Сөз өнері арқылы тұлға құзырлылығын қалыптастыру

75

Сөз өнері арқылы тұлға құзырлылығын қалыптастыру

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы

28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің

кез – келген азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деп атап көрсетті.

Қазақстандық білім берудің даму болашағы 2008-2009 оқу жылынан бастап кезең – кезеңімен енгізілетін 12 жылдық білім беруге көшумен тығыз байланыста екені баршаға белгілі.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы  оның жан – жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық қабілетін толық іске асыруына ықпал ету болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүдесінде өзін — өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,  — деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар аталған Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты – бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу – танымдық, ақпарттық – технологиялық, әлеуметтік еңбек және тұлғаның өзін — өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.

Педагогикалық терминологияға қосылып отырған «Құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық»  деген терминдердің мәні мен мағынасына үңілсек: Латын тіліндегі “competens” сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез – құлқын ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерий мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырылылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерий ретінде әлеуметтік және өмірлік көз қарастарды есепке алуы қажет» деп жазады.

Ал ғалым Б.К.Жұмағалиева: «Құзыреттілік – тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелі білімнің білім, білік дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық – осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі» деп көрсетеді.

Сонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады.

Тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке- даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс – тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі де белгілі.

Мұғалім мақсаты – бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеу, жеткіншектердің жеке  тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Әдебиет пәні мұғалімдері алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының бай болуына, сондай – ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт – сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жасағаны абзал.

Көркем әдебиет – көркем өнердің сан түрлі салаларының ішіндегі баға жетпес асылдарының бірі деп білемін. Ғалым З.Қабдолов: «Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы» деген болатын. Мектепте өтілетін барлық пәндердің ішінде әдебиет пәні баланы әсемдікке ынталандырып, рухани көкжиегін кеңейтетін қасиетімен ерекшеленеді. Әр пәннің өзіндік ерекшелігі жөнінде айта келіп ғалым Т.Ақшолақов: «Әдебиет- өнер туындысы, әдебиет сабағы — өнер сабағы» десе, әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева: «Әдебиет пәні баламен нағыз қарым – қатынастың пәні, баламен нағыз достықтың, ынтымақтастықтың пәні» дейді.

Әдебиетті оқыту, одан өрісті білім беру үшін оқушыны кез – келген шығарманы жан – жақты эстетикалық талдау жасай білуге дағдыландыру қажет. Сонда ғана ол көркем туындыға тереңдей үңіліп,ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына бара алады. Шәкірттерге шығарманы оқыту барысында сөз сырына бойлатуға мүмкіндік беріледі. Сөздің алуан түрлі сырына үңілуге үйрету — әдеби шығарманы танытудың басты жолы. Егер адам әр уақытта өнерге, әдебиетке жақын болса, көркем шығармадан әрдайым сусындап отырып, оның бірте – бірте дүниеге,  өмірге көзқарасы, эстетикалық сезімі қалыптасады. Ал эстетикалық сезім әдебиет пен өнердің, заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің әдемі әсеріненоянып,адамның ішкі рухани қазынасын байытып, санада өмір бойы сақталады.

Пікірсайыс сабақтарының оқушының өз ойын анық, батыл жеткізе білуіне, оқиға, жағдайға сын тұрғысынан қарай отырып ойлауына, осы арқылы өз пікірін ұжым – пікірімен ұштастырып, яғни көп болып ойласыпдұрыс шешім қабылдай білуіне ықпалы зор. Егер оқушы кез – келген тосын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алса, онда ол оның құзырлы тұлға болғаны.

Пікірсайыс сабақтары оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді. Себебі бұл әдіспен өткізілген сабақтардың өзіндік ерекшелігі; оқытушы мен оқушының іс -әрекеті тоғысып, бір шешеім табылады. Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы ситуация бола алатын тақырып дұрыс таңдалған жөн. тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық, эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім мен іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, алынған ақпаратты өзі тәжірибесінде пайдалануына, өз пікірін білдіріп, оны дәлелдей алуы сияқты танымдық іс — әрекеттерінің қалыптасуына ықпал ете аламыз.

Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасында берілетін М.Дулатов шығармашылығына арналған сағаттардың бірі «Бақытсыз Жамал» романының негізігі мәселесі қалың мал ма?» деп алып, пікірсайыс сабағы түрінде өткіздім. Сабақ өтпес бұрын оқушыларға жазушының аталған романын оқу қажеттілігі бір ай бұрын ескертіліп қойылады. Уақыты келіп, романды талдайтын күн жеткен уақытта оқушыларға роман мәтінінен үзінді беріп, оны әрі қарай жалғастырып жазу тапсырылады. Сонда мәтінді кімнің оқып, кімнің оқымағаны белгілі болады. Содан соң пікірсайысты мына сұрақтар төңірегінде өрбітеміз:

  1. Балиғатқа жеткен шағында қызын қорғай алмаған Сәрсенбай әкенің бұрынғы мейрімі шынымен жалған ба? Оның мысын құрқан қандай дерт: қалың мал ма, әлде заман ба?
  2. Жамал мен Ғалидың бірін-бірі қабыл тұта отырып, қауіптен аса алмай жүруі нені көрсетеді?
  3. Ғалидың ауыр дерттен қайтыс болуы не үшін керек болған?
  4. Қалың мал салт па, әлде ұнамсыз әдет пе?
  5. Бүгінгі заманымызда қалың мал қайта жандана бастаса, ол дұрыс па, әлде бұрыс па?

