« Сапалы білім – бағдарлы білім беруге жеткізетін сара жол»

166

« Сапалы білім – бағдарлы білім беруге жеткізетін сара жол»

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім берудің тұжырымдамасында 12  жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері пунктінде 9 міндет жазылған, соның 7 пункті негізгі сатыда «Бағдарлы даярлықты енгізу» деп көрсетілген. Осы тұжырымдамада: « Екінші сатының негізгі ерекшелігі психо-педагогикалық диагностикалау және кәсіби бағдар беру негізінде бағдаралды даярлық енгізу».

«Бағдаралды даярлық енгізу  арқылы оқушылар 12 жылдық   мектептің  3- сатысында білім алуға бағдарды  сапалы түрде таңдау жасайды. Бұл орасан зор жұмыс кәсіби бағдар, пәндік, пәнаралық  вариативтік бөлім  курстары  мазмұны мен шаралары арқылы  және мектептің ішкі ресурстары, сонымен қатар басқа  білім  ұйымдары ресурстары арқылы жүзеге асады» деп көрсетілген.

Қазіргі таңда 10-11 сынып оқушылары бағдарлы сыныптарда оқиды, яғни оқу бағдарын таңдай алады. Оқушы өзі үшін маңызды пәндерді кең көлемде оқиды, ал болашақ  мамандығына  аса  қажеттілігі жоқ пәндерді аз көлемде оқиды.

Сондықтан бүгінгі таңдағы 8-9 сыныпта оқу  кезеңі бағдаралды даярлық болып есептелінеді, ол саналы түрде оқу бағдарын таңдауға, яғни алғашқы кәсіби таңдау жасауға мүмкіндік береді. Жоғарғы сатыдағы білім көрсеткіштеріңіз, тіпті болашақ мамандықтарыңыз толықтай осы 8-9 сыныпта таңдауға байланысты.

Бағдарлы оқыту дегеніміз не?

Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептің аға буындағы мамандырылған дайындық жүйесі оқытуды даралауға бағытталған, оқушыларды әлеуметтендіруге және сондай-ақ мектептің жөғары сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бағдарлы оқытудың мақсаты:

Мектеп оқушыларының жеке білім беру траекториясын құру және оны іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

Оқушыларды отбасында әлеуметтендіру, жергілікті және аймақтық социумда қалыптастыру;

Орта және жоғары білімге дайындауға арналған жалпы білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқыту.

Бағдарлау пәндері – бұл жоғарылаған деңгейдегі оқыту бағдарының нақтылы бағытын анықтайтын пәндер.

 

 

Жаратылыстану – математиаклық бағыт оқушылардан дәлдікті, нақтылықты, ғылымилықты талап ететін пән ретінде қарастырар болсақ, міндетті түрде математика, физика, химия, биология пәндері қажет. Біздің заманымыз – электроника заманы, оны қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық пәндерді жақсы меңгеріп, медицина, кибернетика, экономика т.б салалардан биікте болуымыз шарт. Бұл өмір           сұранысын қанағаттандыру болар еді.
  Қоғамдық – гуманитарлық бағыт оқушылардан нәзіктік, адамгершілікті, ақынжандылықты, шешендікті талап ететін болғандықтан, өнер әдебиет, қазақ тілі, тарих сабақтары басты назарда болғаны шарт. Бұл саланы таңдағандар болашақ тілші, әдебиеттанушы, тілмаш, аудармашы, журналист, ақыг лингвист, диктор, логопед т.б мамандық ала алады. Бұл мамандықтардың да өз орны бар.

 

Оқушылардың білім сапасын арттырудың алғы шарты – саналы тәрбие. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам  мен жеке  тұлғаның арақатынасын  қамтамасыз ететін басты жүйе. Біздің  тәуелсіз  елдің  болашақ   ұрпағы   тәрбиеден  ғана  рухани  байлық  алып, тәрбие  нәтижесінде  адам  болып  қалыптасады.  Бүгінгі таңда тиянақты білім беру  жұмысында тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Мұғалім, тәрбиеші мен  мектептің ең қасиетті  міндеті – рухани бай жан-жақты дамыған, жеке дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып қалыптастыру.

