«Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұны арқылы оқушылардың экологиялық құзырлығын қалыптастыру»

55

«Жаратылыстану  ғылымдары  бойынша білім беру  мазмұны арқылы  оқушылардың  экологиялық құзырлығын  қалыптастыру»

 

Р.С.Муслимова география  пәнінің мұғалімі

Май ауданы,Көктөбе ЖОББМ
ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар – «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны  қорғаудың  ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т.б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;

Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

 

Қазiргi таңда   бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн,  «құзыреттiлiк» деген  ұғымға  нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк- жеке тұлғаның  кәсiби  iс-әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық  әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгнiң бiрлiгi.  Яғни құзыреттілік- жеке тұлғаның бiлiмiмен  тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым.  Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын  құзыреттiлiк  ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк  ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке  бiлiктiлiктi сипаттайтын  таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса,  топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық,  ынтымақтастық,  қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут.б. iскерлiктер жатады. Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi  мына үш аспектiнiпен сипатталады:

— Мәндiк аспект-ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым-қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi  ұғыну;

— Проблемалық-практикалық аспект- оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;

— Коммуникативтi аспект- оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.

 

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм  түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде  танымға, ойлауға қатысын,  әрекетке, белгiлi  бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

 

Құзыреттiлiк- оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiребеден қолдана алу.  Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
•  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
•  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
•  экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты — жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
•  мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі — оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру — мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
— дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
— пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
— фенологиялық бақылау жүргізу.
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың — табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Әдебиеттер:
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
2. Дотта Л. Планета земля в опасности. — М.: Мир, 1988.
3. Демешев М .Я. Пока не поздно. — М.: Молодая гвардия, 1991.
4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.
5. Данило Ж. Социальная экология. — Москва: Просвещение, 1991.
6. Проблемы окружающей среды в деятельности ООН. — М., 1984.
7.  Экологическое образование школьников во внеклассной работе. — М.: Просвещение, 1984.
8. Захлебный А.Н.. Экологическое образование школьников. /Под ред. И.Д. Зверева, И.П.Суравечиной. — М.: Педагогика, 1983.
9. Денисова Т.В.. Экологическое воспитание в процессе трудовой подготовки школьников. //Советская педагогика, №41985.
10. О.Косанов. Экология және адам экологиясы. «Қазақстан мектебі», №31991.
11. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағ-дарламасы. //Қазақстан мектебі, №8 1993.