Талап ресурстық орталық жағдайында оқу жоспарының ерекшеліктері

117

Талап ресурстық орталық жағдайында оқу жоспарының ерекшеліктері

 

Қазақстандағы білім берудің негізгі мақсаты – мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайының қазіргі заман талаптары мен оның дамуының негізгі бағыттарына сай келетін жаңа сапаға жету болып табылады. Ал экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістердің дамуы білім беру жүйесінің мәнісі мен негізі болатын тұлғаға жаңа талаптар қояды. Сол талаптардың ішінде негізгілері мыналар: талапкерлік, жауапкершілік, өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделушілік, болашақ мамандықты түсінушілікпен таңдау қабілетінің болуы және оған дайын болу.

Бүгінгі күндегі  орта білім берудің негізгі қозғаушы күштері – жалпы білім беретін мектептерде бейінді оқытуды жаппай енгізу, бейінді мектептер мен ресурсты орталықтардың дамуы және 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу болып табылады.Осы үрдіске қалыптасу мақсатында  қазіргі уақытта ауыл мектептерінің алдында тұрған кедергілерді шешуде,          Республикамызда әр түрлі ауылдық мектеп модельдері қолданып жүр. Ауыл мектептерінің алдында тұрған барлық кедергілерді шешу бағытында Қарағанды облыстық білім жетілдіру институты ұсынған, 2008 жылғы білім беру қызметкерлерінің интернет конференциясында мақұлданған 14 инновациялық жобалардың бірі – Ресурстық орталық жобасы бойынша, белгілі бір материалдық-техникалық базасы бар, педагогикалық және қаржылық жағынан тиімді болып табылатын Жезқазған қаласындағы «Талап»  ресурстық орталық 2005 жылдан бері эксперименттік алаңда жұмыс жасауда. 2005-2008 оқу жылдарында ауыл мектептеріндегі  №2 Кеңгір, №6 Теректі, №15 Малшыбай, №12 Қорғанбай магниттік мектептерін білім сапасымен, ақпараттандыру, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету әлі де өзекті мәселе. Сондықтан Ресурстық орталық негізінде ауыл мектептерінің оқушыларын              оқыту — оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескеруге, оқыту деңгейі бойынша оқу материалын ұтымды бөлуге, жеке оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.Сонымен бірге қазір «Жалпыға білім беру» моделінен «әр балаға білім беру» моделіне көшуге негізделген.Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір шешімі ретінде Ресурстық орталық жағдайында базалық пәндер сақталып,әр түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламалары арқылы сонымен бірге бейіндік пәндер мен кіріктірілген курстар оқытудың проблемалығы мен көп деңгейлігіне негізделе отырып,оқушының өзіндік жетілуі және бейімделуіне мүмкіндік тудыратын біртекті оқу жоспары құрылды. Қазақстан мектептері 1990-2005 жылдар арасында оқу процесін бірнеше оқу жоспарлары және білім берудің мемлекеттік стандарттарына негіздеп жүргізді (1990 жылғы 20 сәуірде қабылданған 1990 – 1993 жылдарға арналған оқу жоспарлары, «Жалпы білім беретін күндізгі оқу орындарының 1994/95-1997/98 оқу жылдарына арналған базистік оқу жоспары және оқу жоспарының нұсқалары», 2.003 – 2002 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты), әр оқу орындары өздерінің білім мазмұнын осы құжаттар негізінде анықтады.Өзгеріске түскен оқу жоспарлары әр деңгейдегі мектептердің өздерінің мақсат-міндеттеріне сай білім мазмұнын іріктеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сөзімізді дәлелдей түсу үшін әр жылдардағы жоғары сатының оқу жоспарларының бөліктеріне салыстырмалы талдау жасайық.(сурет 1):

 

 

Сурет 1 – Жоғары сатының оқу жоспарлары бөліктерінің арақатынасы

 

Қазақстанда әр деңгейдегі мектептерде оқытуды бейіндік саралауға оқу жоспарларының осындай ерекшеліктерімен қатар, осы мекемелердің жұмысын ұйымдастыруға арналған типтік Ережелер де үлкен мүмкіндіктер берді. Мәселен, мұндай Ережелер 1996 жылы жасалды, олар 2000 жылы толықтырылып, қайтадан жасалып шықты. Қаламыздағы ауыл мектептері ресурстық орталық жағдайында өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен білім саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға және тиісті үлгідегі оқу орындарының қызметін ұйымдастыру туралы Ережелерге, Қазақстан Республикасының 2.003 – 2002 жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (БМЖМС), ҚР МЖБСБ 2.3.4.01-2010,МББҚБА және ҚД институты оқытушылары даярлап,ұсынған «Ресурстық орталық мектептеріне арналған жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы бейіндік оқыту бойынша оқу пәнінің әдістемелік нұсқаулар жинағы» мен өз Жарғыларына сәйкес жүзеге асырады, осы аталғандар қаламыздың ауыл  мектептері үшін оқытуды бейіндік саралауды іске асырудың құқықтық-нормативтік шарты болып табылды.

Біртекті оқу жоспарын құрудағы мақсатымыздың бірі-барлық оқушыларға өзінің жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім алудың қолайлылығын және таңдаған бағытқа сәйкес пәндерін базалық кеңейтілген және тереңдетілген деңгейлерде оқытылуын қамтамасыз ету,әрі қарай оқу бағытының таңдауы үшін жағдайлар жасау болып табылса, ресурстық орталықта бір сыныпта екі бағытты қатар ұйымдастыру,құрамындағы магниттік мектептерде бала санының шектеулігіне байланысты проблема туындатты.Мысалы: №2 Кеңгір магниттік орта мектебі,№6 Теректі магниттік орта мектебі,№12 Қорғанбай негізгі мектебі- қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды таңдаған.Ал №6 Талап магниттік орта мектебі мен №15 Малшыбай орта мектебі –жаратылыстану-математикалық бағытын таңдаған.Осы проблеманы шешуде ресурстық орталықтың әдістемелік кеңесі оқушылардың қызығушылықтарын, икемділіктерін неғұрлым толық ескеріп,оқытуды саралау мен даралауға мүмкіндік беруге жағдай жасалды.Бағдарлы оқыту барлық 10 сынып оқушылары үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып,жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту емес,ауқымды кең білімдік кеңістікті құруға негізделді. Оқу жоспарын жасау барысында есте ұстайтын қағидаттар бар.  Оның алгоритмі төменде көрсетілген (сурет 3).

 

 

Сурет 2 – Бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмі

 

Жоғарыда көрсетілген бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмінің әр кезеңіне тоқталып өтейік:

1-кезең – мектеп бейінін анықтау. Оны анықтау оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне орай өздерінің және ата-аналарының сұраныстарына және оқу орнының мүмкіндіктеріне байланысты жүреді. Бірінші кезекте нақ оқушының өзінің қызығушылығы қойылады, ал мектеп басшысының және мұғалімдердің міндеті – оны мектеп мүмкіндігімен сәйкестендіру болып табылады. Оқушылардың бейімі мен қабілеті, сұраныстары мен қызығушылықтары бейіналды даярлық барысында түрлі әдістемелер арқылы анықталуы тиіс.

2-кезеңде мектеп тиісті бейіннің мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламаларын ұсынады, әрі ол бағдарламалардың баламалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде алдымен Базистік оқу жоспарына сәйкес міндетті және бейіндік пәндер анықталып, мектеп ұсына алатын білім бағдарламаларының тізбесі жасалады. Ол тізбе оқушылардың қызығушылықтарына орай толықтырылып, бағдарламалардың баламалы болуы ойластырылады. Ұсынылатын бағдарламалар тек бейін бағытына ғана емес, сонымен бірге жалпы дамытуға бағдарланған болуы керек.

Үшінші кезеңде әр оқушы ұсынылған бағдарламалар ішінен өзінің сұранысына жауап беретіндерін таңдап, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Одан кейінгі кезеңде оқушылардың жеке жұмыс жоспарлары сыныптар бойынша оқу жоспарларына біріктіріледі. Тиісінше сыныптардың оқу жоспарынан мектептің жұмыстық оқу жоспары құралады. Осылай еткенде ғана әр оқушының жеке даму траекториясы қамтамасыз етіледі.

Екі бағыттағы оқу пәндері бойынша бейіндік оқыту бағдарламасы берілген пәндердің РО мектептерінің материалдық базасы және оқытушы кадрлардың мүмкіндіктерін ескере отырып қолдануға икемделген бөлімдер арқылы жүзеге асырылады.Оқу жоспарында оқушыларға міндетті білімді оқыту инварианттік бөлім сақталып, мектеп ұсынған элективті курстардың ішінен оқушылардың өз қалауымен,таңдауы бойынша игеретін өзіндік жобалық зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған оқу жоспарының вариативтік бөлігі қамтылды. Оқу жоспарында бастауыш және негізгі сатыларда екі бағытты қамтамасыз ететін курс бағдарламалары жүргізіледі.

Мысалы: Сурет 3.

Оқыту кезеңдері Инвариант бөлімі Қолданбалы және таңдау курстары
І кезең

бастауыш саты

 

Математикалық бағыт

-экономика

1.«Компьютр әліппесі» 2-сынып

2.«Компьютер сауаттылығы»

3-сынып

3. «Қоршаған орта»

4. «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» 4-сынып

ІІ кезең

негізгі саты

Жаратылыстану

бағыт

/география,

биология,химия/

1. «Экология» 5,6,7-сынып

2. «Жезқазған аймағының табиғаты» 8-сынып

3. «Экономика негіздері және қаржы сауатт.» 5-9-сынып

4. «Химия тұрмыста» 9-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту кезеңдері Инвариант бөлімі Қолданбалы және таңдау курстары
І кезең

бастауыш саты

1.филология

-қазақ тілі

-орыс тілі

-шет тілі

2.Қоғамдық білім беру

1. «Көркем жазу» 1-сынып

2. «Тіл дамыту» 2-сынып

 

 

1. «Менің Отаным-Қазақстан»

3-сынып

ІІ кезең

негізгі саты

1.филология

-қазақ тілі

-орыс тілі

-шет тілі

2.Қоғамдық білім беру

1. «Көркем оқу» 5-сынып

2. «Маржан сөз» 6-сынып

3. «Шешендік өнер» 7-сынып

 

1. «Дінтану»

       

 

 

 

 

          Жоғары сатыдағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша

(№2 Кеңгір магниттік орта мектебі,№6 Теректі магниттік орта мектебі,№12 Қорғанбай магниттік негізгі мектебі)

Қолданбалы курс 3 102
— азаматтану 0,5 17
-іскер тіл 0,5 17
-язык реч.общ 0,5 17
-өлкетану 0,5 17
-тарихи деректер 0,5 17
— Ұлттық дүниетаным 0,5 17
Таңдау курстары 3 102
— Қазақ халқының материалдық және рухани байлық

мәдениеті

— Оқушылардың зерттеушілік іс әрекетін ұйымдастыру

— Основы стилистики

-Әлем әдебиеті

1

 

 

1

 

0,5

0,5

34

 

 

34

 

17

17

 

                          

 

 

 

 

Жоғары сатыдағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша

(№6 Талап орта мектебі,№15 Малшыбай магниттік орта мектебі)

 

Қолданбалы курстар 3 102
Математикалық статистиканың  элементтері . 1 34
Қазіргі химиялық технологиялар 1 34
Агрофизика әлемі 1 34
Таңдау курстары 3 102
Оқушылардың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру 0,5 17
Қазахстан геоэкологиясы 0,5 17
Физикалық процестері моделдеудегі компьютерлік технология 0,5 17
Дизаин печатный продукций 0,5 17
Химия және экология 0,5 17
Жоғары математика бастамалары 0,5 17


Нәтижеге бағытталған білім берудің қаншалықты іске асқанын бітірушілердің ұлттық бірыңғай тесті,бейіндік бағыттағы жеке ізденістерімен ғылыми жоба қорғау жұмыстары және өз бейін бағыттары бойынша таңдаған мамандықтарына оқуға түсулерінен байқаймыз.

Соңғы 3 жыл ҰБТ қорытындысы: сурет 4.

қала           мектептер Мектеп бойынша орташа ұпай Мектеп бойынша орташа ұпай Мектеп бойынша орташа ұпай
 Жезқазған қаласы 2007ж 2008ж 2009ж
  Талап ресурстық орталығы №6Талап 54,2 55,4 62,42
    №15Малшыбай 39,3 33,3 68
    №2 Кеңгір 66,2 55,3 70,2

Бұл мәліметте Ресурстық орталық мектептерінің ҰБТ көрсеткіштері ауыл баласының жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктерінің жасалғанын байқаймыз. Қолданбалы, таңдау курстары негізіндегі оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстары мен  ғылыми жобалары қорғалды.Бұл оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларынан білім  нәтижесі ретінде оқу, негізгі, әлеуметтік құзыреттіліктерінің қалыптасуына түрткі болатын еп-дағдыларын көруге болады. Дегенмен, оқушылар өз жобаларын ғылыми негіздеуде, қорытындылауда кеңесші қызметінде бағыт-бағдар беретін мұғалімнің ақпаратына сүйенеді.

Оқушылардың соңғы 3 жылда (магниттік мектептерден)ғылыми жоба жарыстарына қатысу мониторингісі:

Оқу жылы Талап ресурстық орталығында Қалалық ғылыми-практикалық конференциясында Облыстық ғылыми-практикалық конференциясында
І ІІ ІІІ І ІІ ІІІ І ІІ ІІІ
2006-2007 5 5 6 2
2007-2008 3 4 5 2 3 1 1
2008-2009 6 3 4 1 2 2

 

Осы айтылып отырған РО жағдайында бірыңғай оқу жоспары бойынша жұмыс барысында төмендегі нәтижелерге қол жетті.Олар:

  1. Мемлекеттік білім стандартының ауыл мектептерінде сапалы орындалуы;
  2. Пәндерді тереңдете және бейімдеп оқытуға жағдай туғызу,оқушының өз бетімен,ерікті түрде белгілі бір кәсіпті таңдауы;
  3. жобалаушылық әрекет негізінде зерттеушілік,шығармашылық іс-әрекетпен шұғылдану қабылеттерінің дамуы;
  4. әлеуметтік аумақта оқушылардың білімді өздігінен табуы,жаңа танымдық-практикалық міндеттерді осы білім арқылы шеше білулері;
  5. әр түрлі курспен таныса отырып,түрлі көзқарастар жасай алып,таңдау жасауы;

Жоғарыда көрсетілген аспектілер жыл сайынғы кешенді бағдарлама,оқу-тәрбие іс-жоспарының негізгі мазмұнын құратын басты мәселелер болғандықтан адамзат баласы өмір бойы білім алудан жалықпақ емес.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚР –ның 2010 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 2002ж.
  3. ҚР-ның білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
  4. Инновационный образовательный проект Ресурсного центра.

С.С. Контаев.-Караганда,2005г.