Берілген үзіндіні талдау кезінде хрестоматиядағы роман мәтінін сынып оқушыларының көпшілігінің оқып шыққанын аңғардым. Алайда  сұрақтар төңірегінде пікір өрбіткенде бастапқыда оқушылар кідіре берді. Бұл жерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі үлкен ықпал етеді. Оқушылар өздерінің қызу пікірталасқа қалай еніп кеткенін де білмей қалатындай етіп ұйымдастырылса, сабақ мақсатына жетеді. Жоғарыда берілген сұрақтар төңірегіндегі оқушының өзіндік көзқарасына, пікірі мен тұжырымына ерекше мән беріледі. Сабақ түйіні «Жазушы Жамалды неге өлтіреді, тірі қалдыруға болмады ма?», «Егер дәл қазір, біздің заманымызда, дәл осындай оқиға болса, жазушы романын қалай аяқтауы мүмкін?» деген сұрақтар төңірегінде шешімін тапты. Оқушылар өз ойларын бір арнаға былайша тоғыстырды: «Қазір дәл осындай оқиға болса, қыздарды, жалпы кім – кімнің де мүддесін қорғайтын заң бар. Сондықтан біздің заманның Жамалдары бақытсыз бола алмайды. Жазушы Жамалды қайғылы қазаға ұшырату арқылы, өз оқырманына жаңа заманның жаңалығын, оған ұмтылу қажеттілігін айтады.»

Міне, осылайша жеке дара пікір айтып, оны қорғау үшін оқушы өз ойына талдау жасап, оның дұрыс, бұрыстығын екшеп алады. Өзгелер пікірімен санаса отырып, бір қорытындыға келеді.

9 – сыныпта Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау технологиясын» жыраулар шығармашылығын жинақтап бекітуде қолдандым.

  1. Алдын ала тапсырмалар беру.

Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану, бала деңгейіне жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат ұсыну, оқушыларға өз мақсатын қойғызу.

  1. Мақсатқа жету үшін көмек – бағдар, бағыт ұстану. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну.
  2. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуын назар аудару. Ұжым болып жеткен жетістіктерін талдау.
  3. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі, мұғалім коррекциялық жұмыстар атқарады.

Төменде берілген модельдің тиімділігі сол – жыраулар поэзиясы туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекі түрде жинақы етіп

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қ.С.Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік

дамуында А. «Принт — АСС»»

 

  1. Б.К.Жұмағалиева «Компентности и компетенции», «12

жылдық білім»  журналы №2, 2006 жыл

 

  1. В.А.Демин, «Профессиональная компетентность

специалиста:понятия  и вида»

  1. Т.Қожабаева «Әдебиет – көркем сөз өнері», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №4, 2007ж

 

 

Тұлға құзыреттілігін оқушы бойындағы мына қасиеттерден байқауға болады:

 

 

  • Өзінің даралығын сезініп, өзін — өзі дамыта біледі;
  • Өз қызметін бағалай біледі;
  • Түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба біледі;
  • Өз алдына мақсат қоя біледі;
  • Өз мақсатын жүзеге асыра біледі;
  • Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай біледі;
  • Өз бетінше алынған ақпаратты талдай, таңдай біледі;
  • Түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай біледі.

 

 

 

Шәкірт құзыреттілігі ұстаз құзыреттілігінен бастау алады. Шәкірттерінің жеке дамуында және өзін — өзі жетілдіруінде бірден – бір досы және тірегі болатын, өз ісін жетік білетін ұстаз ғана шын мәнісінде өз сыныбының авторы да бола алады.

 

 

 

Мына бағандарды толтырып, хабарлама әзірлеңдер,(өздері таңдаған жырау бойынша)

 

Жыраулар Тақырыбы Толғаулардың аты Маңызы, мәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыраулар туралы мәлімет жинау, хронологиялық кесте жасау

 

жыраулар Туған, дүниеден өткен жылы Толғауларының аты Тақырыбы Толғаулардың шығу тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өздеріңе ұнаған жырау толғауларына әдеби талдау жасау

 

Жыраулар Толғаулары Ұйқас түрлері Поэтикалық тілі Мәні, маңызы