Қасиетті білім ордасы – мектеп  табалдырығын аттаған әрбір бала өз талантын, қасиетін ашып, қабілетін шыңдауы керек, оны көре білетін ұстаздың көзі қырағы болуы тиіс. Әр ата-ана мектепке баласын білімді азамат болып өссін, көпшіліктің ортасында өзін ұстай алаиын жігерлі, мәдениетті, жүріс-тұрысы әдемі, ізетті, иманды ізгілікке тәрбиелесін деген үміт-тілекпен береді. Адам баласының кім болып қалыптасуы ұстаз бен тәрбиешіге байланысты екенін ұмытпаған жөн. Әр баланың тәрбиеленіп отырған ортасы, мінез-құлық, жан дүниесі әр алуан. Тәрбиелеу, сабақ беру барысында  жеткіншектеріміздің мектепке, оқуға ынтасын  түсіріп алмай жігерлендіріп, көтермелеп отыру баланың өзіне деген сенімін арттырады.

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай  « Басқадан кем болмау үшін бізге білім керек, күш керек. Білімді болу үшін – оқу керек, бай болу үшін еңбек ету керек, күшті болу үшін – білек керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін ақыл мен сабыр керек». Балаларды  тәрбиелеу мен оқытуда мұғалім мен тәрбиеші бірлесе жұмыс атқарғаны жөн. Қазіргі уақытта Қазақстанда  білім берудің өзіндік  ұлттық үлгісі қалыптасуда. Еліміздің білім беру жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Өркениетті қоғамды құрудағы  мемлекеттің  қалыптасуы  алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлай білуі мен  шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.

Әрбір бала сапалы білім алуға құқылы. Білімнің сапасын арттыру үшін не керек дегенде басты назар оқу мен оқыту үрдісіне аударылады. Яғни сыныптағы мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде оқу материалын қаншалықты жақсы жетістіктерге, оң нәтижелерге жеткізіп, қолдана алатынына көз жеткізу. Балаларға оқуға қолайлы, қауіпсіз жағдай жасап, мықты денсаулықпен қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Білімнің сапалылығын мектеп түлегінің  өмірдегі өз орнын таба білумен анықтай алады, яғни бала ары қарай білімін жалғастырып немесе

 

 

жұмысқа орналаса алатынымен анықталады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған  құрбы-

құрдастарына, олардың күнделікті іс – әрекеттеріне, жүріс-тұрысына, сыртқы көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б қасиеттеріне байланысты.

Жалпы алғанда өмірге қызықтыру мектепте берілетін тәрбиеге, оқыған сабағына, әртүрлі кештерге, сайыс-жарыстарға қатыстырып тартуға,  сондай-ақ әйгілі спортшылар мен өнер иелеріне құштар етіп баулуға, өнегелі адамдарға еліктеп өсуіне де қатысты болмақ. Сондықтан қоғамдық мәдени орын-клуб, кітапханаларға барып рухани сусындауы қажет. Мектепте білім алумен қатар оқушылар әр түрлі  үйірмелерге қатысады, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Бала бұдан белгілі бір нәрсеге ынталы болады. Айталық, біреуі математиканы, екіншісі физиканы, информатиканы, биологияны, тарихты, ал кейбіреулері өнерді, ән айтуды ұнатады, енді бірі басқа бір іс-әрекеттерге ұмтылуы мүмкін. Осындай қызығуды дамыту мұғалім мен тәрбиешінің міндеті. Бұл орайда бірігіп жұмыс істеу жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Бала көбіне мұғалімге, тәрбиешіге сын көзбен қарайды, еліктейді, қызығады, тіпте жек көруі де мүмкін. Қалай болғанда да мұғалім – баланың ерсілігі мен жақсылығы үшін күйінетін адам. Талап қойса, тәртіпке шақырса, бала жақсы  болсын деген ой.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан мұғалімге жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын. Ендеше  елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз, тәрбиеші ұлттың мәдениетті, тарихи мәдени мәліметтерді және ата баба мұраларын тәрбие ісіне іргетас етуі қажет.

Мектеп оқушыларының бүгінгі білімі – ертеңгі капиталы болатындай, ал қазіргі тәрбиесі – қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс. Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы – бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, Абайша айтқанда «көкірек көзін оята тәрбиелеу» ата-анадан басталып, мектепке жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің  ең бастысы.

