Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибем

31

Оқушыларды  Ұлттық  бірыңғай  тестіге   дайындаудың тиімді  жолдары  туралы  іс-тәжірибем

Ж.Тлепиева 

«Есет мектеп-балабақша кешені  » математика  пәнінің  мұғалімі

Жалпы  білім  беретін  мектептердің   түлектерін ҰБТ арқылы  аттестациялау  және  оларды  жоғары  оқу  орындарына  түсуге  дайындау   мектеп  ұжымын   жеке  пән  мұғалімдерін  үлкен  жауапкершілікке міндеттейді және  бұл  жүйе  мектеп  түлектері  , мұғалімдер  және  ата-аналар  арасында   үлкен  беделге ие. Оның  нәтижелері  жастардың «Өмір»-деген  асау  өмір  арнасындағы   өткелдері  іспетті жақсы  нәтижеге  жетіп, сынақта  жоғары   көрсеткіштерге   қол  жеткізу-  олардың  негігі арманы  десек  те  болар. ҰБТ өткізудің  Білім  министрлігі  бекіткен  арнайы ережесі  бар екені  белгілі.  Бұл  жерде төрт  міндетті  пән  , 1  таңдау  пәні  бар.    Бірақ , жоғары     көрсеткіштерге    жету  үшін математика  пәнінің  мұғалімі  ретінде  білім  сапасы  мен  біліктіліктің    есеп  шығара  білу  дағдыларының, іскерлік  қабілеттілігінің    маңызы  зор деп  ойлаймын. Бұл  тұрғыда    математикалық   есептерде   уақытпен  санаса  білу,    есепті  шешудің  тиімді  жолдарын  таңдай  білуге  де   ерекше  мән  беруді  қажет  етеді.

Мысалы:   Теңдеуді  шешіңіз. 

 

а)  1;2  в) -1;   с) 1  ;  д) -2;2  ;   е)  1;  -2. Рационал теңдеулердің ,  бөлшек  бөлімдеріндегі  өрнектер  нөльден  өзгеше  болуы  керек,  демек ,олай  болса   жауап  В немесе А  жауаптарына  келіп  тіреледі. Ал  ол  сандарды  тексеріп, дұрысын  таңдап  алу   еш  қиын  емес.

2) Теңдеуді  шешіңіз. (х2-9) =0 

а)  3 ; в)  3  және -2 с) 3және  2 ;д) 3 және -3 ; 2 ; е)  -3  және  2 иррационал  өрнектер   тек  оң  мәндерде  анықталатыны  белгілі x=3  санында  түбірастындағы    өрнек  теріс  мән  қабылдайды, демек ,    жауап : е

  1. Жацуаптардың  ішінде а)   ( 16;25)     в)   (25 ;  16)     с) (10; 1)

                                                 Д)  ( -25 ; 16)        е)   (-16 ;   25)  т.т

жауаптар  бар  .      Берілген  жауаптар тез  есептеуге  қолайлы  сандар  және  теріс  саннан  квадрат  түбір   табылмайтынын  ескеріп,   демек,  жауап (в)

  1. 5 = x : жауап  арқылы  түбірін  тауып,  уақытты  үнемдейміз.  т. т  басқа  тақырыптарға  берілген   тапсырмаларды  қарастыруға  болады.

Тест  тапсырмалардың   мазмұн  бойынша  жіктелуі   сарапшылар  мен  әзірлемешілерден  құрылған   шығармашылық  топтардың  әзірлеп, ҰТО-ның  бекітуімен  тақырып  тақырыпшалар  түрінде  ұсынылады.Тест   тапсырмалардың  қиындығы  3  деңгейде  беріледі. Бұның  барлығы   мемлекеттік  стандарт  негізінде еленіп- екшеліп,  орта мектеп  бағдарламсына  сай жасақталған . Алғашқы  уақытта  тест  тапсырмасының  құрылымы,  берілуі , жауаптары  жөнінде көптеген  пікірлер  айтылды. Жылма-жылғы  тест  қорытындысы  бойынша  сараптама  жасалып, жүйеленді  десек  те  болады.   Тест  технологиясы  енгізілгелі  бірнеше  жыл   оқушыларды ҰБТ-ге дайындадым. Олардың  ішінде  жақсы  ұпай  жинағандары ,  орташа   деңгейде  ғана   ұпай  жинағандары  да  болды. Осы  орайда, өзімнің жүргізген  жұмыстарым  туралы  айтсам:  Алдымен   дайындық   жоспары  құрылды. Сыныпта   математикаға  өте  төмен,  орташа, жақсы,  өте  жақсы   оқушылар  болды . Бірдей  уақытта  барлығын  түгелдей  қамту,олармен  толққанды  жұмыс  жүргізу  мүмкін  емес. Сол  себепті,  сыныптағы  оқушыларды  деңгейіне   қарай  топқа  бөліп,  топпен   жоспарлы  жұмыс  жүргіздім және  әрбір  жұмысымның  нәтижесін  көру  үшін  арасында   тақырыптық  тест  алып,   жіберетін  қателіктеріне  көңіл  аударып, талдау  жасап,  себептеріне   тоқталдым.    Қателіктер  не  себептен  болатыны  және  тест  сұрақтарына    жауап  берген   оқушы  жауаптарының   ішіндегі  ең   көп  таралғандары, ол  оқушының:

1: Теоремалар  мен  ережелерді  біле   тұрып , оларды  нақты  жағдайда  дұрыс  қолдана  алмауы;

2: олардың  есептің  тез  шығару  жолдарын, тиімді  тәсілдерін  дұрыс  білмеуі;

3: тапсырманың  берілген  жауаптарына  дұрыс  көңіл  бөлмеуі;

4: кеңістікке байланысты  тапсырмаларды  орындауда қажетті  формулаларды  қолдана  алмау ,  денелерді елестете  алмауы

5: қоспалардың  құрамын  анықтау,  бірлесіп  атқаратын  жұмыстар, қозғалысқа  байланысты  есептерге  жете  мән  бермеуі;

6: тригонометриялық  теңдеу және  теңсіздіктерді   шешуде  жиі қателесетіні.

7: күрделі  функцияның  алғашқы  функциясын  табуда ұзақ ойланатыны болды. Алғашқы  тест  жұмыстарын  тексеріп –саралап, жоғарыда жіберілген  қателіктерді  анықтағанннан  кейін   , жоспарлы  түрде   қатемен  топтық   жұмыс  жүргізілді.  Жүргізілген  тест  жұмысына  анализ  жасалып ,  жинаған  ұпайларының  мониторингісі  жасалды. Топқа  бөліп  дайындау  нәтижесінде   олардың  ұпайының аз да  болса   өскені  байқалды.  Дайындық  барысында  уақытпен  санасуға  болмайды.Тест  жұмысының  қорытындысы  уқытында  шығарылып,  қатемен  жоспарлы  жұмыс  жүргізілсе , жұмыс  нәтижесін  беретіні  сөзсіз. Бұған   кезінде  жоғары  ұпай  жинап, қазіргі  таңда мемлекеттік  грантпен  жоғары  оқу орындарында  жақсы  оқып   жүрген  оқушыларыммен  жүргізген жұмыстарым дәлел. Әрине,  бұл  тек  математикалық  біліктілігі  мен  икемі  бар оқушылар  үшін  ғана. Жалпы  алғанда,   оқушылардың   математикалық біліктілігі  мен икемі  болмаса, тест  тапсырмаларын  орындағанда  мүмкіндік  деңгейінен  асып, жақсы     нәтижеге  жете  алмайды.  Уақытты  үнемдеу ,  тест  тапсырмаларының  дұрыс  жауабын  табу оқушылардан    көп  ізденушілікті,  еңбектенуді  қажет  етеді.Ол  үшін  пән  мұғалімдері  пәні  бойынша,  психолог  психологиялық  тұрғыдан  дайындаса,   жақсы  нәтиже  көрсетуге  болады  деген  ойдамын. Дайындаған  шәкіртің  жоғары  ұпай  жинаса, еңбегіңнің   жемісі.

Жалпы  айтқанда, математика пәні бойынша  оқушыларды  ҰБТ-ге,

дайындау  өте  қиынға  соғады,  бірақ  сол  қиыншылықтарға  қарамастан  ізденіп,  талмай  жұмыс  жасау  керек  деп  ойлаймын.

 

Маңғыстау  облысы,       Бейнеу  ауданы                 2014 жыл