12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

66

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Ақпараттық  ғасыр деп  аталып жүрген  ХХІ ғасырға адамзаттың  аяқ басуы қоғам өміріндегі тұлғаның ролін шынайы көтереді. Басқа елдермен қатар Қазақстанда да құруға бағытталған ақпараттық қоғамның пайда болуымен бірге өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту және тез өзгеріп отыратын әлем жағдайларында дұрыс, адамгершілік-жауапкершілікті шешімдер қабылдауға қабілетті адамдарға сұраныс пайда болды. Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі үшін аталған контексте жеке тұлғаның шығармашылық  әлеуетінің дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар туғызу өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда шынайы дүние жағдайларында өскелең ұрпақты жақсы өмірге дайындауды басым сипаттағы міндеті ретінде анықтаған білім саласында әдіснамалық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар мен нормативті-құқықтық  актілер  қолданыста. 12-жылдық білім беруге көшуді қарастыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру жүйесі «Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне тиімді қатысуға дайын құзыретті тұлғаны» қалыптастыруды және үш негізгі құзыреттіліктен:

  • мәселені шешу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
  • ақпараттық құзыреттілік;
  • коммуникативті құзыреттіліктен

тұратын тиісті нәтижелер жетістігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпараты мол  жағдайда құзыретті, белсенді және жеке шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуге қойылып отырған міндет педагогтің басқа ұстанымын, яғни қазірдің өзінде мектепте оқушылардың шынайы тұлғалық-маңызды мәселелерді шешудегі қызметті жүзеге асыру тәжірибесін жинақтау үшін мүмкіндіктер туғызуды талап етеді. Бұл замануи тұлғаның табысты әлеметтенуі мен өзін-өзі жүзеге асыруының кепілі болып табылады, себебі «білім беретін құзыреттілік болашақтағы толыққанды өмірі үшін оқушының қызметінің үлгісін» жасап береді. Ал, бұл оған болашақта ақпараттық кеңістікте еркін қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар өмірдің әртүрлі мәселелерін шешу және күтілетін нәтижеге жетуді қамтамасыз ету процесіне енуіне ықпал етеді.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі — айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар  алдыңғы орынға шығады: белсенділік, шығармашыл, әлеуметтілік жауапкершілік, ой — өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды.Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.

12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

  • жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;
  • жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
  • күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;
  • оқытудың сабақтастығы;
  • әрбір оқыту сатысының даралығы.

Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың  еңбектерінде жан-жақты талқыланып келді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған.

Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің  жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады.

12 жылдық орта мектеп оқушысы  нарықтық қатынастар  мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра  білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға  пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.

Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында, әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған.

Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте, ішкі икемділігі мен түрлі  мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге  ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек.

Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті — әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.

12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары  жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.

Өзін- өзі дамыту барлық оқушылар үшін аса маңызды оқыту мақсаты болып табылады. Бұл негізгі құзіреттілік мектепте, өмірде, жұмыста табысқа жетудің өлшемі. Өз тапсырмаларын табысты орындау үшін қажет стратегияларды таңдау, қандай жолмен оқудың тиімділігін оқушылар түсінуі  қажет. Өзін-өзі дамытуға бағытталған іскерлік оқушыларға өз тапсырмаларын өзбетінше, ерекше қызығушылықпен орындауға және өз әлеуетін толық дерлік жүзеге асыруға көмектеседі.

Оқушылардың өзі-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруда сабақтың және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жеке, ұжымдық жұмыстар, пәндік апталықтар мен ғылыми- шығармашылық жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстар  оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру керек. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі  шығармашылық кештер, мұржайларға саяхат, т.б. оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Оқушының субъект ретінде дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік болып табылады Күнделікті сабақта оқушы үнемі термин сөздермен, негізгі ұғымдарды ажырата білу,  логикалық ойларды түйіндеу,әр түрлі тәсілдермен  алгоритмдер құру және құрылымын ажырата алуы, программалар жазумен, компьютерде жұмыс жүргізу, пәнаралық байланыс жасау, өз ойын жүйелеу, түзету жұмыстарын жүргізу, себеп-салдарына байланысты анықтауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, анализ бен синтез біліктерін игеруге тиісті. Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Г.И. Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі, оның белгілі бір жағдайларға байланысты « жеке тұлғаның іс- әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады.

Шығармашылықпен зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізу оқушы бойына іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға  дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда және болашақта да білім қажеттілігі  адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.