика, «Ана тілі», 1992
  15. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, Мектеп, 1974; Ата – аналарға кеңес. «Білім» қоғамы, 1966

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын  халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген бастауыш сынып жасындағы оқушы Гари Потер, Шрек, Бэмби сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру  кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтық салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Халық арасында кең таралған ойынның бірі – «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға болады.

Бұдан басқа «Көкпар», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын» «Асық» т.б. тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап пысықтауда, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткізуге болады.

Шәкірттерімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруда халықтық педегогиканың ұтымды тұстары бар екендігін түсінемін. Себебі, бар қуаныш, қызығын бала деп білетін халқымыз, «баланы жастайынан» көргенді ұл, өнегелі қыз болуға, ту бастан инабатты келін, сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеуді мақсат еткені аян. Үлкендердің қабағын бағып, бір ауыз сөзінен, мегзеу, мысал, тұспал, жұмбақ, жорамалынан өмірдің сырын, істің жайын пайымдай алатын сезімталдықты, сергектікті, болжағыштықты, аңғарымпаздықты меңгерген. Солайша үлкенге ықылас, ілтипат танытып, кішіге мейірім, пейіл қоюда, ұя бұзбай, отбасының ынтымақ-берекесін, ауыл-аймақтың, абырой-атағын қорғаудағы намыскерлікті оқымай ұғып, жазбай жадында жаттап өскен. Халқымыздың басқа жұрттан өзгешелігін, ерекшелігін мақтанышпен мадақтау, жандандыру, көркейту – елдігімізге  , бүгінгі ұрпақтың азаматтығына сын болса керек.

Қазіргі заман білім беру жүйесі 90-жылдағылармен салыстырғанда ұлттық педагогикаға бет бұрушылық басым екендігін атамауға болмас. Жаңа буын шығарылып жатқан мектепке дейінгі мекемелерге арналған  оқулықтарда «Талапбек» пен «Зерделі» сынды кейіпкерлердің қазақ киімінде көрсетілуі, түрлі қазақы нақыштағы суреттер, бейнелеу сабақтарында түрлі текеметтерді салу, жапсыру, мүсіндеуге берілген сағаттар (әдемі қазақы оюлармен текеметтің суреті салынған) т. б ұлттық нышандар көңіл қуантады.

Десек те, мен өзімнің қысқа да қызықты педагогикалық жолымда сабағымды біраз ұлттық педагогика саласына негіздеп жоспарлауға тырысып жүрмін. Мәселен, математика немесе сауат ашу сабақтарында «Дымбілместің қатесін» емес, Алдар көсенің суретін іліп, оқушыларыма Алдар көсенің қу екендігін, алдап қоюы мүмкін екендігін ескертіп қате есептерді, мәтіндерді  ұсынамын.  Рефлексия – бағалау кезеңінде Төле бидің суретін көрсетіп, оның шыншылдығын, әділдігін естеріне сала отырып, достарын және өзін бағалауын сұраймын. Жаңа тақырыппен танысарда немесе марапаттау кезінде қоржын немесе сандықты пайдаланамын.

Ал сауат ашу сабақтарындағы жаттығуларда сөйлем құрастыру барысында адам бойындағы ізгі қасиеттермен қатар, ырым, тыйым сөздер, мақал-мәтел, нақыл сөздерді жиі қолданып, мағынасына түсінік беріп отыру арқылы ұлттық тәрбиені балалар бойына қалыптастыруға  тырыстым.

Бағалау эталоны ретінде жұлдызшалар немесе төртбұрыштап қиылған қағаздардан гөрі түрлі түсті қазақ оюларымен мадақтап  отыруды жөн көрдім. Сергіту сәттерінде қыз балалар қолдарын майыстырып би билесе, ұлдар қамшы ұстағандай қимылдар келтіреді. Бұл іс-әрекетті қазақы күйдің сүйемелдеуімен өткізу әр оқушының қызығушылығын оятады. Ата –анамен тығыз байланыс орнату мұғалім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Осығын орай тәрбие сағаттарында әркез ата-аналардың көмегіне жүгінемін. Мәселен, Наурыз мейрамында немесе «Атадан қалған асыл мұра» атты тәрбие сағаттарымда оқушыларымның аналары жеке-жеке топ құрып, салт дәстүр бойынша көрініс әзірледі, қарт ата бата берді. Аталар ұлдарға қамшы тоқудың әдістерін көрсетсе, әжелер қыз балаларды ою ойып, кесте тігудің ерекшеліктерімен таныстырды. Тәрбие құралы ретінде ұлттық педагогиканың алар ауқымы өте кең. Қазіргі мектеп оқушыларын мектепке даярлық сыныптан  ғылыми – зерттеу әдістеріне үйрету әр мұғалімнің міндеті. Мектепке даярлық топ  оқушыларына «Мен және отбасым» тақырыбында жыл көлемінде зерттеу жұмысы беріледі. Бұл нағыз ұлтық тәрбиенің мысалы болады деген ойдамын. Онда бала өзінің үш жұрты болатынын, қазақы туыстық атауларды, жеті атасын зерттеп, дәлелдеу дәрежесіне жетеді. Бұл оның халықтық тағылымды бойына сіңіруге жасаған алғашқы талпынысы.

Баланың рухани жан дүниесін оятып, ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды жас ерекшелігіне сай іріктеп алу керек. Оларды іріктеуде баланың көңіл-күйіне, ішкі жан сезіміне әсер ететіндей, одан алған әсері есінде қалатындай болып, олардың мазмұнына жоғары мән берілуі қажет.

Сыныптан тыс сабақтарды баланың асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру керек. Баланың рухани адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойындар, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн. Ұлттық нақыштағы іс-шараларды, балалар оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.

Қазіргі кезеңде бастауыш сынып ұстаздар қауымының алдына қойылған міндет –оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу.

Қазақ халқының халық ретіндегі адамгершілікке тәрбиелеуде жылдар бойы жинақтаған мұраларының ерекшеліктері жайында жалпы қорытандыны Елбасы Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі «…Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың»  деген салиқалы сөздерімен байланыстырып, біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕЗИС

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын  халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. Қазіргі замандағы бастауыш сынып оқушыларына арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген бастауыш сынып жасындағы оқушы Гари Потер, Шрек, Бэмби сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру  кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек.