Сәндік-қолданбалы өнердің қоғамдағы алатын орны.

82

Сәндік-қолданбалы өнердің қоғамдағы алатын орны.

 

Адамның өмірдегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда өнердің алғашқы түрі сәндік-

қолданбалы өнер айрықша роль атқарады.Өнердің бұл түрі халық тұрмысымен тығыз байланысты.Ұлттық көркем өнердің дамуына көз жіберіп қарасақ,өмірді шынайы бейнелеуде әр халықтың өзіне тән көз қарасы,өз тәсілі бар.Сонымен бірге әр ұлт арасында

көркем өнердің ортақ белгілері де байқалады.

Қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнері барынша дамыған,бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор.Сол себептен ерте заманнан халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу,оны кәдеге жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі практикалық жағынан өте тиімді болмақ.

Сәндік-қолданбалы өнер туындылары белгілі дәрежеде материалдық әлемді түйсіну мәдениетінің қалыптасуына,бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, архитектура секілді түрлерін тереңірек сезінуіне және ұлттық дәстүрге туған халқына,төл табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге игі әсер етеді.Сәндік – қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы,оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы мағлұматын толықтырады. Аталмыш өнер оқушыларға идеялық,адамгершілік,эстетикалық тәрбие берудің басты құралының бірі болғандықтан,оны жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысына пайдалану ісі қазіргі таңда өзекті мәселе болып есептеледі.

Соңғы жылдары педагогика ғылымы психология,эстетика,философиямен тығыз байланыса сәндік – қолданбалы өнер туындыларын оқушылардың дұрыс қабылдап,оны жан-жақтан меңгеруде қажетті мәселелерді зерттеу үстінде.Педагогикалық әдебиетте сәндік – қолданбалы өнерді мектептің оқу-тәрбие жұмысына пайдалану жөнінде біраз тәжірибе жинақталған.Балаларға эстетикалық тәрбие беруде халық өнерін пайдалану жөніндегі істелген шаралардың,сонымен бірге әлі де ғылыми және теоиялық тұрғыда өз шешімін күтіп тұрған қыруар мәселелердің барын айтқан жөн.

Егер живопись,графика,мүсін сияқты өнер түрлері тек көркемдік мағынаға ие болса сәндік өнер шығармалары — әрі көркемдік,әрі тұрмыс қажетіне керекті міндет атқарады. Сондықтан сәндік – қолданбалы өнер туындыларымен оқушыларды таныстыру,бейнелеу өнерінің басқа түрлерінің шығармаларымен таныстыруға қарағанда ерекше жағдайды талап етеді.Сәндік – қолданбалы өнердің қыры мен сырын оқушыларға жеткізу,олардың эстетикалық,көркемдік талғамын қалыптастыру үшін арнайы оқыту әдістері мен тәсілдері қажет.Ұлттық сәндік – қолданбалы өнер туындыларымен танысудың оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі ерекше.Осы тұрғыдан оқушыларды тәрбиелеу жұмысын өмірмен байланыстыра жүргізудің мәні аса зор екендігін сезінуге болады.

Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп,біте қайнап келе жатқан

өте бай қазына.Ол тек қазақ халқының ғана емес,сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары мен ұлы орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатады.Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру,тігу,тоқу,мүсіндеу,құрастыру,бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.Шын мәнінде осы қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй салуды,киім-кешек тігуді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп,оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса,әсем бұйымдар жасап,өмірде сән-салтанат та құра білді.Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өмірімен,сол халықтың қоғамдық тарихымен,күн көріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.Халықтық өнерге тұрмыс-салт жабдықтарымен қатар,күнделікті қажетті жабдықтар да кіреді.Киіз үйдің сүйегін кебеже,сандық,әр алуан ыдыстар т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өз қолдарымен жасап,түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды.

Біздің еліміздің жалпыға білім беретін мектептерінде қазіргі мәдениет деңгейіне сай келетіндей етіп дайындау талап етіледі.