Өз тәжірбиеме сүйене отырып былай дегім келеді: « Бұлақ көрсең, көзін аш». Сондықтан оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Олар мыналар:  1. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас  тудыру. Мысалы: « Отбасы бақыты ол…», « Жастар – Қазақстан болашағы»  тәлімгермен бірігіп, « Денім сау болсын десең»…

  1. Дөңгелек үстел: « Мен өмірді сүйемін» тәлімгермен бірлесіп, психологпен « Дос және достық», « Адам болам десең»…
  2. Егерде мен ұстаз болсам.. , Егер де мен дәрігер болсам…, Егер де мен мектеп директоры болсам…, Егер де мен әкім болсам… деген сұрақтарға өз ойларын жаздырдым.
  3. Саяхат « Әсемдік әлеміне», « Алтын күз», « Қыс кереметтері» тақырыптарында алған әсерлерін сурет салу, өлең шығару.
  4. Сайыстар «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» атты, « Көңілді старт», « Сынып озаты», «Құқығыңды білесің бе?».
  5. Тақырыпты тәрбие сағаттары «Ұстаз- ұлы есім», « Алдымен сүй ардақта ата-анаңды». Тәрбие сағаттарынның бір кезеңі шығармашылыққа баулу болып табылады. Мысалы жағдаяттарды шешу, мұғалімдерге, ата-аналарға арнау жазу немесе шығарма жазу.
  6. Әртүрлі кездесулер өткізу « Мамандықтың бәрі жақсы», « Қарттарым – асыл қазынам», « Көп балалы аналармен», «Еңбек ардагерлерімен», «Соғыс ардагерлері»
  7. Байқаулар « Парасатты арулар», « Мектеп аруы», « ал кәнеки, жігіттер», « Бұрымды қыз»
  8. Тақырыпты сурет көрмесі
  9. « Сынып дарабозы» т.б.

Адамның басшысы- ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық.  Қанымызға сіңген, жанымызға  ұғымды, ой-санамызға шуақ себетін атадан қалған қасиетті өсиеттерді  «Әз, Наурыз», « Айт қабыл болсын», « Қыз сыны», « Жігітке жеті өнерде аз», « Қыз қылығымен»,  « Қарты бар үйдің, қазынасы бар» дегендей  өнеге сағаттарын айтуға болады.

Себебі, даналықтың бәрі өмірден алынған. Білімді әрі адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру – әр тәрбиешінің басты мақсаттарының бірі.

Ұлттық тәрбие-  ұлағат көзі болса, қазақ халқы баланы жас кезінен көпшіл,  ынтымақшыл, өнегелі адам болуын көздеген баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Ахмет Байтұрсынов  « Балам деген жұртың болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»,- деген.

Біздің қазақ халқы  дәрежесімен емес, дәстүрімен мақтанған. Мәртебесін – төрі деп білген, ізгілікті келінен таныған, татулықты абысынынан таныған, қызын-арға, ұлын- нарға балаған, дархандығы  даласымен өлшенген, өткірлігін қылышқа, намысын найзаға теңеген.

Осындай жұмыстарды өткізгенде бала  ізденушілік, зерттеушілік мүмкіндіктеріне ие болады. Нәтижесінде оқушының білім сапасы дамиды:

  1. Әлемдік ізгілікті көзқарасы мол;
  2. Құқықтық мәдениеті жоғары;
  3. Терең сапалы білімді;
  4. Жоғары деңгейлі мәдениетті;
  5. Денсаулығы мықты жеке тұлға қалыптасады.

Осындай мектептегі  оқушылардың бірі  Мәлік Гүлнара.  Бұл оқушының өнері көп: ән айту, би билеу, мәнерлеп тақпақ оқу, өлең шығару, кештерді, концерттік бағдарламаларды жүргізу қабілеті өте жоғары, көрністерде рөлдерді ойнау, ұйымдастыру қабілеті, ол – сынып басшысы.

Бұл оқушы мектепшілік, сыныптық іс-шараларға белсене қатысып өзін көрсете білді. Пән апталықтарына да қатысты. Апта сайын еліміздегі, облысымыздағы

жаңалықтарымен таныстырып тұрады.  Барлық қоғамдық жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарады. Оқушылардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің алдында беделді.

Осындай оқушылар мектеп мақтанышы, сынып жұлдыздары және тәрбиешінің жемістері.

Қорытынды.

Бүгін  біздер  оқушылардың  білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың барлығы да білімдерін көрсете білді. « Ақыл, қайрат, жүректі бірдей

ұста, сонда толық боласың елден ерен» — деп Абай атамыз жырлағандай, оқушылардың ақылдылығымен , жүректілігімен, қайраттылығымен алға озып, өз білімдерін шыңдағанын көрдік.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салыңдар, — дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта білейік демекпіз!

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: « Еңбегіңмен алған білімің  өзің үшін де, елің үшінде таусылмас  асыл қазына болмақ. Елін, жерін  сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатыныңа сенемін» ,-деп жастарымызға сенім білдіреді. Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін.